A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бизнес үшін несие немесе жеке балабақша ашудың тиімді жолдары

Көпбалалы және жалғызбасты аналарға қалай бизнесвумен атануға болады

Журналистика, мейрамхана бизнесі, енді міне мектепке дейінгі білім беру саласы. Өзі жас ана, өзі бизнесвумен Әсел Рахымжанова өз тауашасын табу жолында қиындықтың бұралаң соқпағымен жүріп өтті.

Оның соңғы бастамасы - Екібастұз қаласындағы арнайы миссиямен ашылған балабақша болды.

– Бізде бір жас екі айдан бастап үш жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленеді. Мұндай жастағы нәрестелерді мемлекеттік балабақшалар қабылдамайды, ал адамдар жұмыс істеуі керек. Оның үстіне, мен тұратын елді мекенде тек бір ғана мемлекеттік балабақша бар, ал оған баласын орналастыру үшін ата-аналар  ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр, – деп Әсел бизнестің бұл түрін ашуының себебін түсіндірді.

Біздің кейіпкеріміз сияқты тапқыр кәсіпкерлер үшін арнайы «Еңбек» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама өз бизнесін дамытамын деушілерге тиімді несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба барысында қажетті құжаттарды дайындауға да көмек көрсетіледі.

– Бірде аталмыш бағдарлама жөнінде құлағым шалып қалған соң бұл жөнінде кеңес алып, бағымды сынап көруді ұйғардым. Неге десеңіз, кәсіпкерлер үшін бұл несиені банктердегідей емес, төмен пайыздық мөлшерлемемен төлеуге болады екен, – деп атап өтті бизнесвумен.

Несие бойынша қарыздың мақсаты бизнесті іске асыру үшін кәсіпкерлердің қажетті материалдарды сатып алуы болып табылады.  Әсел Рахымжанова да «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 7 млн. теңге көлемінде несие алды.

– Балабақша ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастап кетті. Ресми түрде ашылмас бұрын, мен үй-жайды баларға қажетті жиһазбен жабдықтап, төсек-орын мен ойыншықтар сатып алдым. Бұл әрекетім несие қаржысының көмегімен жүзеге асты, - деп нақтылады кәсіпкер.

Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасымен 505 мың теңгеге дейінгі мөлшерде грант алу мүмкіндігі беріледі. Мұндай грантқа «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша немесе мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқудан өткен азаматтар үміткер бола алады.

– Өз ісін жаңадан ашып жатқан кәсіпкерлерге ә дегеннен несие шықпаса да, тауы шағылмауы керек екенін айтқым келеді. Мен грант алу конкурсына екі рет қатысып, екеуінде де мүмкіндігімді жіберіп алдым. Сонда да салым суға кеткен жоқ. Бағымды тағы бір мәрте сынап көрдім, тырыстым, нәтижесінде тиімді несие алу мүмкіндігіне ие болдым, – деп Әсел көп кезеңді, қиындығы мен қызығы қатар жүретін жеке кәсібін ашудың тарихымен бөлісті.

Бүгінгі таңда жобалық қуаттылығы 50 балаға арналған «Сәби city» балабақшасы Екібастұз тұрғындарының арасында зор сұранысқа ие. Кәсіпкер келешекте табыс көзіне айналған, ең бастысы, қала тұрғындары үшін пайдалы да тиімді істің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

20 тамыз, 2019 - 20:26 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші