A A A
Мазмұнына өту

You are here

мемлекеттік қызметшіден өтініш

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-нің персоналды басқару жөніндегі бас маманы Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлынан.

Мен Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлы 2018 жылы оқуды аяқтаған жас маман ретінде 2019 жылдың 6 мамырында конкурстың оң нәтижесімен 2018 жылдан 2020 жылғы 15 мамырына дейін бала күтімі бойынша демалысқа кеткен персоналды басқару жөніндегі бас маман Ақатаева Айзада атты азаматшаның орнына уақытша орналасқанмын. Аталған азаматша мен жұмыс істеп жатқан 3 айда бала күтімі демалысынан жұмысқа шығуға өтініш білдірді. Қазіргі уақытта Департаментте №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жетекші маманның бос ваканттық орны бар. Департамент тарапынан 2 рет бос орынға жалпы конкурс өткіздік нәтижесінде ниет білдірген кандидаттар болмады. Мен бос тұрған жетекші маманның орынына жалпы конкурсты жариялап конкурсқа қатыспақшымын. Бірақ басшы тарапынан  жетекші маманды бас маманға ауыстыру туралы тамыз айында Комитетке хат жолдаған болатын. Сол себепті басшы жетекші маман бас маманға өзгереді ме деп конкурсты жариялауға мүмкіндік бермей отыр. 26 тамыз күні аталған азаматша Ақатаева жұмысқа шығады. Мен жас маман ретінде жұмыссыз қаламын. Сол себепті  құрметті Біржан Бидайбекұлы өтінішімді аяқсыз қалдырмауыңызды сұраймын.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 362855
23 тамыз, 2019 - 12:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші