A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығына өзгеріс

енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы _________ № ____ бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

Бұйрық жобасы Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін жетілдіру мақсатында «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысы бар.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншіктік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

Бұл нормативтік акт мемлекеттік шығындардың ұлғаюын немесе республикалық немесе жергілікті бюджеттердің кірістерінің азаюын көздемейді.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 188 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 17073 болып тіркелген) (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2019 жылғы 3 шілдедегі № 354 бұйрығы).

 

 

Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту

 және жоспарлау департаменті

28 тамыз, 2019 - 19:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші