A A A
Мазмұнына өту

You are here

«мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер бойынша

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма!

Сіздерден келесідей мән-жай бойынша түсіндірме берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңызға алдын-ала алғыс білдіремін.

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығы негізінде аудандық жергілікті атқарушы органның салалық құрылымдық бөлімінде (бөлімнің ұйымдық-құқықтық нысаны коммуналдық мемлекеттік мекеме) жұмыскерлер штаты санының нормативтері бекітіліп, ол штаттағы жұмыскерлер (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды) ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шарты негізінде тұрақты түрде жұмыс істеуде. Бұл штат лауазымындағы жұмыскерлерге еңбекақы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес мекеме қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы мен функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттер бойынша есептеліп, төленеді және біліктілік сипаттамалары анықталады. Айлық жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Жұмыскерлер коммуналдық мемлекеттік мекеменің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында жұмыс жасайды, біліктілігі жоғарғы деңгейдегі, арнаулы білімі бар мамандар.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағында мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі деп көзделген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында «азаматтық қызметші» – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам екені белгіленген.

            Оның үстіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын Азаматтық қызметшілер тізілімінің функционалдық блоктарына  және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарының» 15-тармағында «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес қызметі кәсіптік даярлықты және арнайы білімдерді талап ететін білікті жұмысшылар азаматтық  қызметшілерге жатады» деп белгіленген.

Сонымен қатар, осы Министрлік сайтында «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге қатысты» азаматтарға берілген жауаптардың бірінде «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген. Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады. Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген» деп келтірілген. Осы мәтін бойынша нақты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сілтеме берсеңіздер деп сұранамын. Себебі, ҚР Еңбек Кодексінде де, «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығында да «штаттан тыс» деген ұғым белгіленбеген. Өз кезегінде, сөздіктерде «штаттан тыс жұмыскер» ұғымы «ұйымның тұрақты штаттық құрамына есепке алынбай, кәсіпорын, мекеме үшін әдеттегідей, бір жолғы жұмысты орындайтын тұлға» ретінде айқындайды. Демек, кез келген қызметкермен еңбек шарты жасалса, сол жұмыскерге еңбек заңнамасымен көзделген барлық кепілдіктер мен құқықтар  қолданылуы  тиіс емес па?  Ал, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 Қаулысының 1-қосымшасының соңғы абзацына сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың штат саны – «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды»,-деп белгіленген, яғни құқықтық акті азаматтық қызметшілердің де техникалық қызмет көрсететін жұмыскерлердің де мүдделеріне байланысты емес екені байқалады.

         Сондықтан, Сіздерден жоғарыда айтылғандардан туындайтын төмендегідей сұрақтарға түсіндірмені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сілтеме жасай отырып берулеріңізді сұранамын: 

1. Жоғарыда аталған мекемедегі мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерге ҚР-ның 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 10-тармағындағы құқық қолданылуы керек па? Егер қолданылса жұмыскерлердің құқықты пайдалану үшін не істеуі керек? Неден бастауы керек? Қайда жүгінуі қажет?

2. Жергілікті атқарушы органдағы мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлердің аудандық жергілікті атқарушы орган тарапынан танылмаған мәртебесін "азаматтық қызметші" ретінде қайта айқындау тәртібі (процесі) қалай жүзеге асырылады, қандай нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып іске асады, жұмыскерлер мәртебесін «азаматтық қызметші» ретінде анықтау немесе тану қай деңгейдегі жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің немесе мекеменің бастамасымен жүзеге асырылады?

 

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363306
10 қыркүйек, 2019 - 11:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші