check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Еңбекминнің сайтында «Виртуалды консультант» қызметі іске қосылды

Еңбекминнің сайтында «Виртуалды консультант» қызметі іске қосылды

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу туралы сұрақтарға жауап алғысы келетін қазақстандықтар үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) «Виртуалды консультант» атты жаңа сервис іске қосылды.

Онлайн режимінде консультация алу үшін enbek.gov.kz веб-сайтына кіру жеткілікті, мұнда төменгі оң жақ бұрышта консультанттың белгішесі көрінеді, оны басқан кезде сіз ҚР Еңбекминнің қызметтері туралы кеңінен таралған сұрақтарға жауап ала аласыз.

Мысалы, мәзірден «жұмыспен қамту» бөлімін таңдап, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу және басқа да қызметтер бойынша консультация алуға болады. Осыған ұқсас консультант электрондық еңбек биржасының сайтында және @enbek_bot мекенжайы бойынша Telegram-да қолжетімді.

Бұл қызметті әзірлеу үшін сұрақтарды нейрондық желілер арқылы қарапайым тілде алуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы талдау технологиясы қолданылды.

17 қыркүйек, 2019 - 17:14 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші