check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жас маман "Қызыл диплом" иегері жұмыссыз.

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Жас маман "Қызыл диплом" иегері жұмыссыз. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Бастапқы әскери дайындық мұғалімі" мамандығы бойынша биыл, яғни 2019 жылы қызыл дипломмен аяқтады. Атырау қаласындағы мектепке жолдама бойынша барып жұмысқа қабылданды. Жұмысқа қабылдаушы білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен бекітілген
Бастапқы әскери дайындық қағидаларының 11 бөлімінің 8 тармағына  сай "жергілікті әскери басқару органдарының келісу бойынша бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушылар лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады" жергілікті әскери басқару орнына келісу бойынша жібереді. Бірақ жергілікті әскери басқару орны әскер қатарында болмағансың, жұмыс жасай алмайсың деген шешім шығарып отыр. 

      Бұл ретте бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушыларды лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады; 

Сонда жоғары білімді мамандық иесі жас маман қашан әскерге шақырылып, барып келгенше жұмыссыз жүру керек пе? Кім жауап береді? Қандай заңдылыққа сай жергілікті әскери басқару орны шешім қабылдап отыр? Президенттің жолдауларында айтылған жастар жылы деп жарияланған жұмыстары, жастарға қолдау көрсетеміз деген сөздері қайда?

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363573
18 қыркүйек, 2019 - 11:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші