check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Менің отбасым кедейліктен шықты – БҚО-ның АӘК алушысы

получатели АСП открывают свое дело

Атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) алып, әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Мерей ауылының тұрғыны өз отбасын кедейшіліктен шығарып қана қоймай, жеке қосалқы шаруашылығын (бұдан әрі – ЖҚШ) да дамыта білді.

Мерей ауылының тұрғыны Байырбек Айтбаев жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы бағдарламаны алғаш рет теледидардан көріп, білді. Біраз уақыттан кейін ауылға АӘК жаңа форматын түсіндіру үшін жұмыс тобы келді, сонда ол жеткілікті ақпарат алды.

Айтбаевтар отбасында мектеп жасындағы үш бала бар. Әлеуметтік көмекке өтініш білдіргенге дейін Байырбек кездейсоқ жұмыстар істеп күн көрді. Ақша мүлде жетпейтін еді.

«2019 жылғы 15 сәуірде Байырбек Талапұлы Айтбаев атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берді. Біздің маманымыз АӘК алу тәртібін түсіндіріп берді. Содан кейін, заңнамаға сәйкес, Айтбаевтың өтініші қаралып, оған 767 мың 916 теңге мөлшерінде шартты ақшалай көмек тағайындалды», – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Қайырғали Надырғалиев.

Әлеуметтік келісім шарт міндеттемелерін орындау кезінде бұл азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, Мерей ауылдық округінің мәдениет үйіне күзетші болып уақытша жұмысқа орналасты.

«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мені жұмыссыз ретінде тіркеп, «Орал Оқу орталығы» ЖШС қысқа мерзімді оқу курстарына жылу қазандығының операторы оқуына жіберді, тіпті стипендия да тағайындады. Облыс орталығы біздің ауылдан 75 шақырым жерде орналасқан, бірақ мен бұл қиындықтардан қорықпаймын, өйткені курс аяқталғаннан кейін менің тұрақты жұмыс орным болады. Өмірде қиын жағдайға тап болған ауылдастарым менен АӘК алу мүмкіндігі туралы сұрайды. Мен өз тәжірибеммен бөлісемін, себебі қазір менің отбасым кедейліктен шықты», – дейді Байырбек Айтбаев.

Байырбек бір жолғы шартты ақшалай көмекті ұсақ мал мен олардың жем-шөбін сатып алуға жұмсады. Қазіргі уақытта ер азамат жеке қосалқы шаруашылығын дамытуда.

«Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға өмір сүру жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді, алушылардың көбі мемлекет есебінен қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтеді, біз оларды жұмысқа орналасуға, жеке ісін ашуға немесе ЖҚШ-ны дамытуға көмектесеміз. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасылар үшін өмірлік қиын жағдайдан шығу тәсілдерінің бірі болып табылады», – деп қорытындылады Надырғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК 2 млн. 87 мың 400 адам (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн. 302 мың 500 бала (олардың үлесі барлық алушылардың 62,4%-ын құрайды) тағайындалды. Алушылар құрамындағы көп балалы отбасылар шамамен 40%-ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн. 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың ең көбі елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушылардың 67%-дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында-31 мың 700 отбасы.

2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд. 500 млн. теңге көзделген, оның ішінде 186 млрд. 100 млн. теңге республикалық бюджеттен және 18 млрд. 400 млн. теңге жергілікті бюджеттен. 144 млрд. 300 млн. теңге төленді.

18 қыркүйек, 2019 - 12:57 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші