check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

тағайындау

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. 

Түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «XXI ғасыр көшбасшысы» жастар орталығы» РҚБ, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi» АҚ еңбек еткен.

2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары.  

2011-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.  

2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен. 

Бұған дейін аталған лауазымды атқарған Светлана Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды. 

26 қыркүйек, 2019 - 18:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші