check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау»;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау»;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау»;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу»;

26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»;

27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»;

28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру»;

29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау»;

30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту»;

31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі»;

32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»;

33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау»;

34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру»;

35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру»;

36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрі – Қор), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) Қор;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға, Қорға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 минут;

2) жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық кезек» тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауымен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) Қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау Қорға өзі жүгіну жолымен жүзеге асырылады;

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның, Қордың қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның немесе Қордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Мемлекеттік корпорация немесе Қор басшысының атына шағым беру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияның немесе Қордың кеңсесіне қолмен не поштамен түскен шағымның қабылдануы оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Мемлекеттік корпорацияның немесе Қордың атына түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап қызмет алушыға пошта байланысы арқыл жіберіледі не Мемлекеттік корпорацияның немесе Қордың кеңсесіне қолмен беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарауға жатады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;

3) Қордың www.gffs.kz интернет-ресурсында орналастырылған.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.»;

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты алып тасталсын;

«Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

«3. Мемлекеттік қызметті Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде.»;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prikaz_kaz.doc145 KB
4 қазан, 2019 - 16:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші