check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

әлеуметтік көмек туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумалейкум құрметті министр мырза. Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғыны Б. Жанибековтен. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес маған бір жылға 1002984 тенге шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Осы тағайындалған қаржының екінші тоқсанда 250746 теңге төленген болатын. Қаржыны келісім шартта көрсетілгендей заң аясында мен отбасым үшін және отбасымды асырауға пайдаланғанмын. ҚР денсаулық сақтау министрінің 2019 жылығы 1 сәуіріндегі атаулы әлеуметтік көмекті қайта санау тәртібі бойынша Түркістан облысы Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының 2019 жылғы 1 қазандағы № 817 маған жолданған хатында 2 тоқсанда менің "Күнкөріс деңгейінен яғни 20789 теңгеден асып кетті, 250746 теңгені 10 күн ішінде қайтарасыз. Осы уақыт ішінде қайтарылмаса сотқа өткізіледі"  - делінген. Менің айлық табысым 92 000 теңге, отбасымда алты адам бар. 2019 жылы сәуір айында маған сауықтыру жәрдем ақысы мен кезекті еңбек демалысының жалақысы түскен болатын, сол қаржыны есептеп, менің табысымды жанбасына шаққанда кедейшілік шегінен асып отыр деп, атаулы әлеуметтік көмектен алып тастады. Ал қалған айларда менің жалақымды есепке алмаған. 92 000 жалақыммен отбасымдағы алты адамды асырай алмаймын. Осы мәселені шешіп беруңізді өтінемін.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 364030
7 қазан, 2019 - 19:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші