check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Халықты жұмыспен қамту орталығына жүктелген қосымша міндеттерін анықтау

Сәлеметсіздер. Сайрам аудандық мәслихатының 23.09.2019 жылғы «Сайрам аудандық мәслихатының 24.12.2018 жылғы №35-227/VI «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №45-279/VI шешімімен 1890,0 мың теңге ҚР ІІМ ҚАЖК Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат қаралып, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына құрал-жабдықтарды сатып алып, Пробация үйіне тапсыру Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 07.10.2019 жылғы №8207 хатымен жүктеген. Алайда, ҚР Еңбек кодексі 23 бабының 2 тармағы 10 тармақшасында жұмыс беруші жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз ету міндеттелген.  Орталық Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін бөлімге мәлімдеген болатын, бірақ бөлім мәселені қараусыз қалдырып, өз тарапынан жүктелген тапсырманы орындауға қайта ұсыныс берді. Пробаия үйін құрал-жабдықтармен қамтмамасыз ету мәселе бойынша бөліммен орталық арасында түсініспеушіліктер туындауда, өз тарапыңыздар Заңдылығын анықтап беруіңізді сұранамын. «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы» ҚР Президентінің 08.12.2016 жылғы №387 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №912 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың  2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі  іс-шаралар жоспары бекітілген, бірақ жоспардың іске асыру барысындағы шығыстарға №912 қаулысында көрсетілгендей қаржы талап етілмейді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету аясындағы өкілеттіктерді орындайды. Пробация белгіленетін адамдарды әлеуметтік бейімдеуді және әлеуметтік оңалтуды жергілікті атқарушы органдар, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар қамтамасыз етеді. Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту» қаулысына және ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №912 қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында Сайрам ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп келуде, орталық тарапынан іс-шараны жүзеге асыру өз бағытымен жүргізіп отыр. Жоғары тұрған салалық мекеме тарапынан бұл жұмыстарды назарға алу былай тұрсын, Пробация үйін жабдықтауды жүктеп, қысым көрсетіліп отырғандығын мәлімдеймін. 

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 364243
11 қазан, 2019 - 19:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші