check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Барлығы да кішкентай нәрседен басталады – Қарағанды облысының АӘК алушысы

АӘК

Қарағанды ​​облысы, Осакаров ауданы, Ошаған ауылында тұратын жалғыз басты ана, атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алудың нәтижесінде жеке қосалқы шаруашылығын құрып, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға қол жеткізді.

Татьяна Еськинаның күйеуі бірнеше жыл бұрын өмірден өтіп кеткен, содан бері әйел жеті баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол әрдайым өзінің жеке шаруашылығы болғанын армандайтын, бірақ қаражаттың тапшылығына байланысты үй құсын да алуға мүмкіндігі болмады. Сондықтан, Татьяна АӘК-тен түскен ақшаны үнемдеп, жинауды шешті. Біраз уақыттан кейін, Еськиндердің үйінде үш бұзау, тоғыз қоян және торай пайда болды.

«Енді көршілерден біздің еш айырмашылығымыз жоқ, өз шаруашылығымыз бар. Ең бастысы, балаларым қуанып, бірден үй жануарларына күтім жасай бастады. Енді мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Кім біледі, мүмкін балаларым болашақта фермер де болар. Барлығы да кішкентай нәрседен басталады емес пе», – деп көп балалы ана үміттене айтты.

Еськиндердің табысы кедейлік шегінен төмен болды (жан басына шаққандағы кіріс 8,772 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін отбасы біртіндеп кедейлік шегін еңсеріп, өмірлік қиын жағдайдан шықты.

«Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасылардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, алушылардың көпшілігі мемлекет есебінен қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтеді, кейбіреулері үй жануарларын сатып алып, жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытады. Жалпы, Қарағанды ​​облысында 9 мың 620 отбасы немесе 46 мың 915 адам 3,3 млрд теңге сомасында АӘК алады. Татьяна Еськинаның отбасына ай сайын 145 мың 523 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 746 мың теңгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды», – деп хабарлады облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Әсем Жүнісбекова.

Ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырғанын еске сала кетейік.

«Ең басты принцип ­– мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн. адамға тағайындалды.  АӘК-тің орташа мөлшері бір адамға 6848 теңгеден 16 446 теңгеге, 2,5 есеге дейін өсті. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Биыл АӘК-ке 206,2 млрд теңге көзделген, оның 146,4 млрд теңгесі төленді

15 қазан, 2019 - 14:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші