check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 070000, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32-ші үй, байланыс телефоны: 8 /7232/ 22-62-31, факс: 75-15-33, g.abilmazhinova@enbek.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

          7) ғылыми дәрежесінің болуы;

          8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

126356

170599

 

1. №7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына, С-О-4 санаты, 1 бірлік /жұмыс орны: Семей қаласы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2021 жылғы 05 маусымға дейін /

Функционалдық міндеттері: қарамағындағылардың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және талдау, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларына шағымданушы тұлғаларды қайта куәландыру, еңбекке жарамсыздық деңгейін, мүгедектік топты тағайындау себептерін және құжаттарды даярлаудың, сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерек қорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: жоғары білім денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дәрігерлік емдеу ісі).

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Анықталған нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-не қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы  немесе электронды түрде электрондық пошта мекен-жайына  не  «E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интеграциялық ақпараттық  «Е-қызмет» жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интеграциялық ақпараттық  «Е-қызмет» жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап  3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 070000, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32 үйі,  РММ («Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» немесе g.abilmazhinova@enbek.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е – қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

                                                                Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________

___________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________

____________________________________________________________________________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

7 қараша, 2019 - 18:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші