check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

30.10.07

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Экономиканың нақты секторы. 2007 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 5402 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 4,7% көп. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,2%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 5,3%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде – 3,1%-ға өсті.

2007 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 828,9 млрд. теңгені құрап, 2006 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,1% өсті.

2007 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 1525,4 млн. тоннаны құрап, 2006 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1% өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1319,1 млрд. теңгені құрап, 2006 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 10,5% артты.

2007 жылдың қаңтар-қыркүйегінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 2135,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-қыркүйектегіден 11,9% жоғары.

2007 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада 263957 заңды тұлғалар тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейінгілер - 249272. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар – 182395. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 168696 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 121733.

Сыртқы сауда. 2007 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 50168,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2006 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 31,2% өсті, соның ішінде экспорт – 29376,7 млн. АҚШ доллары (22,9% өсті), импорт – 20791,6 млн. АҚШ доллары (45,2% өсті) болды.

Баға. Тұтыну бағаларының индексі 2007 жылғы қыркүйекте 2006 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 111,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 14,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 7,5%, ақылы қызметтер – 10% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің бағалары 2007 жылғы қыркүйекте 2006 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 11,2% өсті.

Қаржы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі 2007 жылдың 1 қыркүйегіне 1796,6 млрд. теңгені құрады, шығындар – 1674,5 млрд. теңге. 2006 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда табыстар – 14,7%, ал шығындар 17,6% артты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 2007 жылғы тамыздың соңына 7129,9 млрд. теңгені құрады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 78,8%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 44,3% құрады. 2007 жылғы тамыздың соңына банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 3766 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 56,3% көп, халық депозиттері (салымдары) 1437,2 млрд. теңге болды, және тиісінше, 78,4% көп.

Еңбек рыногы. 2007 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны, сараптамалық бағалау бойынша, 597,9 мың адамды, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздық деңгейі 7,1%, соның ішінде жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдар саны ағымдағы жылғы тамыздың соңында 65,5 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы олардың үлесі – 0,8%.

Халықтың табысы. 2007 жылғы тамызда, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 25080 теңгені құрап, 2006 жылғы тамызбен салыстырғанда – 23,3%, нақты ақшалай табысы – 12,7% өсті.

2007 жылғы тамызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 54253 теңгені құрап, 2006 жылғы тамызбен салыстырғанда 28% өсті. Нақты жалақы 17% көбейді.

Төрайымның орынбасары Э. Қонаев
орын. Сарсембина А. тел. (7172)749295

30 қазан, 2007 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші