A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Асхат Қалдыбаевич!
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) енгізілуіне байланысты төрт және одан көп кәмелетке то묬маған балалары бар отбасыларға төле¬нетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалмайды. Алайда аталған жәр¬демақыны алып келе жатқан көпбалалы отбасыларға баласы кәмелеттік жасқа тол¬ғанға дейін немесе оқу орнын біті¬ре¬тін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиыр¬¬ма үш жасқа толғанға дейін) төле¬не¬ді.
Жаңа форматтағы АӘК жөнінде толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуға кеңес береміз.
Ал, қазіргі уақытта халыққа әлеуметтік салада қолдау көрсетуді және үйлестіруді күшейту мемлекет Басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың ең басты бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешу бүгінгі таңда әлеуметтік, тұрғын үй және медициналық қызмет көрсету мәселелерін жақсартуды білдіреді.
Аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен (14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін, күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге) 70 процентке дейін критерийін көтеру қарастырылған. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгілеу жоспарланған.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасылар алатын жәрдемақыны, мүгедек балаларына аналары алатын жәрдемақыны және шәкіртақыны алып тастау қарастырылатын болады. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы 30 процентке арттырылатын болады.
Осы орайда, бүгінгі күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға, соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларды бағытталған әрекетті шаралары әзірленуде.

Саламатсыз ба!  Бізге 2002 ж әкімшілік шешімімен бюджеттік және қызметтік пәтерді  Жаңаөзен әкімшілігі берді. Комиссия шешімі қалдық құнымен жекешелендіруге де шешімін шығарды. Өзім мектепте 23 жыл еңбек өтілім бар, екі балам бар. Бұл үй нольдік қалдық құнымен әкімшілік балансында тұр. Үй 1972 ж (тех.паспорт бойынша)   салынған.  Бізге шешімді 2002 ж берген.

Жауап: 

Құрметті Рабиға Ордабаевна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiру шарттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңымен реттелген.
Осыған орай, көтерілген мәселелер бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке хабарласу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358946
14 наурыз, 2019 - 17:50 өзгертілді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлерге базалық зейнетақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Әрбір зейнеткер жұмыс өтіліне қарай алатындығы кестеде көрсетілген. Соның нәтижесінде 15427 теңгеден 28284 теңгеге дейін өсірілді. Бұл жүйе 3 млнға жуық зейнеткерлердің отбасылық кірісін молайтты. Өте әділ жасалған. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста зейнетке шыққан көпбалалы "Күміс Алқа" және "Алтын Алқа" марапатталған аналарға тек ынтымақты зейнетақы тағайындалып базалық зейнетақы төленбейді. Неге ?

Жауап: 

Құрметті ЕРБУЛАН ИВАНОВИЧ!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңына сәйкес 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл ретте әйелдер үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жиырма жыл еңбек өтілі талап етіледі.
Егер талап етілген еңбек өтілі болмаған жағдайда жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
Ал, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі азаматтарға жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2019 жылдың 1 қаңтарына - 59 жасқа толғанда)
Осыған орай, 53 жаста зейнеткерлікке шыққан азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әйелдерге арналған жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалатын болады.

Сұрақтың нөмірі: 358925
12 наурыз, 2019 - 15:31 өзгертілді

 Сәлеметсіздер ме?   Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы №0319776124 хабарлама бойынша маған 44993 тенге (Қырық төрт мың тоғыз жүз тоқсан үш теңге) 04.11.2018 бастап түсу керек болған, бірақ маған 40000 (қырық мың) көлемінде  ай сайын түсіп келеді. Осы төлем дұрыс дұрыс емесін сіздерден анықтап беруді өтінемін.

Жауап: 

Құрметті Мәлика Бақытжанқызы, сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 26 бабына сәйкес еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Осыған орай, Сізге берілетін әлеуметтік төлемнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке есеп шотыңызға 10% ұстам жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 358882
15 наурыз, 2019 - 18:38 өзгертілді

Саламатсыздарма, мен Қызылорда қаласында орта мектепте информатика кабинетінің зертханашы болып қызмет жасаймын. Жоғары оқу орнын тәмамдағанмын, ақпараттық жүйелер мамандығымен. Мамандығыммен кабинет сай келеді. Сіздерден менің нақты айлық табысымды есептеп беруіңізді сұраймын.

ставка 0,75           стаж 3 жыл 10ай

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен ( бұдан әрі – Қаулы ) реттеледі.
Қаулыға сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне (17 697 теңге) көбейту жолымен айқындалады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі зертханашы лауазымы санатына қарай В3 (В3-1, В3-2, В3-3, В3-4) буынына жатқызылған.
Қосымша ақпарат алу үшін аталған бұйрықтың әзірлеушісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңызға болады.
ҚР Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
Осыған сәйкес, жалақыңыздың есебі бойынша ақпарат алу үшін ұйымның бухгалтериясына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 358791
11 наурыз, 2019 - 16:09 өзгертілді

Саламатсызба! Мен жұмыспен қамту орталығында (қала, облыстық маңызды) референт болып жұмыс атқарамын. Жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі, Орталыққа жұмысқа кірмес бұрын Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында 2008 жылдың 1 маусымнан бастап 2012 жылдың 31 қазанына дейін заңгер ретінде жұмыс атқарған.

Жауап: 

Құрметті Канатбек Каттабекович!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес еңбек өтілі – бұл жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер.
Азаматтық қызметшілер қоспағанда, қандайда бір мамындық бойынша еңбек өтілін есептеу Кодексе реттелмеген.
Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, әлеуметтік қамсыздандыру қазыналық кәсіпорындары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағида) 2-тармағына сәйкес, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда сол мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ, өзінің еңбек қызметі өткен қызмет саласына қарамастан, бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген; әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және денсаулық сақтау саласында әлеуметтік, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді.
Сонымен қатар, Қағиданың 5,6-тармақтарында мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандықтардың ұқсастығын құрамын ұйым басшысы бекітетін ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі біліктілік (аттестациялық) комиссиясы жұмысқа қабылдау кезінде айқындайды.
Біліктілік (аттестациялық) комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың түпнұсқасы кадр қызметіне, хаттаманың көшірмесі бухгалтерияға беріледі делінген.
Сіздің жағдайыңызда, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 20-қосымшасының 4-тармағына сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілін құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
Осыған орай, азаматтық қызметшінің мамындық бойынша еңбек өтілін есептеу арнайы комиссияның құзыретіне кіреді және аталған комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда мекеменін жоғары уәкілетті органына жағым жазып немесе ҚР Еңбек кодексінің 159-160-баптарына сәйкес мекемедегі келісу комиссиясына, ал онда реттелмесе сотқа жүгіну тәртібімен шешуге болатынын хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358665
9 наурыз, 2019 - 12:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Спорт мекетебі директорының еңбек өтілін есептеген жағдайда жаттықтырушы кызметін атқарған уақыты қосылады ма? Қандай нормативтік құжатты негізге аламыз?

Жауап: 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4 тармағы 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар экономиканың тиісті қызмет түрлері ойынша сол салалардағы ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережелерін әзірлеуі және бекітуі тиіс.
Осыған байланысты, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес түсініктеме алу үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358658
27 ақпан, 2019 - 18:10 өзгертілді

Балабақшаларда аспазшылардың біліктіліктері туралы төмендегідей сұрақтар туындап отыр:

Жауап: 

Жұмыстар разряды – жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) басылымдарында болатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары негізінде орындалатын жұмыс мазмұнын біліктілік сипаттамаларында сипатталған тиісті ұқсас жұмыстармен, ал қажет болған жағдайларда жұмыс беруші қосымша әзірлеген жұмыстар үлгілерінің тізбесімен салыстыру (теңестіру) арқылы белгіленетін жұмыстар күрделілігінің деңгейі.
Орындалатын жұмыстардың разрядын айқындау жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар мазмұнының сипатталуына сәйкес олардың күрделілігіне қарай жүргізіледі.
БТБА-ның 51-шығарылымына сәйкес балалар тағамын аспазы 5-разряд беріледі, 6-разрядтағы аспазшыға орта кәсіптік білім талап етіледі.
Бұған қоса, жұмысшылардың кәсіптік даярлығы мен кәсіптік біліміне қойылатын нақты талаптар разрядтар беру кезінде айқындалады. Разрядтар ұйымдардың біліктілік комиссиясымен беріледі.
Егер жұмыскер аспазшының 6 разрядты куәлігін ұсынған кезде, осы мәселені біліктілік комиссияға қарау үшін шығару қажет. Көрсетілген комиссия 5-разрядты балалар тағамын аспазшымен орындайтын жұмыстарды және аспазшымен оқұ кезінде алған білім, іскерлік пен әдеттерді саластыруды жүргізе алады. Оқытылған пәндер куәлікке берілген қосымшада көрсетіледі.

Сұрақтың нөмірі: 358641
12 наурыз, 2019 - 15:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

          2013-2015 жылы бала күтіміне байланысты алған демалысым аяқталып, 1.09.2015 жылдан бастап мектепте  мұғалім болып жұмыс жасаймын. 2017-2018 оқу жылындағы 1.06.2018-26.07.2018 жж. аралығындағы тиісті еңбек демалысын алдым. 26.07.2018-1.10.2018 жж. жұмыс жасап, 1.10.2018 -4.02.2019 дейін (126 күнтізбелік күн) жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалысқа шықтым. Одан кейін 4.02.2019 ж жұмысқа барып, тиісті кезекті еңбек демалысына өтініш бердім. Осыған орай, қояр сауалым тиісті еңбек демалысымның ұзақтығы неше күн?

Жауап: 

Құрметті Жангүл Сабырқызы! ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын жұмыскерге беруге міндетті.
Аталған құқықтар мен міндеттер жұмыкерде жыл сайынғы еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек стажының болуы жағдайында туындайды.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Дегенмен, Кодекс жұмыс берушіге жұмыскерге еңбек демалысын онда жұмыс стажының толық емес болуы жағдайында да беру құқығын көздейді.
Кодекстің 92-б. 1-т. сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірінші және екінші жұмыс жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т.).
Кодекстің 93-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезектілігі жұмыс беруші жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, бекітетін демалыстар кестесімен белгіленеді немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Жоғарыда айтылғанға орай:
- еңбек демалысын беруге қажетті еңбек стажы барлар үшін еңбек демалысы толығымен беріледі, егер жұмыскердің өзі оны бөліп алуды қаламайтын болса;
- егер жұмыскерде еңбек стажы болмаса немесе ол 12 айдан кем болса, жұмыскердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыскерге жыл сайынғы еңбек демалысы аванспен толықтай бнемесе нақты атқарылған жұмысқа бара бар түрде еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін.
Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексінен сәйкес, жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Педагог қызметкерлердің еңбегі ҚР «Білім туралы» Заңымен реттеледі. Аталған Заңның 53-бабына сәйкес орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн!

2015 жылы бакалавр, 2017 жылы магистр дәрежесі бойынша ЖОО орнын бітірдім. Қазіргі таңда, Ғылыми Зерттеу Институтында 2017 жылдың тамыз айынан бастап Инженер- Ғалым хатшы көмекшісі қызметін атқарып келемін. Жалпы Институт зертханасына  2016 жылы қыркүйек айында қабылдандым.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен бірге, аталған Бұйрықтың әзірлеушісі және білім және ғылым саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.
Егер Сіздің ұйымыңыз мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын болып табылмаса, бұл жағдайда Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес анықталады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші