A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Саламатсыздарма
Мен Оңтүстікте турамын Мұғалім болып жұмыс жасаймын жанұямда келіншегім үш бала-шағам бар.

Оңтүстіктен Солтүстікке Бағдарламасы жайлы естіп ел жаңартсам деген ниетім бар ол үшін не жасауым керек ???

Жауап: 

Құрметті Қанат Уәлиханұлы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығының 3-тармағына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тұрақты тіркеуден өткен және шыққан өңірінде өтініш беру сәтінде кемінде бір жыл тұрған қоныс аударушы шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы берген өтініші негізінде жүзеге асырылады деп көрсетілген.
Осыған байланысты Сіз отбасыңызбен бірге Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының бірінде қоныс аударуға өтініш берер алдында кемінде бір жыл тұрақты тікеуде тұрсаңыз, онда Сізге ерікті қоныс аударушы ретінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болуға мүмкіндігіңіз бар.
Ерікті қоныс аударшыларды қабылдаудың өңірлері ҚР Үкіметімен айқындалған, ол өңірлер Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары болып табылады.
Сонымен қатар, Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жағдайда Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет, өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
Жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін заңнамада белгіленген мерзімде Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы Сізді отбасыңызбен бірге қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгендігі немесе одан бас тарту себептері көрсетілген шішімді Сізге тапсырады.
Сондай-ақ Сізді отбасыңызбен бірге қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда Сізге мемлекеттік қолдау шаралары ретінде субсидиялар берілетін болады, олар:
1) көшуге – 35 АЕК мөлшерінде отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге – 15 АЕК-тен – 30 АЕК-ке дейін он екі ай бойы ай сайын беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 362116
30 шілде, 2019 - 18:28 өзгертілді

Түркістан  облысы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Жумакыз Аширхановна Атамкуловаға еңбекақысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығына сәйкес 2-буын 3-саты бойынша есептелген.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- республикалық маңызы бар мемлекеттік мекеме (ММ) және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (МҚК) бас бухгалтері - А2-1;
- облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері - А2-2;
- аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері А2-3 буыны бойынша анықталған.
Осыған орай әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бас есепшіге еңбекақы төлеу басқару жауапкершілігінің деңгейіне қарай А2 буыны бойынша анықталады.
Бұл ретте аталған лауазым мен оның атқаратын функционалдық міндеттері сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес бас бухгалтерге қойылатын біліктілік талаптары: бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық етеді, яғни қарамағында бухгалтерлер болуы талап етіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361933
17 шілде, 2019 - 17:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Сіздерге жазып отқан себебіміз, "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалының қызметкері өтініш білдіріп келді. Ол кісінің айтуынша, аталған мекеменің басшысы жұмысшыларының еткен еңбегін бағаламайтындығын айтып, тіпті түнгі кезекте де жұмыс істететінін айтып шағымданып отыр. Оның үстіне салауатты өмір үшін төленетін ақшаны төлемейтіндігін айтқан. Сонымен қатар, жұмысшыларға, атап айтқанда, дворник, электрик секілді жұмысшыларға ақша төлеу үшін дворниктің дипломын алып келіңдер деп айтып жатыр екен.

Жауап: 

Құрметті Гүлдана Сексенқызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылауды еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталмауына байланысты жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері жоспардан тыс тексерудің негізі болып табылады.
Сіздің өтінішіңіздегі «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан филиалындағы еңбек заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында орын алғанымен, Сіз еңбек қатынасының бір тарабы болып саналмайсыз.
Демек, алдағы уақытта, нақты құқық бұзушылықты көрсете отырып, құқығы бұзылған тұлғалардың атынан сенімхат арқылы Түркістан қ., Кентау тас жолы, №2 ғимарат мекен-жайында орналасқан Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жүгіне алатындығыңызды назарыңызға саламыз.

Сұрақтың нөмірі: 361904
16 шілде, 2019 - 19:21 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе. Менің сұрағым Әлеуметтік көмекке құжатты 28 мамыр 2019 жылы тапсырғанмын. Сол бүгінгі күнге дейін әлі түспеді себебі неде. Екінші сұрағым 11 маусым күні 2019 жылдың хабарламаны совезден сұрап барғанымда айына 48 мыңнан тағайындалып тур, бірақ хабарламаны алу үшін шамалы уақыт керек деп қайтарып жіберді. Енді бүгін хабарламамды (05.07.2019) алдым қолыма. Хабарламада көрсетілген жалпы қаражатты 12 айға бөлсем 42мың келіп тұр ол қалай болғаны. Біз жанұяда 6 адамбыз. Атам 2 топ мүгедектік алады.

Жауап: 

Сіздің өтінішіңізде көтерілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі бойынша сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылатындықтан, Министрлік тарапынан Қызылорда облысы әкімінің аппаратына хат жолданғанын хабарлаймыз.
Аталған сұрақтың нәтижесі бойынша Сізге қосымша әкімшіліктен хабарланатын болады.

Сұрақтың нөмірі: 361857
12 шілде, 2019 - 17:05 өзгертілді

Бір күндік жалақыны қалай есептеуге болады?

Жауап: 

Бір күндік жалақыны есептеу үшін бір айға есептелген жалақы сомасын тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес осы айдағы жұмыс уақытының айлық нормасына (егер Сіз айлық норманы толық атқарсаңыз) бөлу жолымен айқындауға болады.

Сұрақтың нөмірі: 361848
11 шілде, 2019 - 17:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Здравствуйте! Просим дать разъяснение в области оформления документов для пребывания в учреждениях полустационара по оказанию специальных социальных услуг. Вопрос: По какому Приказу оформлять документы для получения специальных социальных услуг детей-инвалидов в организацию полустационарного типа дневного пребывания т.е какие документы должны сдать родители в организацию полустационара ? 1. Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 2.

Жауап: 

Общественные отношения, возникающие в сфере предоставления специальных социальных услуг, для лиц (семей), находящихся в трудной жизненной ситуации урегулированы Законом РК «О специальных социальных услугах в Республике Казахстан» от 29 декабря 2008 года № 114-IV (далее-Закон).
Согласно ст.5 Закона специальные социальные услуги должны соответствовать стандартам оказания специальных социальных услуг.
Перечень и порядок предоставления дополнительного объема специальных социальных услуг, предоставляемых сверх гарантированного объема специальных социальных услуг, утверждаются местными представительными органами областей (города республиканского значения и столицы).
Порядок предоставления специальных социальных услуг несовершеннолетним, находящимся в организации образования с особым режимом содержания, утверждается Правительством Республики Казахстан.
Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 утверждены стандарты государственных услуг в социально-трудовой сфере, в том числе стандарты «Оформление документов на оказание специальных социальных услуг в медико-социальных учреждениях (организациях)» согласно приложению 19 к настоящему приказу и «Оформление документов на оказание специальных социальных услуг в условиях ухода на дому» согласно приложению 20 к настоящему приказу. Данные стандарты регламентируют порядок оформления документов на оказание специальных социальных услуг.
Кроме того, в соответствии с Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 165 утверждены следующие стандарты:
1) Стандарт оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях стационара согласно приложению 1 к настоящему приказу;
2) Стандарт оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях полустационара согласно приложению 2 к настоящему приказу;
3) Стандарт оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях оказания услуг на дому согласно приложению 3 к настоящему приказу;
4) Стандарт оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения в условиях временного пребывания согласно приложению 4 к настоящему приказу.
Стандарты регламентируют объем, требования к условиям и порядку предоставления специальных услуг в организациях стационарного типа государственной и негосударственной форм собственности, предназначенных для круглосуточного постоянного или временного проживания в условиях стационара, определяет порядок деятельности медико-социальных организаций (далее – МСО), условия приема, содержания, выписки (отчисления), временного выбытия и перевода из МСО:
1) детей-инвалидов с психоневрологическими патологиями (далее - дети);
2) детей-инвалидов с нарушениями опорно-двигательного аппарата (далее - дети с нарушениями ОДА);
3) инвалидов старше восемнадцати лет с психоневрологическими заболеваниями (далее - лица старше восемнадцати лет);
4) инвалидов первой и второй групп (далее – инвалиды);
5) лиц не способных к самостоятельному обслуживанию в связи с преклонным возрастом. Указанные выше категории совместно именуются получатели услуг.
При этом перечень документов необходимых для оказания государственной услуги
«Оформление документов на оказание специальных социальных услуг в медико-социальных учреждениях (организациях)» предусмотрен в приложении № 19 к приказу Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279.
За более подробной информацией вы вправе обратиться в управление или отдел занятости и социальных программ по месту проживания.

Сұрақтың нөмірі: 361839
15 шілде, 2019 - 17:42 өзгертілді

Мен Данабай Баян Түркістан облысы Шардара қаласы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарамын. Менің анығын біле алмай жүрген сауалым бар.Қараша айында кезекті аттестациядан өттім. Түркістан облысы білім басқармасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №338 бұйрығына және біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша аттестаттау комиссиясының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №1 шешіміне сәйкес "педагог - зерттеуші" біліктілік санаты берілді.Қаңтар айынан бастап осы жаңа біліктілік санаты бойынша үстемақы қосылды.

Жауап: 

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес «Педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары берілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың:
- «педагог-модератор» - «екінші санатты мұғалім»;
- «педагог-сарапшы» - «бірінші санатты мұғалім»;
- «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» - «жоғары санатты мұғалім» біліктілік лауазымдары сақталады.
Осыған орай «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілген жағдайда Сіздің еңбегіңізге ақы төлеу еңбек өтіліңізді ескере отырып, жоғары санатты мұғалім ретінде В2-1 блогы бойынша жүргізілуі қажет деп есептейміз.
Бұл ретте жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша ресми ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлер жалақысының арттырылуын жүзеге асыру үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметімен 2019 жылғы 21 мамырда № 302 қаулы қабылданды.
Аталған қаулыға сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты еңбек өтілі 25-жылдан жоғары мұғалімнің лауазымдық айлықақысы 5,41 коэффициенті бойынша есептеледі.

Сұрақ тақырыбы: 

Мен Исабеков Асет Икматович, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – «Жүзу жөніндегі нұсқаушы» болып қызмет атқарамын. Менің сұрағым: Менің күнтізбелік еңбек демалысым – 39 күн.    Осы заңды ма?

Жауап: 

Құрметті Асет Икматович!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабы 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының нақты ұзақтығы еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілеріме бекітіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361742
5 шілде, 2019 - 15:12 өзгертілді

Сәлеметсізбе!

Біздің мекемеде ҚР Еңбек Кодексінің 130 бабына сәйкес және де ұжымдық шартқа байланысты, жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы белгіленген.

Осы жұмыскерлеріміздің жұмыс уақыты бес күндік болып саналады. 

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 130-бабына сәйкес жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
Сонымен бірге, Кодекстің 103-бабына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Сондай-ақ Кодекстің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.
Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.
Кодекстің 109, 110 – баптарына сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Осыған орай жұмыскерлерге жүріп-тұру сипаты бар қызметтік сапарға шыққан жағдайда өтемақы белгіленеді, ал мереке және демалыс күндеріндегі, түнгі уақыттағы жұмысы үшін жоғарылатылған мөлшерде ақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 361711
4 шілде, 2019 - 18:15 өзгертілді

Салеметсіздер ме? Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірінде вахтер болып жұмыс жасаймын. 3 жылдан асты. Сұрағым маған отпуск қалай есептеледі екен? Себебі мен ақылы еңібек демалысымның ақшасын дұрыс алып отырған жоқ секілдімін. Және де сауықтыру ақысы (оздоровительная) және 13-айлық (тринадцатая) төленеді ме екен? Және жолдасым да осы мектепте1,0 түнгі күзетші болып 2018 шілде айынан бастап жұмыс атқарады. 2019 жылдың 01 наурыз айынан бастап 0,5 төлемақы мөлшерімен жұмыс атқарып жатыр. Бірақ бізде ол 0,5 төлемақы мөлшері төленбей отыр. Себебі мектепте эконом жок дейді.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 87-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің орташа жалақысы сақтала отырып беріледі.
Бұл ретте, орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне (Сіздің жағдайыңызда, еңбек демалысы кезеңіне) сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
Есеп айырысу кезеңі дегеніміз төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген жағдайда, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.
Осыған орай, еңбек демалысының ақысы есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасы есеп айырысу кезеңінде нақты жұмыс істелген күндер немесе сағаттар санына бөлінеді және оқиға кезеңіне (Сіздің жағдайыңызда, демалыс кезеңіне) сәйкес келетін жұмыс күндері немесе сағаттар санына көбейту жолымен анықталады.
Сондай-ақ, ақпарат ретінде хабарлаймыз. Жоғарыда аталған Қағидаларды қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқан, оған сәйкес еңбек демалысын есептеу үшін орташа жалақы есебі тәртібі мысалдармен түсіндірілген.

Сонымен бірге, Кодекстің 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Сонымен бірге, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА), жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыстары кәсіптік даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар кіреді.
Білікті емес жұмысшылар қол құралдарын пайдаланумен және белгілі бір күш жұмсаумен байланысты қарапайым механикалық жұмыстарды орындайды. Кәсіптердің аталған санатының көбі үшін негізгі жалпы немесе жалпы орта білімінің болуы және жұмыс орнында жеке үйренуі тән.
Әр нақты жағдайда жұмысшыларды білікті немесе біліктілігі жоқ жұмысшылар қатарына жатқызу бойынша шешім тарифтік-біліктілік сипаттамалар негізінде біліктілік комиссиямен қабылданады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес вахтер біліктілігі жоқ жұмысшылар қатарына жатады, тиісінше оларға сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.
Сонымен бірге, Қаулының 6-тармағына сәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілген.

Сондай-ақ, Қаулыға 18-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қызметкердің өзінің лауазымдық айлықақысынан 50 %-ға дейін қосымша ақы белгіленген.
Кодекстің 103-бабына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Осыған байланысты еңбек заңнамасын бұзушылық орын алған жағдайда, жергілікті (жұмыс беруші) жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш жасауыңызға болады.

Сұрақтың нөмірі: 361660
1 шілде, 2019 - 15:12 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші