A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз! Менің 4 балам бар, үлкенім 8 жаста оқушы, екіншім 7 жаста оқушы, үшіншім 3 жаста балабақшаға барады, төртіншім 1,6 ай кәзіргі таңда папасы үйде қарап отыр. Толық отбасым 6 адамнан тұрады: мен, күйеуім және 4 балам. Күйеуімнің білімі орта мектепті ғана бітірген, мен жоғарғы оқу орнын бітіріп кәзіргі уақытта мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс жасаймын. Балам 1 жасқа толғанша бір жасқа дейінгі пособие алып отырдым, бірақ балам 1 жасқа толғаннан кейін пособие төленбегендіктен, маған жұмысқа шығуға тура келді.

Жауап: 

Құрметті Замира!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа жолдаған хатыңызды қарап келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийінен аспайтын адамдарға ғана тағайындалады.
Аталған Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге қатысты атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге шектеу қойылмаған.

Сұрақтың нөмірі: 361591
1 шілде, 2019 - 19:55 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен,Сағи Бекзат Маратбекұлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде – «Еңбек терапиясының нұсқаушысы» болып қызмет атқарамын.

Жауап: 

Құрметті Бекзат Маратбекұлы!

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабы 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының нақты ұзақтығы еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілеріме бекітіледі.

Сұрақтың нөмірі: 361590
29 маусым, 2019 - 13:51 өзгертілді

Мен egovkz сайтындағы "МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨЗ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТАУ" қызметі бойынша анықтағанда "жалданушы жұмыскер" (социальный статус "наемный работник") деп ескі мәлімет берді. Ал мен 2018 жылдың 7 мамыр күнінен жасыма байланысты зейнеткермін. Ол менің egovkz порталындағы жеке кабинетімде де көрсетіліп тұр. Сіздерден әлеуметтік мәртебемді жаңартуды өтінемін.

Жауап: 

Қайырлы күн!
2019 жылғы 26 маусымда электрондық үкімет порталында Сіздің ЖСН бойынша әлеуметтік статусыңыз «жалдамалы жұмыскер» статусынан «әлеуметтік төлем алушы» статусына ауыстырылды. Бұл ретте, «әлеуметтік төлем алушы» әлеуметтік статусына зейнеткерлер жататынын атап өтеміз.

Саламатсыз ба?  Қызылорда  облысы  Арал  ауданы  №64  орта  мектепте  тәлімгермін.  Нақты  тәлімгердің  кезекті  ақылы  демалыс  күнімді  есептеп  бересіз бе?  Нақты  тәлімгер  күні  керек?  Еңбек  ақым  В3 пен  немесе  В2  мен  төлену  керек пе? Нақты  тәлімгерге  сәйкес  айтасыз ба?  Алдын  ала  рахмет.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі тәлімгер санатына қарай В3 блогы бойынша;
- біліктілігі орташа деңгейдегі тәлімгер санатына қарай В4 блогы бойынша анықталған.
Осыған орай, тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу оның біліміне және санатына қарай жоғарыда жазылғанға сәйкес анықталады.

Сонымен бірге «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 53-бабына сәйкес:
- орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн;
- оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.
Бұл ретте педагог қызметкерлері лауазымдарының тізбесі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысымен бекітілген, оған сәйкес педагог қызметкерлер қатарында тәлімгер көрсетілмегенін атап өтеміз.
Осыған орай ҚР Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес Сізбен аталған тәлімгерге (егер азаматтық қызметші болып табылса) ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі деп есептейміз.
Сонымен бірге жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әзірлеушісі, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша ресми ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 361446
27 маусым, 2019 - 17:18 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Мен университетте учебный мастер-технолог болып жұмыс жасаймын. Официально маған айлық жалақы 99000тенге есептейді. бірақ қолыма фактически 65-66 мын аламын. себебі общежитиеге комуслугаға, пенсионныйға, подоходный налог ұстайды. Менің мектеп жасында 2балам бар. Жолдасым дипломы жоқ, жұмыссыз. Центр занятостида жұмыссыз ретінде тіркелген. Енді ол жұмыс тапқанша социальная помощь көрсетуіңізді сұраймын. Жағдайымыз өте төмен.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар.
АӘК алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген.
2019 жылғы 1 сәуірден бастап жаңа форматтағы АӘК жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 70% төмен отбасыларға беріледі.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, АӘК алу құқығын анықтау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінгеніңіз жөн немесе 111 нөміріне ақысыз ақпарат пен кеңес беру орталығына хабарласуға болады.

Сұрақтың нөмірі: 361436
28 маусым, 2019 - 19:50 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз! Менің 4 балам бар, үлкенім 8 жаста оқушы, екіншім 7 жаста оқушы, үшіншім 3 жаста балабақшаға барады, төртіншім 1,6 ай кәзіргі таңда папасы үйде қарап отыр. Толық отбасым 6 адамнан тұрады: мен, күйеуім және 4 балам. Күйеуімнің білімі орта мектепті ғана бітірген, мен жоғарғы оқу орнын бітіріп кәзіргі уақытта мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс жасаймын. Балам 1 жасқа толғанша бір жасқа дейінгі пособие алып отырдым, бірақ балам 1 жасқа толғаннан кейін пособие төленбегендіктен, маған жұмысқа шығуға тура келді.

Жауап: 

Құрметті Замира Жомартовна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Оларға еңбекақы, кәсiпкерлiк, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыстар, оның ішінде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс және өзге де табыстар кіреді (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда аталған жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Бұл ретте Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 361434
22 маусым, 2019 - 17:42 өзгертілді

Саламатсыз ба?  Қызылорда  облысы Арал  ауданында  №64  орта  мектебінде  2006 жылдан  бастап  тәлімгер  қызметін  атқарып  келемін.  2017 жылы сәуір  айында  ІІ санатқа  өттім. Енді кезекті  ақылы  демалыс  күнімді  қалай  аламын, қанша күн екенін  анықтап  бересіздер ме?  Алдын ала  рахмет.

Жауап: 

Құрметті Ерболат Кеулимжаевич!

           

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 53 бабы 1 тармағыңын                     2 тармақшасына сәйкес ақы төленетін жыл сайынғы демалыс орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн беріледі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 93 бабы 1 тармағына сәйкес  жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

Еңбек демалысын беру мәселесінде мынаны ескеру қажет:

-           жұмыс стажы барларға (12 ай нақты жұмыс кезеңі болғанда) еңбек демалысы толық беріледі, егерде оның бөлуін қызметкердің өзі қалағаның және жұмыс берушінің келісімен қоспаған жағдайда;

-           егерде қызметкерде жұмыс стажы болмаған жағдайда, онда қызметкердің арызы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен қызметкерге аванспен еңбек демалысы немесе нақты жұмыс істелген уақыт үшін еңбек демалысының бөлігі берілуі мүмкін.

-           егерде еңбек қатынас тараптардың пікіріне сәйкес демалыс кестесінде басқаша белгіленбесе (бөліктерге бөлу немесе жұмыс істелген уақыт), жұмыс беруші өз еркімен міндеттеме алып бекітілген демалыс кестесі шеңберінде қызметкерге толық еңбек демалысын беруге міндетті.

Осылайша, қызметкердің жоғарғы санатқа өту жағдайы еңбек демалысының ұзақтығына әсерін тигізбейді.

Сұрақтың нөмірі: 361320
13 маусым, 2019 - 18:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ардақ Сүннатаәлиұлы!

Ұйымдарда лауазымдарға орналасу республикада қолданыстағы біліктілік анықтамалары мен сипаттамалары негізінде жүзеге асырылады (ҚР ЕК 101-б. 8-т).
Сондай-ақ, бюджет саласындағы қызметтің қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі қызметкерлерді мамандығы (ұқсас) бойынша ұзақ мерзімде жұмыс істеуін ынталандырады, яғни қызметкердің лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтіліне теңдес өсетіндігін айту жөн.
«Мамандық» ұғымы аталған кәсіп шеңберінде еңбек қызметінің белгілі түрін орындауға қажет арнайы даярлық, жұмыс тәжірибиесі арқылы алынған білім және дағдылар жиынтығын білдіреді. «Ұқсас» деп бір нәрсенің екінші нәрсемен сәйкес келуі, бірдейлігі ұғынылады. Ұқсас болып функционалды міндетінің мазмұны ұқсас лауазымдардағы жұмыс танылуы мүмкін (мысалы, базалық деңгейдегі медициналық білімі және денсаулық сақтау жүйесінде мамандық бойынша еңбек өтілі болған жағдайда).
Бұған қоса, мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу кезінде уәкілетті органдармен әзірленген және бекітілген қағидалары қолданылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Көрсетілген Ережесінің 2-тармағына сәйкес педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.
Бұған қоса кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi (Ережесінің 6-тармағы).
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, оның ішінде еңбек кiтапшасы, жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) және басқа да құжаттар болып табылады (Ережесінің 1-т. 3 абзац).
Нормативтік актілердің (тиісті құрылымдық бөлімшелердің ережесінің, лауазымдық нұсқаулықтардың, еңбек кітапшаларының, білім туралы құжаттың) негізінде мамандық бойынша жұмыс өтiлiн есептеудің әрбір нақты жағдайы бойынша шешімді ұйымының басшысымен бекiтілетін еңбек өтiлiн белгiлеу жөнiндегi ұйымның комиссиясы қабылдайды.
Осыған орай, Сізге ұйымдағы кадр қызметіне немесе «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес қосымша түсініктеме алу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізге қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма. Мен 5 күндік жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда жүктіліктің 25 аптасындамын, сонымен қатар жұмыс орным тұрғын үйімнен 80-85 шақырым қашықтықта, яғни басқа елді мекенде. ҚР Еңбек Кодексінің 70-бабында "Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді" делінген.

Жауап: 

Құрметті Меруерт Жақсылыққызы!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 70-бабы 3 тармағына сәйкес жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

Осылайша, жұмыс беруші жүкті әйелдің жазбаша өтініші бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілеуге міндетті.

 

Сұрақтың нөмірі: 361296
13 маусым, 2019 - 17:58 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне

 

080000 Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі 74/2

үйдің тұрғыны ЖСН  760917402530

Жумадилова Алия Смаиловнадан

тел. 87775079767

Өтініш

Жауап: 

Құрметті Алия Смаиловна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығының 10-тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы, 1-тармағының
13) тармақшасына сәйкес бірге тұратын, бірақ жақын туыстары болып табылмайтын адамдардан басқа бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және бір елді мекеннің шегіндегі тұрғылықты жері бойынша тіркелген отбасының барлық мүшелері отбасының құрамында есепке алынады.
Сонымен бірге, Министрлікпен объективті себептер бойынша басқа елді мекендерде болған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасы мүшелерінің құрамындағы балаларды есепке алу бөлігінде, олар басқа елді мекендерде және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін реттейтін нормаларды бекіту туралы заңнама бойынша шаралар қабылдануда.
Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу сатысында екендігін хабарлаймыз.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші