A A A
Мазмұнына өту

You are here

Жауап берілген сұрақтар

Өтінемін кім 14 зейнет ақы қорын біледі? Үлкен рахмет!
Жауап: 

Сізге 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жайлы мәліметті ұсынамыз: 1. АҚ «ЖЗҚ «ҰларҮміт» 2. АҚ «АЖЗҚ «Сенім» 3. АҚ «АЖЗҚ «Отан» 4. АҚ «Қазақстанның Халық Банкі ЖЗҚ» 5. АҚ «ГРАНТУМ ЖЗҚ» 6. АҚ ЖЗҚ «МЖЗҚ» 7. АҚ «ЖЗҚ «Нефтегаздем» 8. АҚ «ЖЗҚ «Капитал» 9. АҚ ЖЗҚ «Атамекен» 10. АҚ ЖЗҚ «Казахмыс» 11. АҚ «ЖЗҚ «БТА Қазақстан» 12. АҚ «ЖЗҚ «Қорғау» 13. АҚ «Д.А.Қонаев атындағы АЖЗҚ» 14. АҚ «Республика ЖЗҚ»

Сұрақтың нөмірі: 207647
26 қыркүйек, 2007 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Қандай қызмет түрлерін жеке көмекшілер мен ымдау тілінің мамандары көрсете алады?
Жауап: 

Жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары келесі қызмет түрлерін көрсетеді: жеке көмекші – мүгедектің тұратын жерінен бару пунктіне дейін және кері қарай: жұмысқа, оқу орнына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-көпшілік іс-шараларға, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуға, жұмысқа орналасуға, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және оларды іске асыруға, ақпарат алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге, бос уақытын, демалысын өткізуге, тауарлар мен қызметтер сатып алуға байланысты мәселелерді шешу үшін өзге де ұйымдарға барған кезде оған ілесіп жүреді; ымдау тілі мамандары – еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарды орындайды: мүгедек конференцияларға, пікірталастарға және өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысқан уақытта, есту бойынша мүгедек оқуға, жұмысқа орналасуға, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға және оларды іске асыруға, мемлекеттік органдар мен консультация ұйымдарында ақпарат алуға, қажетті құжаттарды ресімдеуге байланысты мәселелерді шешу үшін еститін адамдармен қарым-қатынаста болған кезде ымдау тілінен және ымдау тіліне кәсіби аударма жасайды.

Сұрақтың нөмірі: 207645
23 тамыз, 2007 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен ымдау тілі маманының немесе жеке көмекшінің арасындағы қатынастар қалай жүзеге асырылады?
Жауап: 

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен ымдау тілі маманының немесе жеке көмекшінің арасындағы қатынастар қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрі – шарт) ресімделеді. Шартта ымдау тілінің мамандары мен жеке көмекшілердің қызметтеріне ақы төлеудің шарттары, оның ішінде жол жүру мен өзге де шығыстар, сондай-ақ жұмыс уақытының есебі, мүгедектерге қызмет көрсету нормативтері мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі келісіледі.

Сұрақтың нөмірі: 207644
21 тамыз, 2007 - 00:00 өзгертілді
Менің ауыр халдегі науқас қызым бар, қазіргі уақытта оны күтумен жүрмін, осыған орай жұмыс істеуге мүмкіндігім жоқ, ал қызымның емделуіне ақша қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорында менде біршама зейнетақы қаражатым жиналды. Маған қызымды емдеу үшін осы ақшамды алуға бола ма?
Жауап: 

Зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың негізгі мақсаты –азаматтардың кәрілік шағындағы әлеуметтік қамсыздандыруға деген конституциялық кепілдіктерін іске асыру. Осыған орай, жұмыскердің айлық табысынан ұсталып, азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатын міндетті зейнетақы жарналары – ол кәрілікті қамсыздандыру мақсатында жинақталатын қаражат. Осыған байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың оларды алуға мынадай жағдайларда құқығы бар: ер адамдар 63 толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа толғанда; 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Сонымен қатар, жеке азаматтар санаттарына, атап айтқанда, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, егер олардың мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төлеу көзделеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын зейнетақымен қамсыздандырудан басқа мақсаттарға алуы қолданыстағы зейнетақы заңнамасында көзделмейді.

Сұрақтың нөмірі: 207643
7 тамыз, 2007 - 00:00 өзгертілді
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қай санаттағы азаматтарға тағайындалады?
Жауап: 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, яғни еркектерге 63 жаста, әйелдерге 58 жаста жүзеге асырылады.

Сұрақтың нөмірі: 207637
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
ТМД елдерінен Қазақстан Республикасында тұрақты мекен жайға көшіп келген азаматтарға қай уақыттан бастап зейнетақы төлемі тағайындау және төлеу жүзеге асырылады?
Жауап: 

1992 жылдың 13 наурызында Мәскеуде қол қойылған ТМД қатысушы–мемлекеттердің азаматтарының құқықтарына кепілдік жөніндегі келісімге сәйкес, бұрынғы Одақтың басқа елдеріне көшіп-қонған адамдарға зейнетақы тағайындау және төлеу тұратын елдің заңнамаларына сәйкес жасалады. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауды қарау күні зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдарға берілген және қажетті құжаттар тапсырылған күн болып есептелінеді. Зейнетақы тағайындау үшін керекті тізбе құжаттар «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында анықталған. Сонымен қатар, аудандық (қалалық) МЗТЖО бөлімшелерінің бұрыштамасында қажетті ақпарат көрсетілген.

Сұрақтың нөмірі: 207638
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жеке көмекшілер мен ымдау тілінің мамандары ретінде мүгедектің жақын туысқандары бола ала ма?
Жауап: 

Қолданыстағы заңнамада жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету үшін құқығы бар адамдардың ортасы шектелмеген. Жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары ретінде аталған қызметтерді денсаулық жағдайы бойынша жүзеге асыруға қабілеті бар тұлғалар бола алады, бұл орайда, олардың мүгедекке қатысты туыстық жайы назарға алынбайды.

Сұрақтың нөмірі: 207639
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Қай уақыттан бастап мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар беріледі: мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы берілгеннен кейін бе немесе өтініш берген айдан бастап беріле ме?
Жауап: 

Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар барлық қажетті құжаттары болған кезде өтініш берген айдан бастап беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 207640
11 шілде, 2007 - 00:00 өзгертілді
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден кім босатылады? Мен бұрын әскери қызметті атқарғанмын, еңбек сіңірген жылдарым үшін зейнетақы аламын, қазіргі уақытта жұмысымды азаматтық қызметте жалғастырып жатырмын. Осыған орай, мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналар аударуым тиіс пе?
Жауап: 

Зейнетақы реформасының негіз қалаушы қағидаттарының біріне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барлық жұмыс істейтін азаматтардың міндетті түрде қатысуы жатады. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден Заңның 9-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар, атап айтқанда: ер адамдар 63 жасқа толғанда, ал әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; 3) 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 зейнетақы жарналарын төлеуден мүгедектігі мерзімсіз белгіленген жасқа толғанда босатылады. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2-топтағы мүгедектер босатылады. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-3, 3-1-тармақтары). 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегі, ішкі істер органдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін стажы бар әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ақшалай қаражаттың жиырма проценті мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі енгізіледі. Міндетті зейнетақы жарналарын аударудың дәл осындай тәртібі мемлекеттік қызметке 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін алғаш рет түскен әскери қызметшілер үшін де белгіленеді. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 4- тармақтары). Егер бұрынғы әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы ала отырып, еңбек етуін одан әрі жалғастырса, оларға басқа азаматтарға секілді салықтар және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы заңнама қолданылады. Осылайша, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Заң нормасы зейнетақысы еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалып, жұмысын жалғастырған зейнеткерлерге жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенше жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдерді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Сұрақтың нөмірі: 207623
4 қаңтар, 2007 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші