check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Мүгедектерді оңалту" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме!!!  Мен, Наханова Базаркул 1960 жылы ОҚО туылғанмын,1985 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарып келемін. 2008 жылдан бері 1984 жылы туылған, І топ мүгедегі Ерманова Динараны ата-анасының өмірден өтуіне байланысты өз қамқорлығыма алып келемін. Ерманова Динара туылғаннан ДЦП (аяқ-қолы істемейді, үнемі төсекте) диагнозымен ауырады. Өз еркімен тамақ ішіп, жүріп тұра алмайды. Аудандық "Әлеуметтік оңалту орталығы" әлеуметтік қызметкер жіберіп отыр.

Жауап: 

Сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататындықтан, өтінішіңіз Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (2013 жылдың 17 шілдедегі №12-2-24/2191-И хат) жолданды.

Нәтижесі туралы Сізге хабарлау сұралды.

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитеті сарапшысы Ирахметов Самат 

Сұрақтың нөмірі: 283974
22 шілде, 2013 - 09:34 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсіздер ме! Менің анам1989 жылға дейін КАЗГИДРОМЕТТЕ техник-радиооператор болып жұмыс жасады, сосын мүгедектікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды. Барлық еңбек өтілі 12 жыл 0 ай 8 күн. Осы жылдың желтоқсан айында 58 жасқа толады, сол кезде 12 жыл еңбек өтілі есептеліп, алып жүрген жәрдемақысынан бөлек қандайда-бір қосымша ақша алуға мүмкіндігі бар ма?  Оған зейнетақы қалай тағайындалады? Қандай құжаттар дайындауы керек?

Алдын-ала рахмет.

Жауап: 

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы”  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңының         (бұдан әрі – Заң) 9 - бабына  сәйкес әйелдерге 58 жаста жасына байланысты зейнеткерлікке шығу құқығы көзделген.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін  толық көлемінде тағайындау 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек стажы болған жағдайда қарастырылған.

Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады (негіз: Занның 13-ші бабы).

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек өтіліне бара-бар үлес ретінде есептеу қаралған (негіз: Заңның 9 – бабы  6 - тармағы).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, егер Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшерінен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің сол санаты үшін белгіленген жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілген тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы №819 25 тамыздағы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін,мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, өтiнiшке зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:     

1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлiгiнiң, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң, шетелдiктiң тұруға рұқсатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралман куәлiгiнiң) көшiрмелерi;

2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);

3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы шотының не түзеу мекемесінің арнаулы шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;

4) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергi кезеңдегi қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама;

5) зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамның еңбек стажын растау үшiн, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады: еңбек кiтапшасының көшiрмесi,  егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамасы; бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi; жеке куәлігінің көшірмесі; балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері; неке туралы куәліктің көшірмесі (әйелдерге); дипломның көшірмесі ұсынылады.

Сізге аталған зейнетақы төлемін тағайындалуы туралы толық  мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу орталығына немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

исп: Ергеш Е.      

 

Сұрақ тақырыбы: 

Амансыздарма! сіздерге хат жазып отырган себебім, мен 1-топтын мүгедегімін, жеке колік алып озімді-озім жұмыспен қамтамасыз етпекші болып банктын барлыгын жағалап шықтым, барлық банк несей беруден бас тартты. даму-көмек қорына да бардым олар кепілдік сұрайды. ендіз сіздерден көмек сұрап отырмын несйені қайдан ала-аламын? зейнетақымды алдын-ала алуыма мүмкіндік бар ма? мүгедектерді жұмыспен қамтимыз, болмаса жеке шагын бизнесін ашуга қолдау жасаймыз деп құрылған  бағдарлама жай сөзбе? табалдырықтан-табалдырыққа барып әбден қажыдым, өздерінізден жауапты асыға күтемін.

Жауап: 

Сіз көтеріп отырған сұрақ бойынша осы сайттың "Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері" бөліміне хабарласу қажет екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 278885
3 маусым, 2013 - 14:48 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Cәлеметсіздер ме? Сіздерге менің мынадай сұрағым бар еді: мен 2013жылдың 3 қаңтарында босандым. Бес баланың анасымын.Өзім екі жерде жұмыс істеймін. Еңбек жалақым 120-125 мың теңгедей.Бала1жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы 17мыңның шамасында.  Маган беріліп отырған жәрдемақы мөлшері дұрыс есептелген ба? Оны қалай есептейді? Сізге алдын ала үлкен алғысымды білдіремін.

Жауап: 

Республикалық бюджет есебінен бекітілген мөлшерде төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қарағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер (сонын ішінде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем) алушының ай сайын жүргізілген әлеуметтік аударымдары негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады.

Әлеуметтік жарналар және әлеуметтік төлем жөнінде мәліметтер әр бір алушының жеке ісінде сақталатындығынан, Сіз жеке ісіңіз бойынша қажет еткен ақпаратты аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаметінен алуға құқылысыз.

 

 

 

 

 

 

 

исп. Омирбекова А.Р.

Сұрақтың нөмірі: 278665
3 маусым, 2013 - 10:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен жоғары білімді кәсіби маманмын,үш балам бар,келіншегім бала күтімінде;Қазіргі таңда жұмыссыздар тізіміндемін;Мемлекеттен менің балаларыма немесе маған әлеуметтік көмек беріле ме?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті немесе  ағымдағы жылы бұл 1 731 теңгені құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын:Елдесов А.Т

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 271789
12 наурыз, 2013 - 15:03 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Көпенова Амангүл - Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақта-арал ауданы, Қазыбек би селолық округі, Жамбыл ауылының тұрғынымын. Төрт баланың анасымын. Қорамызда тігерге тұяқ жоқ, жұбайым екеуміз жұмыссыз болсақ та, Қазыбек би селолық округі әкімінің орынбасары Оразов Дәулет Мақанұлы сыртымыздан тон пішіп, бармақ басты, көз қыстымен бізге тиісті заңды әлеуметтік көмекті бермейді. Тамыр-таныстары мен жақын-жуығы бөліп алады. Көзіміз көргеніміз жоқ, бірақ өзгелерден алақанына бірдеңе ұстатқандарға оң көзімен қарайды дегенді естиміз.

Жауап: 

 

Сіздің көтеріп отырған әлеуметтік көмектің тағайындалмауы туралы мәселеңіз жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жататындығын ескере отырып, ықпал жасауларын және нәтижесі туралы ақпаратты Сізге хабарлауды сұрап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне (2013 жылдың 6 наурызындағы №12-2-19/708-И) хат жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұриденова Л

 

 

Сұрақтың нөмірі: 271123
12 наурыз, 2013 - 09:22 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Ауруханада екі ай жатқаннан кейін қайтыс болған үшінші топтағы мүгедек азаматтық қызметкерге (мұғалім) жұмыс орыны, жалақыны қалай төлейді, қандай материалдық  көмек көрсете алады.   

 

Жауап: 

Көтеріп отырған сұрағыңыз бойынша, Сізге "Еңбек төлемақысының әдіснамасы" бөліміне хабарласу қажет.

Сұрақтың нөмірі: 271095
25 ақпан, 2013 - 15:40 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

 

Салематсыздар ма? менің қояйын деген сұрағым мынадай:

1.Егер де қызметкер, отбасында бір өзі қызмет ететінін   және жолдасы мүгедек екенін растайтын анықтама әкелсе  жеке  табыс салығын  ұстамауға болады ма? 

Жауап: 

Көтеріп отырған сұрақтарыңыз бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Салық комитетіне хабарласу қажет.

Сұрақтың нөмірі: 270437
15 ақпан, 2013 - 15:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы аламын алайда жәрдемақы есептейтін бағдарламаның қателігінен артық ақша төленген Осы артық ақшаны кері бюджетке қайтаруға міндеттімін бе егер де міндетті болсам заңның баптарын толығымен көрсетеңіздер

Жауап: 

               Сәлеметсіз бе! Артық төленген әлеуметтік төлемдерге байланысты сұрақ бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі  N 405 Заңының 12 бабының  3-тармақшасына сәйкес әлеуметтік төлем алушы қате төленген сомаларды қайтарып беруге міндетті екенін хабарлаймыз.

             Қате алынған әлеуметтік төлемдерді қайтарып беру тәртібі туралы түсініктемелерді және қажетті деректемелерді алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша ЗТМО-ның бөлімшесіне  жүгінуіңізге болады.

            Орынд.: "ЗТМО" РМҚК

 

Сұрақтың нөмірі: 270325
22 ақпан, 2013 - 14:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Үшінші топтағы мүгедек қызметкер қанша жасынан бастап зейнеткерлікке шығады және уақытынан бұрын шығуына бола ма?

Жауап: 

            ҚР  1997 жылғы 16 маусымдағы №126 «Қазақстан Республикасында мүгедектігіне, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) азаматтарға мүгедектік тобына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы  тағайындалып төленеді.

Ал, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдерге 20 жыл  (еркектерге – 25 жыл) болған  жағдайда (әйелдердің  жасы 58-ге, ал еркектердің жасы – 63 толғанда) көзделген.

Осы зейнеткерлік жасқа толған жағдайда, егер зейнетақы төлемінің мөлшері жәрдемақы мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда зейнетақы мөлшері осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мүгедектік жәрдемақы мөлшеріне жеткізілуі тиіс.

Жеңілдікпен зейнеткерлікке шығу тек 5 және одан да   көп   бала    туып,  оларды  сегіз  жасқа дейін тәрбиелеген аналар ғана (толық стажбен  53 жасқа толғанда) және зейнетақы  алуға құқығы бар екендігін ескертеміз.

Мүгедектікке байланысты жәрдемақынының және зейнетақы төлімінің қатар төлеу қолданыстағы заңнамалармен  көзделмегенің қосымша хабарлаймыз.

 

 

 

 

 

Орын. А.Байсабырова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші