A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздарма!  Солтүстіктегі халық санының төмендеуіне байланысты, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы жайында мәліметтерді қайдан алуға болады?

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Халықтың көші-қон мәселелері» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 322602
24 ақпан, 2015 - 18:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ма!

Мен 2012 жылдан бері 3 жасқа дейінгі  үшінші баламен ақысыз еңбек демалысында отырмын. Енді осы 2015 жылдың қаңтарынан   төртінші балаға еңбекке жарасыздық қағазын жергілікті емханадан алдым. Сұрақ. кейінгі 3 жылда жұмыс істемегендіктен еңбекке жарамсыздық қағазын ГЦВП өткізсем әлеуметтік жәрдем көрсетіледі ма? 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

1. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТжб) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі – науқастық парақ) берілген айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) төленген әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) негізінде есептеледі.

Егер Сіз науқастық парағын алғанға дейінгі 12 ай ішінде жұмысқа шықпасаңыз, онда Сіз үшін жұмыс берушіңіз ӘА аудармайды, сол себептен Сізге ӘТжб тағайындау мүмкіндігі болмайды.

Бірақ Сіз төртінші баланың туылуына орай мемлекеттік бюджеттен бір реттік жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі - ЗТМО) бала туылғаннан кейінгі 12 ай ішінде өтініш білдіре аласыз.

Төртінші баланың туылуына орай мемлекеттік бюджеттен тағайындалатын жәрдемақының мөлшері 52,35 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) немесе 103 758 тенгені құрайды.

2. Заңның 23-2 бабы 1) тармақшасына сәйкес Қордан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Қордан төленетін ӘТбк алуға құқығы бар қатысушыға тағайындалады. ӘТбк алуға құқық баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.

Қордан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) соңғы 24 ай ішінде аударылған ӘА негізінде тағайындалады.

ӘТбк мөлшері бала туылғанға дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі ӘА төленген орташа айлық табыстың 40 % құрайды.

Орташа айлық табыс мөлшері бала туылғанға дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі ӘА төленген ай сайынғы табыстардың қосындысын 24-ке бөлу жолымен анықталады (бұл аралықта әлеуметтік аударымдар бойынша үзілістер болуына қарамастан).

ӘТбк ең төменгі мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс, яғни төртінші баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 8,9 АЕК немесе 17 640 теңгені құрайды.

 

 

орын: С. Баймағамбетова

«Мемлекеттік әлеуметтік скақтандыру қоры» АҚ менеджері

 

Сұрақтың нөмірі: 320767
23 қаңтар, 2015 - 16:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе. Менің төрт балам бар, Алматыдан Астанаға қоныс аудардым. Тұрғылықты мекен жайым Астана қаласында. Үлкен ұлым студент Алматыда оқиды және сол жақта тіркеуде тұр. Қалған балаларым кәмелеттік жасқа жетпегендіктен менімен бірге тіркелген. Астана қаласына қарасты Есіл аудандық әлеуметтік қамту орталығына көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алуға және тегін жол жүру куәлігін алуға құжат тапсырған едім, бірақ студент ұлымның Астанада тіркелмегендігіне байланысты бұларды маған беруден бас тартылды, ұлымның оқу орнынан анықтамасы бар.

Жауап: 

Жауабы:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар (1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365-I ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 4 бабының 10 тармағы).

2001 жылғы 31 қаңтарындағы № 161 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне» сәйкес аталған жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар үшін ұсынылатын құжаттардың бірі - өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерінiң анықтамасы) болып табылады.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» ҚР ІІМ 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 Бұйрығының 2-қосымшасының  14 тармағына сәйкес үш ай мерзiмнен асатын мерзiмге уақытша тұруға, қонаққа, iссапарға, жұмысқа, оқуға, тағылымдамаға, емделуге келген Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша әскери есепке тұрып, бұрынғы жерiнен тiркеуден шығарылмай, жалпыға ортақ тәртiппен уақытша тұратын жерi бойынша бiр жыл мерзiмге дейін тiркеледi.

Осыған орай, Сізге аталған жәрдемақының төленуінен бас тартылған себебі балаңыздың басқа қалаға тіркелуі болса, онда  қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаңызды отбасыларыңыздың тұрғылықты жері (Астана қаласы) бойынша тіркеуді ұсынамыз.

 

 

Орын. Ж. Даулетханова

Сұрақтың нөмірі: 318484
31 желтоқсан, 2014 - 13:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Менің сұрайын дегенім баланың 1 жасқа дейінгі жәрдемақысы жумыссыз анасына 10 000 тенге ма? ал жумысы бар анаға канша беріледі екен?

Жауап: 

Ответ.

 

Республикалық бюджет есебінен жүргізілетін бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына байланысты тағайындалады:

бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш (2014 жылғы жағдайға                       – 10 668 теңге);

екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш (2014 жылғы жағдайға                                – 12 613 теңге);

үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш (2014 жылғы жағдайға                                  – 14 539 теңге);

төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш (2014 жылғы жағдайға – 16 483 теңге).

Жұмыс жасап, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушы болған (яғни, ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген) аналарға әлеуметтік қатер туындаған жағдайда (бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтiк төлем тағайындалады.

Әлеуметтік төлем мөлшері  жүргізілген әлеуметтік  аударымдары мен сақтандыру жүйесіндегі өтіліне байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?: Омирбекова А.

 

Сұрақтың нөмірі: 316857
31 желтоқсан, 2014 - 13:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Әлеуметтік жұмыс орындарына  жергілікті бюджет есебінен жалпы жалақының нақты қанша пайызын төлеу қажет болып табылады? (ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысында нақты қанша пайыз төлеу керектігі көрсетілмеген). Қандай Заңнамаға және бапқа сәйкес?

Жауап: 

Сәламатсыз ба!

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. егізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы)

Осыған орай, аталған мәселе бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд: Ирахметов Самат

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 316565
31 желтоқсан, 2014 - 12:09 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Алтын алқалы аналарға шипажайға тегін жолдама беріледі ме? Берілсе қалай ала аламыз. алтын алқалы аналарға тағы қандай көмектер бар?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес «Алтын алқамен» наградталған көп балалы аналарға шипажайға тегін жолдама беру көзделмеген.

Бірақ, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 6,40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2014 жылы – 11 853 теңге) ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына, соның ішінде көп балалы аналарға, қосымша жеңілдіктерді белгілеуге құқылы.

Заманбек С

Сұрақтың нөмірі: 316342
31 желтоқсан, 2014 - 13:19 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Нуркушев Нұрлыбек Оралбекович 1975 жылы қазанның 27 жұлдызында ШҚО Жанғызтөбе станциясында дүниеге келдім. Қазіргі уақытты Семей қаласында тұрамын, жасым 39-да, кәмелеттік жасқа толмаған 2 бірдей баланың әкесімін. 2013 жылы желтоқсан айында ядролық полигонның зардабынан Алматы қаласында КАЗНИИОИР орталығында асқазанға ота жасалынды. Полигонның зардабынан асқазанды, өңештің жартысы, өт қабы және іш май алынып тасталынды.Қаңтар айында онкологиялық аурудың 2-ші топтағы мүгедектігі тағайындалды. Жұмысқа 70% жарамсызбын.

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.

Осыған орай қолданыстағы заңнамасында көзделген мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Сізге төленуде.

Сонымен бірге жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.

Осыған орай жәрдем беру мәселеңіз  бойынша Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Семей қаласы, Қозбағаров к-сі, 40, тел. 8(7222)561788) жолығуыңызды ұсынамыз.

Заманбек С

Сұрақтың нөмірі: 316290
31 желтоқсан, 2014 - 13:20 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші