A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Еркеназым!

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.

Сұрақтың нөмірі: 359896
23 сәуір, 2019 - 16:55 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Еркеназым!

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы АӘК көрсету критерийінен аспайтын адамдарға тағайындалады.
АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен болғанда тағайындалады және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың әрбір баласына 20 789 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленетін болады.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу барысында Қазақстан Республикасының аумағында алынған барлық табыс түрлері, соның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер ескеріледі.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.

Сұрақтың нөмірі: 359895
23 сәуір, 2019 - 16:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Асел Алибековна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 4-тарамығна сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө бұйрығының 10- тармағына сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, жақын туыс болып саналатын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, егерде Сіздің тіркеуіңіз енеңіздің үйінде болса, ол кісілерде отбасы құрамына кіреді және жиынтық табысқа табыстары қосылады.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Айдана Жанболатқызы!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестiредi.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілетті органдар бекіткен үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
Аталған Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға тап болғанда ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.
Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359892
19 сәуір, 2019 - 16:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сəлеметсіздерме. Копбалалы аналарга берілетін акшага əлеуметтік комекке құжатты электронды турде откізуге болама интернет аркылы 

Жауап: 

Құрметті Нуршат Жұқатайқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес азаматтардан өтінішті қабылдау «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) арқылы, егер тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте аталған қызметті көрсету қағаз түрінде жүргізіледі (негіздеме: «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы).

Сұрақтың нөмірі: 359887
19 сәуір, 2019 - 16:37 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Тамаша Бурибаевна!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Тиісті ақпаратты алу Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жүгіну керек.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Ару!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің ресми сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасыларға табыстарына қарай атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалады.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 2-тарауының 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық), ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.
Өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркелген жері болмаған жағдайда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында өтініш берушіні Тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына ықпалдасады.
Осыған орай атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Орталыққа не әкімге хабарласыңыз.
Баспана алуға қатысты
Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің қызметі Қазақстан Республикасы «Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы негізінде жүзеге асырылады, яғни тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің құзіретіне кірмейді.
Тұрғын үй қатынастарын реттеу мен басшылық жасау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретінде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғындарына тұрғын үй, нақты осы елді мекенде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға кезекке тұру тәртібі бойынша және барлық құжаттарды тапсырған сәттен бастап, белгіленген тізімдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдармен беріледі.
Осыған байланысты, тұрғын үймен қамту бойынша Сіз құзырлы органға хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Гулбану Қайратовна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жиынтық табысты есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Бұл ретте, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Осыған орай, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкімдігіне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359876
8 мамыр, 2019 - 20:28 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің өтінішіңізді карап, келесіні хабарлайды.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекет халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етеді және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарда және мөлшерде атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Сонымен бірге, қазіргі таңда елімізде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама аясында қысқа мерзімдік оқу курстарына баруға, кәсіби мамандықты игеруге немесе кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері және еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, солтүстік облыстарға ерікті түрде қоныс аударуға және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, республикадағы, оның ішінде барлық бос жұмыс орындары туралы деректерді қамтитын www.enbek.kz мемлекеттік интернет-ресурсынан лайықты жұмыс қарап, резюмелерді осы сайтқа орналастыруға немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін пайдалануға болатынын хабарлаймыз.
Осыған орай, Сіз халықты жұмыспен қамтуға және атаулы әлеуметтік көмек алу жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359871
23 сәуір, 2019 - 19:16 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Сымбат Едилхановна!

«Өрлеу» бағдарламасы 2017 жылдың соңына дейін әрекет етіп,
2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен алмастырылды. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ұсынылатын көмектің негізгі түрі – атаулы әлеуметтік көмек жүйесі болып табылады.
Осылайша, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші