A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Қалдыгүл Бағдатқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Осыған орай, отбасыңыздың табыс мөлшері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштен аспаған жағдайда осы жәрдемақыны алуға үміткер бола аласыз.
Аталмыш көмекті алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359862
19 сәуір, 2019 - 16:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Асима Сандибаевна!

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ҚР-да және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы түріндегі ақшалай төлемдер есептелінеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Сəлеметсіздер ме?! Əлеуметтік көмекті есептеуде қорадағы малдар кіре ме кірмей ме? 18 жасқа толмаған 3 балам бар, 1 студент. Өзім, əйелім мектепте жұмыс жасаймыз. Екеуміздің жалақымыз 220 мың көлемінде, ай сайын 130 мың кредит төлейміз. Бізге осы көмек шыға ма?

Жауап: 

Егер де отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көрсетудің критерийінен аспаса, Сізге атаулы әлеуметтік көмек ұсынылуы мүмкін. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға төленеді.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Осыған орай, АӘК тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 359856
19 сәуір, 2019 - 15:38 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Айжан Бекболатқызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақылар мен шәкіртақы алынып тасталады.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Өтінішті қабылдау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) немесе әкім «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы сұрау салуды және басқа да мәліметтерді алып қалыптастырады.
Осыған орай АӘК мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына не бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?Мен 2018ж .24 сәуірінде  егіз босанып көп балалы ана атандым.Дегенмен люготь төленбейді деді,балаларымның жасына дейінгі ақшасы деді.Көп балалы аналарға ЦОН-да кітапша береді деп есітіп барсам,люготь алатындарға ғана береміз деп шығарып салды.Күйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ .Мақта заводта слесарь болып істейтін.Заводта тоқтады.Атымызға тіркелген үйде жоқ.Жер учаскесіне кезекке тұрғанбыз ,участок жоқ деп отыр.Қандай жәрдем бар?

Жауап: 

Құрметті Айгул Рысбаевна!

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы болып табылады.
Егер көпбалалы отбасы жәрдемақы алмаса, отбасының әр бір мүшесіне мекенжай анықтамасы және балалардың туу туралы куәлігі отбасының құрамын айқындайтын құжат болып саналады.
Сонымен қатар, 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Егер де отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа табысы атаулы әлеуметтік көрсетудің критерийінен аспаса, Сізге атаулы әлеуметтік көмек ұсынылуы мүмкін. 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға төленеді.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте мемлекеттiк АӘК жәрдемақысын есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Осыған орай, АӘК тағайындалу мәселесі бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінуіңіз жөн.

Сұрақтың нөмірі: 359854
19 сәуір, 2019 - 15:35 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Жулдыз Нурмахамбетқызы!

Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен (20 789 теңге) отбасыларға көрсетіледі.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін отбасының барлық табысын есепке алу қажет екендігін және Сіз ұсынған ақпаратта табыс көздері көрсетілмегендігін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет екендігіне назар аударамыз.

Сәлеметсіз бе! Менің 3 балам бар, айлығым 42000 теңге. Күйеуіммен заң бойынша ажырасқанмын. Алимент төлемей отыр. Менің өз отбасым бар деп. Сотқа берсем, сот шешімнің үстінен шешім шықпайды деп, сот орындаушыларға тапсырды. Сот орындаушылар ешнәрсе істей алмай отыр. Сонда мен қалай жеткіземін, қайда барам? Айлығым жалпы 42000 теңге болғанымен, қолыма тиетіні 35000 теңге ғана. Осындай ақшамен қалай күн көруге болады? Пәтер ақы 15000 теңге, екеуі балабақшаға барады, оларға 16000 мың теңге ай сайын төлеймін, біреуі мектеп оқиды, күнде тамағына беремін. Өзімнің жол ақым бар.

Жауап: 

Құрметті Нургуль Нурбаевна!

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
АӘК екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға (мысалы, мүгедектер немесе қария зейнеткерлер отбасылары), немесе еңбекке қабілетті мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартыла алмайтын отбасыларға (мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты ана) ұсынылады.
Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарт жасасу және барлық еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартымен, құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.
Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде бiрге тұратын отбасының барлық мүшелерiнің жиынтық табыстары ескерiледi. Олар еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн және жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін барлық табыстар.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Бұдан басқа, әр өңірде жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Аталған көмекті көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеуді жергілікті жердің атқарушы органдары айқындайды.
Осы орайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жергілікті әкімдіктер құзыретіне жататындықтан Сізге аталған мәселелермен тұрғылықты жердегі әкімдікке жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359847
8 мамыр, 2019 - 20:23 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме!

Мен Түркістан обл. Түркістан қ. Темірлан №57 үйді жалдап тұрамын. Отбасым бар. Жанұяда 5 жанбыз. Камелет жасқа толмаған 3 ұлым бар.  1ші сәуірден бастап Атаулы әлеметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындауға өтініш қабылдау басталды. Менің қояр сұрағым өтініш толтыру үлгісінде: "Менің отбасымның құрамы келесідей:" деген кестеде екі түрлі мәлімет сұраған:

Жауап: 

Құрметті Улан Баймуратович!

Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққадағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен отбасыларға ұсынылады, сонымен қатар кәмелет жасына толмаған тұлғаларға, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын тұлғаларға АӘК мөлшері өңірлерде белгіленген кедейлік шегінің мөлшерінде төленетін болады.
Жиынтық табысты есептеу тақырыбына келсек, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

Сұрақтың нөмірі: 359844
19 сәуір, 2019 - 16:57 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші