A A A
Мазмұнына өту

You are here

"Әлеуметтік көмек" жөнінде сұрақ-жауаптар

Сұрақ тақырыбы: 

Окиметтен комек кажет куйеуим жумыс истемейди жумыс табалмай жур Жан жактын бари карыз озимде Уйде 2 бала ма карап отырмын бунын барин айта берсен китап болады Мына сайтка сыймай калатын шыгар кол ушин берсеиздер жаксы болар еди 

Жауап: 

Құрметті Алтыншаш Ажибеккызы!

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелерінде бірқатар өзгерістер енгізілді.
Атап айтар болсақ, аз қамтылған отбасыларды қамтуды кеңейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін күнкөріс деңгейінен 70 пайызға дейін критерийі көтерілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы балалары бар отбасыларды атаулы қолдау үшін көп балалы отбасылардағы әр балаға ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бұл ретте, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы, баланың мүгедектік жәрдемақысы және шәкіртақы алынып тасталды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына бiрге тұратын және тұрғылықты бір жерге тiркелген және үй шаруашылығын бірге жүргізетін адамдардың табыстарының жалпы сомасы есепке алынып, есептеледі.
Әлеуметтік көмек отбасына тағайындалып, төленетін ескере отырып, Сізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөліміне жолығуыңызға кеңес береміз.

Сұрақтың нөмірі: 359840
17 сәуір, 2019 - 18:22 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағалейкум!

Жауап: 

Құрметті Талгат!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұл ретте, жоғары оқу орындарында оқитын ұлдарыңыз Сіздің асырауыңызда болғандықтан, отбасы мүшелерінің қатарына кіреді және оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы тиіс.
Осыған орай, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359838
15 мамыр, 2019 - 19:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 Озим квартирада турамын, прописка аке шешемнин уйнде тиркелип турмын. Мен ала аламынба комек. Аз камтылган отбасы ретинде. Айына кваррсирага 25 мын толеймын. Сосын неге кызылорда каласында неге Цон кабылдамайды тек Жумыспен камту орталыгында кабылдап жатыр. Кезек деген оте коп 500-700 адамга дейн, неге Цон кабылдамайды. Жауаб боладыма? 

Жауап: 

Құрметті Асылбек Патихович!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның және отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерден сұралады немеме қағаз түрінде ұсынылады (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.
Осы орайда көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 

Мен мектепте мұғалім болып жұмыс атқарамын. Жалақым 112000. Облысымызда 7 адалмыз. Атам, апам, күйеуім, 3 балама және мен. Маған әлеуметтік көмек беріле ма? Апамның зейнетақысы есептеле ме?

 

Жауап: 

Құрметті Жадыра Бейсенбайевна!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның және отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы мәлімет ақпараттық жүйелерден сұралады немеме қағаз түрінде ұсынылады (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Бұдан басқа, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Осыған орай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, соның ішінде зейнетақы төлемі;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Бұл ретте, көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 359835
14 мамыр, 2019 - 15:59 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Екы баланын анасымын.Уйде отырмын,балам да гипертонический синдром.Коп басы ауырады.
Сол екы балама,20780тг.толенеды ма? Мен жалгыз басты анамын,жумыска шыга алмай отырмын.Оларга 18жаска дейын толенетын пособиьяны да алмаймын.  
   
   

 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гулнар Едилхановна! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестiредi. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілетті органдар бекіткен үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді. Аталған Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға тап болғанда ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі. Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар. Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359834
19 сәуір, 2019 - 16:30 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

саламатсыздарма мен сіздерге өзімнің əлеуметтік жағдайымның төмендігін жəне көп балалы аналарға берілетін əлеуметтік жəрдемақыны не үшін ала алмайтындығымды білу үшін хабарласып отырмын.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гульзира Сагидуллаевна!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестiредi.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілетті органдар бекіткен үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
Аталған Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдайға тап болғанда ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
Бұдан басқа, азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы орган есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.
Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуді ұсынамыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Назым Нагашыбайкызы!

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылдың сәуір айынан бастап аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа механизмі енгізілді.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы яғни 20 789 теңгені құрайды.
Сонымен бірге, отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдардан басқа, бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі (негіз: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі №165 бұйрығы).
Осыған орай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс, соның ішінде бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс (жергілікті атқарушы органдар шешімімен).
Бұл ретте, көтерілген сауалыңыз бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жолығу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Құрметті Альфия!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ресми сайтқа жазған хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасыларға табыстарына қарай атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалады.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығының 2-тарауының 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық), ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.
Өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тіркелген жері болмаған жағдайда Орталық немесе әкім атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мақсатында өтініш берушіні Тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына уақытша тіркеуге тұруына ықпалдасады.
Осыған орай көтеріп отырған мәселеңіз бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Орталыққа не әкімге хабарласуыңыз қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

 

Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Мұханбеткұл!
Сіздің хатыңызды өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің 937-бабына сәйкес азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (сонымен қатар санаторий-курорттық емделуі), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.
Мүгедектікті белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Қағидалардың (Мүгедектікті белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары) 47 тармағына сәйкес МӘС бөлімі кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу (бұдан әрі- КЕА) белгіленген мерзімге куәландырылатын адамның:санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына және зақым келген қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда - оны алып жүретін адамның санаторлық-курорттық емделу орнына баруға және кейін келуге анықтамасы әзірленеді.
Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың 28 қазан айында Сізге үшінші топ мүгедектігі мерзімінсіз және 50 % кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырлыуы, 35 % жалпы еңбек ету қабілетінің айырлыуы белгіленген. Сонымен қатар, санаторно-курортық емге оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленіп, жұмыс орынан Сізге шығындары төленіп отырғаны анықталды (Сіздің қол хатыңызды қосымша жолдаймыз).

Сұрақтың нөмірі: 359827
23 сәуір, 2019 - 17:03 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Уважаемый Руслан Назарбаевич!

Согласно правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующей на получение государственной адресной социальной помощи (далее - Правила) (Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 28 июля 2009 года) совокупный доход лица (семьи), претендующей на предоставление жилища исчисляется местным исполнительным органом. При исчислении совокупного дохода лица (семьи) в ее составе учитываются все члены семьи, совместно проживающие, ведущие общее хозяйство и зарегистрированные по месту жительству в пределах одного населенного пункта.
Касательно определения размера совокупного дохода семьи отмечаем, что при исчислении совокупного дохода семьи (гражданина) учитываются все виды доходов, полученные в Республике Казахстан и за ее пределами за расчетный период.
Также необходимо отметить, что решение о предоставлении адресной социальной помощи или ее отсутствии входит в компетенцию местных исполнительных органов. Согласно вышеуказанных Правил, при местном исполнительном органе действует участковая комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью.

Сұрақтың нөмірі: 359826
19 сәуір, 2019 - 16:51 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші