Басшылық | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

1978 жылғы 1 тамызда Алматы қаласында туған, ұлты қазақ, жоғары білімді, 1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын тәмамдаған.  2002 жылы Колумбия университетін тәмамдап, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. 2011 жылы Кеннеди Гарвард атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды. 1999 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі  агенттігінің бас маманы. 2003 жылдан 2004 жылға дейін  - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшы. 2004 жылдан 2006 жылға дейін –  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы мемлекеттік саясатты талдау департементінің директоры. 2006 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2011 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылдан бері Қазақстанның Дүниежүзілік банктегі Басқарушысының орынбасары. 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2014 жылдан 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі. 2018 жылығы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Өзге де қызметі: «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрайымы (2011 жылғы қыркүйек- 2013 жылғы мамыр);

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі (2014 жылғы желтоқсаннан бастап) "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (2016 жылғы желтоқсан -2018 жылғы ақпан).

Марапаттары: медальдары «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Құрмет» ордені.

Құрманғалиева Аида Дәденқызы

Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

1970 жылғы 30 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1993 - 1997 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің экономисі. 1997 – 2002 жылдары ҚР  Қаржы министрлігінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді.  2002 – 2009 жылдары ҚР  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау және әлеуметтік саланы дамыту департаменттерінің директоры.  2009 -2013 жылдары  ҚР  Денсаулық сақтау вице-министрі. 2013 жылғы 6 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін – ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. Дьюк Университетінде (АҚШ) және Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) оқыды.

Қызметі үшін ҚР Президентінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет грамотасымен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  вице-министрі

С.Қ. Жақыпова, 1968 жылы Қарағанды қаласында туды. 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады. 1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді; 1986 – 1991 жылдары – Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті; 1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып; 1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы; 1998 – 2001 жылдары  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің  бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары; 2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры; 2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры; 2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы  болып қызмет атқарды. 2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі болып тағайындалды. 2017 жылғы ақпаннан бастап -  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. «Құрмет» орденімен марапатталды.

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Н.Б Альтаев 1978 жылы Онтүстік Қазақстан облысында туылған, қазақ, білімі жоғары. 2004 жылы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы Академиялық инновациялық университетін бітірген. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік проректоры (2003-2004); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесімен күрес комитеті Алдын алу бөлімінің жедел уәкілі (2005); Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарындағы қызмет (2005-2007); «Оңтүстік» Ұлттық компания Әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» АҚ-ның менеджер, бас менеджер, директоры (2007-2010); Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы (2010-2011); «Оңтүстік» Ұлттық компания Әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорлар кеңесінің мүшесі (2010-2011); «РИЦ Максимум» ЖШС бас директорының орынбасары (2011-2012);  «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-ның директоры (2012-2013); Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры (2013-2014); «Тауар жаратылуының сертификаттау орталығы» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы (2014-2015); Инвестициялар рентабельділігін зерттеу бойынша агенттігі байқау кеңесінің төрағасы (2015-2016); «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі (2016-2017); «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (2017); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (2017) қызметтерін атқарған. 2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Мұқышев Нариман Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Мұқышев Нариман Нұрланұлы1984 жылы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Сүлеймен Демирель атындағы университетті, 2011 жылы — Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы — инженер–жүйе технигі, іскерлік әкімшілендіру мастері.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған.
2005–2014 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ маманы, жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, инновациялық технологиялар департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.
2014–2017 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ инновациялар және АТ жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші