A A A
Мазмұнына өту

You are here

       

Аумақтық Бақылау және әлеуметтік қорғау Департамент мамандарының курстарында 2011 жылдың 12 сәуірінде  Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің бас сарапшысы К. Сарсембаева «Аумақтық МӘС бөлімдерін бақылау және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы туралы» лекция оқыды.

Лекция барысында барлық қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, оларды шешу жөнінде кеңестер берілді. 

2011 жылғы 23-25 тамыз аралығында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Т.Оспанқұлов «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықарылық транзит дәлізі жобасын іске асыру барысында жұмыс жүргізіп жатқан бас мердігер және қосалқы мердігер компаниялардың жұмысымен танысу үшін  Қызылорда облысында іссапармен болып қайтты.

Танысу барысында  төмендегі серіктестіктерде, оның ішінде  «Қуан КБ» ЖШС жұмысышылар  жалақыларына қарызы 29,006 млн. теңгені құрап, қазіргі таңда жұмыстарының тоқтап тұрғандығы анықталды.

2011 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Т. Қ. Оспанқұлов Байқоңыр қаласына барып, қала басшыларының қатысумен, қала ұйымдары басшыларының еңбек заңнамасын сақтауы туралы мәселелер бойынша жиналыс өткізді.

1 қыркүйек, 2011 - 15:18 өзгертілді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы   С.Е. Айтанаева 2011 жылдың 23 тамызында «Хабар» телеарнасының «Сонымен, солай дейік...»  атты қоғамдық-әлеуметтік бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл толуына арналды. Бағдарлама барысында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға  мемлекет тарапынан төленетін өтемақы және қауіпті аймақта тұратын жергілікті халыққа көрсетілген әлеуметтік көмектер жайында айтылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің  Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Төраға орынбасары Гүлнар Мүсмімқызы Тоқсейітова  2011 жылдың 3 тамызында «Хабар» телеарнасында «Сонымен, солай дейік...»  атты бағдарламасына қатысты. Хабар аясында әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру  және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру қарастырылды.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар берілді. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау қарсанында Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитеті мен Әлеуметтік көмек Депаратментінің сарапшылары (Аюпова А.К., Салемова Г.Е.)  2011 жылдың 10 – 20 тамыз аралығында еліміздегі Солтүстік-Шығыс бағытымен «Менің Қазақстаным!» атты поездінің сапары аясында азаматтарға станциялар мен аялдау пунктерінде  ақпараттық-насихаттау және медициналық-әлеуметтік түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.

            Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Серікқали Ғұмарұлы  Бисақаев 2011 жылғы 1-3 тамыз аралығында Маңғыстау облысында мұнай-газ саласында болып жатырған келеңсіз жағдайларға байланысты, соның ішінде  еңбек заңнамаларының сақталуы, қызметкерлердің ереуілге  шығу себептерін қосымша сараптау мақсатында іс-сапарда болды.

Іс-сапар кезінде Маңғыстау облысы әкімшілігі, «Қаражанбасмунай» АҚ мен «Өзенмунайгаз»ӨП-ныңбасшыларымен кездесіп пікір алысты.

Ағымдағы жылдың 8-13 тамыз аралығында Бақалау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сапаршылары (Г.М. Орынтаева, Б.Ю. Ботабекова) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақалау және әлеуметтік қорғау Департаментінің және облыстық ЗТМО орталығыныңқызмет көрсету жөнідегі сапасының жүзеге асырылуы тексерілді.                    

 Электрондық құжат істерін қалыптастыру және төлемге уақытылы қою жөнінде Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз, Үржар аудандық ЗТМО бөлімшелері тексерілді.

Сонымен қатар, Павлодар облысының маманымен (Л.А. Жакупова) тәжірбиелік жұмыс жүргізілді.

 

Ағымдағы жылдың сәуір мен маусым айларында Астана қаласыныңжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына халықты әлеуметтік қорғау мен медициналық әлеуметтік сараптамасы және мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша тәжірбиелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Астана қаласы және Қарағанды облысының  аумақтық департаменттері мен ЗТМО орталықтарының қызмет көрсету жөнідегі сапасының жүзеге асырылуы тексерілді.                                                           

 

01.08.2011 - 05.08.2011 ж.ж. аралығында, құрамында Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы өкілдерінің жергілікті құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ҚР ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетімен (эксперт Е. А. Пернекуловпен) әдістемелік көмек көрсету, Қарағанды облысында кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін тағайындау және медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің дұрыс жұмыс жасауы туралы тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілген болатын.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші