check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

1 мамырдан бастап шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін пилоттық режимде адамдар орындарында оқып, кәсіп алуына арналған мобильді оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қазақстанда нысандарды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде төлқұжаттандырудан өткізеді.Бұл туралы, бүгінгі брифинг барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.

С.Жақыпова айтып өткендей,  Қазақстанда мүгедектер жиі баратын 36 мың 200 нысан бар. Жергілікті атқарушы органдар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі жөнінде, 28 мың 205 нысанды төлқұжаттандырудан өткізуді көздеген еді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Қазақстанда 106,5 мың (жылына 21,3 мың) адам, Батыс Қазақстан облысында 4 мың (жыл сайын 800) адам кәсіптік даярлықпен қамтылмақ. Бұл туралы Оралда өткізілген кеңесте ҚР Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Бақытжан Биекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанша жерден қатаң ескертсе де, Қарасай ауданының перзентханасының үстінен шағымданушылар азаяр емес. Арнамыздан көмек сұрап келген Жұлдыз Мамутова аман-есен босанған сәбиінің шетінеуіне педиатрларды айыптап отыр. Ал аурухана басшылығы тексерістің қорытындысы шықпай, ешбір дәрігерді кінәлай алмаймыз дейді.

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында 9 жүкті әйел лифт ішіне қамалып қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі алматылық Маржан Амановаға сілтеме жасап. Оның айтуынша, әйелдер шамамен 20 минут бойы лифт ішінде байбалам салған.

2016 жылы үкімет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі арқылы 160 миллиард теңгеге дәрілік препараттар сатып алған.

Қазақстан халқы жылына 366 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады. Бұл туралы Алматыда Мәжіліс депутаттарының отандық дәрі-дәрмек шығарушы компаниялардың басшыларымен өткен кездесуінде айтылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қазақстандық келіншектер перзентхана қызметкерлерінің араны ашылғанын айтып дабыл қақты

Қазақстандық қыз-келіншектер арасында перзентті дүниеге әкелуге ерекше дайындалып, босанатын перзентханасы мен дәрігерін жан ұшыра іздеп, олардың қалтасын алдын ала қампайтып қою сәнге айналған.

Оның қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі мұны жөн десе, кейбірі оны жемқорлық деп, одан өздерін аулақ ұстауға тырысады.

Көпбалалы ана перзентхана қызметкерлеріне ренжулі

2016 жылдың қаңтар мен қараша айларының аралығында Қазақстанның қан қызметі 171 мың 98,1 литр қан немесе құрамында 208 мың 300 дозадағы эритроциттер, 265 мың 600 дозадағы плазма, 33 мың 15 дозадағы тромбоциттер, 9 мың 400 дозадағы криопреципитаттар бар 516 мың 315 қан мөлшерін дайындады.

КАЗАХСТАН27 Желтоксан , 18:34

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған кезеңде медициналық ұйымдарға 153 мың 237 дозадағы эритроциттер, 130 мың 820 дозадағы жаңа мұздатылған плазма, 30 мың 400 дозадағы тромбоциттер  берілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен республиканың барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс жасайтынына немесе жасамайтындығына қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің хатшылығы.

АСТАНА ҚАЛАСЫ23 Желтоксан , 12:48

Жаңа пәтерде әйел емін-еркін жүріп тұра алады.

Жатақхана қирап қалғаннан кейін далада қалған бірінші топтағы мүгедек Жамал Бисенғалиева баспаналы болды. Бұл туралы stan.kz, “Мой Город” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін мүгедек әйелдің өз құқығын қорғай алмай жүргені айтылған еді. Оған себеп көпқабатты үйдің кіреберісінде арнайы пандустың болмауы. Осыған байланысты ол өзіне берілген Нұрсая ықшамауданындағы үйден бас тартқан.

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші