2014 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы әкімдігі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері оралмандармен қоғамдық ұйым өкілдерімен және ІІД қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оралмандардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.
Аталған кездесуде ҚҰ «Ақмеңтей» Дурали Аманжол, ҚҰ «Оралмандар және еңбек мигранттары» Тириболсын Ербол и ҚҰ «Жастар тілегі» Исламбек Дастан, ІІД өкілі Аимбек Арай Данабекқызы және оралмандар қатысты.