check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

11.09.2012 - 15.05.2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының  Ішкі Істер Министрлігінің Алматы Заң академиясында оқыған (әскери билетке жазылған), айлықақы алу үшін жұмыс өтіліне жатады ма?

Жауап: 

Без Ответа

Меткепте 1 ставкамен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жұмыс жасайды және қосымша пәні бойынша 9 сағат жүктемесі бар. Сұрағым: Жыл сайыңғы ақылы еңбек демалысына шыққан кезде жоғарыда айтылған завучқа еңбек демалысы (отпускной) қалай төленеді 1,5 ставка жүктемесіне ма әлде 1 ставка орынбасарлығына бөлек 9 сағатына бөлек төленеді ма? Материалдық көмек қалай төленеді? Алдын-ала рахмет.

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363998
7 қазан, 2019 - 12:35 өзгертілді

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мәртебесі бар медициналық ұйымдар басшысы және басшының орынбасарларына жалақы мөлшерін белгілеу кезінде уакілетті орган бұйрық пен бекітіп берген. Осы бұйрық негізінде бірінші басшы және оның орынбасарларына жалақы мөлшері сараланып, төленеді.

Жауап: 

Без Ответа

Салеметсіз бе? мен  мектепте  инженер-техник  болып  жұмыс  істеймін.  11 жыл  еңбек өтілім. бірінші  сұрағым? 1. Инженер-техниктер  санат алуға  болама? 

екінші  сұрағым? 2. Еңбекке жарамсыздық қағазына (болничный  лист), немесе  жалақысы  сақталмайтын  демалысқа  шыққан  лаборант, программист, үйірме жетекшілердің  орындарын  уақытша  инженер  техник  маманына  беруге   болама?  Менде осындай  мәселе  жиі  туындайды.  Әкімшілік  тарапынан  болмайды деп берілмейді. 

үшінші сұрағым? 3. Менің  айлық  табысым, тарификация бойынша  қалай  есептелінеді?

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363820
2 қазан, 2019 - 10:51 өзгертілді

Саламатсыздар, мен Сейтбеков Елнұр Түймебекұлы, ИИН 820130301541

Төрт балам бар:

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363234
9 қыркүйек, 2019 - 14:29 өзгертілді

D, С блогына жататын Халықты  жұмыспен қамту орталығының қызметшілеріне, оның ішінде ассистент, бағдарламашыға 50% мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған, ал 25% ауылдық жерде жұмыс істегеніне қосымша ақы төленеме?

Жауап: 

Без Ответа

Сұрақтың нөмірі: 363161
6 қыркүйек, 2019 - 12:20 өзгертілді

Саламатсыздар ма!

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодекстің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Сонымен бірге, «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті бекітілген.
Осыған орай, мемлекеттік органдар өндірістік қажеттілік мақсатында (еңбек шарты бойынша) мемлекеттік орган лимиті шегінде азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметшілермен бірге) жұмысқа қабылдай алады.
Егер мемлекеттік орган өз лимиті шегінде азаматтық қызметшіні жұмысқа қабылдай алмаған жағдайда, оған «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес штаттан тыс қызметкерлерді (еңбек шарты бойынша) жұмысқа қабылдау құқығы берілген.
Осыған байланысты, Бұйрыққа сәйкес жұмысқа қабылданған қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылмайды, тиісінше Кодекстің 139-бабында айқындалған норма оларға таратылмайды.
Яғни жоғарыда жазылғанға сәйкес азаматтық қызметшілер қатарына қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын қызметкерлер жатады.

Саламатсыздарма! Менің лауазымым бас маман есепші. Алайда бас маман бас есепшінің болмауына байланысты бас маман бас бухгалтердің міндеттерін қоса атқарғаным үшін ақпан айынан бүгінгі күнге дейін қосымша ақы өндіріп алуға құқылымынба? функционалдық міндеттеріміз екі түрлі. Ақпан айынан бастап екі лаузымның міндеттерін қоса атқарып келемін.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 111-бабына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
Бұл ретте, егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.
Осыған орай, Сіздің лауазымдық міндеттеріңізге бас бухгалтердің міндеттерін атқару кірмесе, Сізге уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаныңыз үшін қосымша ақы төленуі керек деп есептейміз.
Сонымен бірге, егер Сіздің жағдайыңызда еңбек заңнамасын бұзушылық орын алса, жергілікті (жұмыс беруші) жердегі мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш жасауыңызға болады.

Сондай-ақ, Кодекстің 144-бабына сәйкес әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Кодекспен реттеледі.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты және ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 362463
12 тамыз, 2019 - 11:50 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші