A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрліктің жаңалықтары

ветераны

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 мамырына  Ұлы Отан соғысының 1425 қатысушылары мен тікелей мүгедектері, сондай-ақ 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері тұрады, олардың ішінде Қоршаудағы Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары, концлагерьдің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары және басқалар бар.

кездесу

Сенбі, 4 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Тұңғыш Президент - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Б.Сапарбаев әлеуметтік шараларды жүзеге асыру тұрақты негізде жалғасатындығын атап өтті. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жақын арада тоқтатылатындығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

министр

Бейсенбі, 2 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Алматы ауданының аз қамтылған және көп балалы отбасыларымен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Э. Суханбердиева, ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов қатысты.

вице-министр

Е. Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

вице-министр

А. Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы – ҚР  бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды.

АӘК

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

рабочая поездка Алматы

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен Үкіметтік делегация Алматы қаласында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.

Түске дейін Вице-Премьер Г. Әбдіқалықова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, қала әкімі Б. Байбек «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» жол карталарының іске асырылуы жөнінде кеңес өткізді.

жұмыс сапары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қаскелең қаласындағы «Мұңайма» қайырымдылық қорының «әлеуметтік қалашығына» барды.

«Мұңайма» қоры 2007 жылы Алматы облысында жұмысын бастады. Қордың табысты жобаларының бірі «әлеуметтік қалашықтың» ашылуы болды, онда аз қамтылған азаматтар қоныстана алады, жаңа мамандықтарды оқып, өндірісте жұмыс істей алады және өз ісін ашуға көмек ала алады.

еңбекті қорғау

28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Ол жыл сайын қызметкерлердің құқықтары мәселелеріне назар аудару, оларды әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында өткізіледі. 2019 жылғы тақырып: «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы».

Халықаралық еңбек ұйымының деректері еңбекті қорғау саласында ауқымды проблемалардың сақталғанын растайды - әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллионға жуық кәсіби ауру тіркеледі, олардың салдарынан екі миллионнан астам адамның өмірі қиылады.

Парыз 2019

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2019 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты  ұйымдастыру басталғаны туралы хабарлайды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші