check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрліктің жаңалықтары

Қоғамдық кеңес

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен  бөлісті.

Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар - бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

жалақыны арттыру

Тұңғыш Президент – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы арттырылды.

Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады.

Меморандум

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ этникалық қазақтарды, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық және әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қол қойды.

жұмыс тобы

Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.

ҚР Парламентінің Мәжілісі

Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні

Жыл сайын 12 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымы 2002 жылы жариялаған Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - балалар еңбегінің проблемаларына және құлдық, қауіпті жұмыс, құқыққа қарсы іс-әрекет және т. б. жататын оның ең нашар формаларына назар аудару.

Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі қағидаларының бірі. Бұл заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің тоқтатылуы туралы қауесетті жоққа шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеуді жақын арада тоқтату туралы жалған ақпарат таратылуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарды. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды.

кеңес

Сәрсенбі, 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қайырымдылық іс-шараларын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, 23 қайырымдылық қорының басшылары, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері қатысты.

Еңбек министрлігі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, сәрсенбі, 5 маусымда, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің бұрынғы өкілі Юрий Оксамитныймен, сондай-ақ оны осы қызметте ауыстырған Артур ван Дизенмен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ынтымақтастықтың алдағы келешегін талқылау болды.

Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Парыз» конкурсына және Еңбек Күнін мерекелеуге арналған «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдаудың басталғанын жариялайды.

Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек адамы мәртебесін арттыруға және жұмысшы кәсібін дәріптеуге бағытталған «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші