A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрліктің жаңалықтары

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде табысы аз отбасылардағы кәсіпкерлік дағдыларды дамыту жобасын қолдады

Алматы мен Алматы облысынан кейін табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» жобасы Шымкент және Түркістан облысында басталады.

Еңбек

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында 18 425 адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 12 500 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10 478 адам немесе 84% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

НСК

Елордада Ұлттық біліктілік Кеңесінің «Машина жасау және металл өңдеу» саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша отырысы өтті.

Еңбек

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 28 мың 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 19 мың 544 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 мың 192-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 1 қазанына 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспардың 89% (373 мың), оның 146 мыңы ауылдық жерлерде.

Құрылған жұмыс орындарының 214,4 мыңы – тұрақты, 117,6 мыңы – уақытша жұмыс орны.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп құрылған жұмыс орындары көтерме және бөлшек сауда саласында – 35,8 мың. 32,9 мың – құрылыс саласында, 31,2 мың – ауыл, орман және балық шаруашылықтарында.

egov

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкіметтің жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпаратты көрсету функционалын енгізді. (egov.kz).

АӘК

Қарағанды ​​облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жүргізілген атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - АӘК) тағайындаудың заңдылығын тексеру жұмыстары барысында АӘК алушылардың арасында үш қабатты коттеджде тұратын отбасы айқындалды.

Еңбек

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыда 33 мың 94 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 21 мың 595 адам жұмысқа орналастырылса, оның 16 мың 292-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

АӘК

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін.

ШЖК

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат (бұдан әрі - ШЖК) берілген.

Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді – сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші