A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрліктің жаңалықтары

2020 жылы қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар арттырылатын болады.

Ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады және 42 500 теңгені құрайды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды.

Еңбек бағдарламасы

2019 жылғы он бір айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 38 308 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 18 072 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 836-сы немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

іс-сапар

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Жаңаөзен қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуы туралы айтты және жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың маңыздылығын атап өтті.

әлеуметтік қызмет

Мыңдаған ақтөбеліктер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазпочта» АҚ және Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыратын «Азаматтың әлеуметтік картасы» жобасы бойынша жеңілдетілген әлеуметтік қызметтер алды.

Бүгінгі күні әлеуметтік карталар 25 мыңнан астам қала тұрғынына, оның ішінде мектеп оқушыларына берілді. Олар әлеуметтік төлемдер алуға, қоғамдық көліктерде жол жүру және мектепте тамақтану ақысын төлеуге арналған. Төлем кезінде иесінің жеңілдік санаты ескеріледі.

Мәжіліс

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады.

Заңнамаға енгізілетін түзетулерді халық қалаулыларына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов таныстырды. Ол өз сөзінде бұл Заң жобасы еңбек қатынастарын, әлеуметтік серіктестік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін қозғайтынын атап өтті.

Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға министрліктің орталық аппаратының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

Министр Біржан Нұрымбетов өз құттықтау сөзінде мемлекеттің маңызды міндеті – қоғамның әлеуметтік қауіпсіздігі болып табылатындығын атап өтті.

Парыз 2019

Елордада жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

сенат

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды қарады. Әрі қарай заңдар Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына жолданады.

Заң жобасы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады.

Еңбек

2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші