A A A
Мазмұнына өту

You are here

Министрліктің жаңалықтары

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Алға ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері (бұдан әрі - АӘК) мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

іс-сапар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдады, бірқатар әлеуметтік ұйымдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығында болды. ҚР Еңбекминінің басшысы ақтөбеліктердің ең өзекті сұрақтарына жауап беріп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің (бұдан әрі – АӘК) жаңа тәсілдері мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

награждение соцпроектов

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» VII республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды. Марапаттау рәсімі Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Үкіметі өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өтті.

поздравление соцработников

Елордалық Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олардың жеңімпаздары еліміздің әр өңірінен келген 9 адам болды.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.

Семинар ГФСС

Қазақстанның астанасында «Халықты әлеуметтік қорғауды жаңғырту жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтті, онда қазақстандық сарапшылар мен әлеуметтік қызметкерлер Ресей, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстандағы әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік сақтандыруды дамыту перспективаларын талқылады.

жария тыңдалым

Қазақстанның астанасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) аудару бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы» бағаларын талқылау жөніндегі жария тыңдалым өтті.

Еңбек

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 17 мың 64 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 12 мың 730 адам жұмысқа орналастырылса, оның 7 мың 555-і немесе 59% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өзіне жеке сұрақтарымен жүгінген 9 адамды қабылдады.

өндірістік жарақаттану

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республика кәсіпорындарында 844 жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде 943 адам зардап шеккен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға төмен (2018 жылдың 9 айында – 1 085 адам), оның ішінде 111 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26%-ға төмен (2018 жылдың 9 айында – 150 адам).

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 153 немесе 16,2% және құрылыс саласында – 121 немесе 12,8% байқалады.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші