A A A
Мазмұнына өту

You are here

Саламатсыздарма
Мен Оңтүстікте турамын Мұғалім болып жұмыс жасаймын жанұямда келіншегім үш бала-шағам бар.

Оңтүстіктен Солтүстікке Бағдарламасы жайлы естіп ел жаңартсам деген ниетім бар ол үшін не жасауым керек ???

Жауап: 

Құрметті Қанат Уәлиханұлы!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
«Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығының 3-тармағына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тұрақты тіркеуден өткен және шыққан өңірінде өтініш беру сәтінде кемінде бір жыл тұрған қоныс аударушы шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы берген өтініші негізінде жүзеге асырылады деп көрсетілген.
Осыған байланысты Сіз отбасыңызбен бірге Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының бірінде қоныс аударуға өтініш берер алдында кемінде бір жыл тұрақты тікеуде тұрсаңыз, онда Сізге ерікті қоныс аударушы ретінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болуға мүмкіндігіңіз бар.
Ерікті қоныс аударшыларды қабылдаудың өңірлері ҚР Үкіметімен айқындалған, ол өңірлер Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары болып табылады.
Сонымен қатар, Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жағдайда Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет, өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.
Жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін заңнамада белгіленген мерзімде Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы Сізді отбасыңызбен бірге қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгендігі немесе одан бас тарту себептері көрсетілген шішімді Сізге тапсырады.
Сондай-ақ Сізді отбасыңызбен бірге қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда Сізге мемлекеттік қолдау шаралары ретінде субсидиялар берілетін болады, олар:
1) көшуге – 35 АЕК мөлшерінде отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге – 15 АЕК-тен – 30 АЕК-ке дейін он екі ай бойы ай сайын беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 362116
30 шілде, 2019 - 18:28 өзгертілді

мен қазақстан республикасының азаматы,  қытайдан актау қаласында көшіп келгенмін.

солтүстік қазақстанға мемлекеттікбағдарлама арқылы қоныс аударғым келеді, ол үшін  бірінші қадам не істеу керек ,қайдабару керек, ол жаққа барғасын баспана  ұсына аласыздарма?атаулы көмекті қалай аламыз?ата-анам қазақстан азаматы емес оралман статус мен (ықтияр хат).

 

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама) аясында азаматтарды жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аудару іске асырылуда.
Үкімет қаулысымен қоныс аударушыларды қоныстандыру өңірлері айқындалды. Оған Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары енді.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып анықталды.
Осы өңірлерге қоныс аударушыларды қабылдау квотасы бекітіліп, квотаға енген отбасыларға әрбір отбасы мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшуге және отбасына 15-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жыл бойы тұрғын үй жалдауға шығындарды өтеуге субсидиялар төлеу көзделген.
Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем жүзеге асырылады. Бұл ауылдық жерлерде қоныс аударушыларға тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
Үміткерлер шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары және оралман мәртебесі бар азаматтар болуы керек.
Ол үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш беру керек.

Сұрақтың нөмірі: 360142
25 сәуір, 2019 - 18:49 өзгертілді

Саламатсыздар! Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Мен информатика пәні мұғалімі жаратылыстану ғылымдары магистрі жалғыз басты анамын. Алматы облысында тұрам. 07.10.1992 жылы туылғам, 27.10.2015 жылы туылған қызым бар. Өзіме баспана мен қатар жұмыс іздеймін. Мемлекетімізде сондай бағдарламалар бар деп білем оңтүстіктен солтүстікке секілді. Қызымды балабақшаға орналастырып, үй мен де жұмыспен де қамтылғым келеді. Мүмкіндік бар ма? Жауаптарыңызды күтем. Ең құрығанда бағыт бағдар берсеңіздер.

Жауап: 

Құрметті Еңлік Нүсіпқызы!

Қазіргі уақытта Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген ).
Бағдарлама шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті қоныс аудару тетігі көзделген.
Ерікті қоныс аударуға қатысудың басты талаптарының бірі шығу өңірлерінде тұрақты тіркелу және кемінде бір жыл тұру болып табылады.
Анықтама үшін:
Жұмыс күші көп өңірлер (шығу өңірі): Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.
Жұмыс күші тапшы өңірлер (келу өңірі): Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
Ерікті қоныс аудару шығу өңірлерінің жұмыс берушілерінің нақты қажеттіліктерінің негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қоныс аударушыларға бір рет көшуге және он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық қолдау көрсетіледі (тұрғын жалдау немесе сатып алу туралы келісімшарт негізінде).
Ерікті қоныс аударуға қатысу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, толық ақпарат ала аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 359900
30 сәуір, 2019 - 20:59 өзгертілді

Алматы облысының тұрғыны Өзіхан Сайлаухан ШҚО, Аягоз қаласына қоныс аударуға ниетті, бірақ Семей қаласынан ф№2 бойынша өз атында тұрғын үйі бар, осы адамды қоныс аударушылар қатарына  қосуға бола ма , жауабын берулеріңізді сұраймын.

Жауап: 

Құрметті Ерасыл Тулегенович!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Сіздің хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысымен бекітілген
) сәйкес Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы қоныс аударушылардың шығу өңірлері болып айқындалған. Ал Қазақстан Республикасының Үкіметімен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген)   қоныс аударушыларды қабылдау өңірлері болып Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары айқындалған.

Бағдарламамен қоныс аударушыларды мемлекеттік қолдау шаралары ретінде келесідей субсидия түрлері қарастырылған:

1. Отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Көшуге арналған материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

2. Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге
15 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерлерде материалдық көмек беріледі.

Сонымен қатар, «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 бұйрығының 42-тармағының 2-абзацына сәйкес Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша соңғы 6 айдан астам мерзімде меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйі бар болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй не жатақханадан бөлме берілмейді, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төленбейді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Өзіхан Сайлаухан Алматы облысының тұрғыны болса, онда оны Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосуға болатындығын хабарлаймыз.

Алайда атында тұрғын үйі болған жағдайда оған тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төленбейтінін ескертеміз.

Жауап: 

Құрметті сайт пайдаланушы!

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» N1400 Қаулысымен реттеледі.

         Осы қаулыға сәйкес қызметкердің мамандығы бойынша еңбек өтілі тиісті ұйымның еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия шешімімен анықталады.

Сұрақтың нөмірі: 333109
14 желтоқсан, 2015 - 19:49 өзгертілді

Сәлеметсіз бе?
Парламент мәжілісінде қаралып жатқан көші-қон туралы заңның бекітілу уақыты жуық шамамен қашан болатыны туралы малімет бере аласыз ба?

Жауап: 

Салеметсіз бе!

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысының 3-тарау 29-тармағына сәйкес Заң жобасын қарау және заң жобасы бойынша қорытынды әзiрлеу тәртiбiн Палатаның тиiстi комитетi дербес өзі белгiлейдi.

Сол себептен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қарастырылып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының бекітілетін мерзімін, өкінішке орай, айта алмаймыз.

Орындаған:
Ө.Алшынбаева

Салеметсізбе!

2014 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісіне қарауға енгізілді. 

Жауап: 

Салеметсізбе!

2014 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісіне қарауға енгізілді. 

Сұрақтың нөмірі: 316888
8 қаңтар, 2015 - 18:19 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! Біздің мекемеге Армения елінің азаматы жұмысқа алғалы жатырмыз. Сұрақ: Армения азаматының еңбек өтілі есептеледі ме және қай заңдарда көрсетілген? Рахмет. 

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

Еңбек өтілі не үшін қажет? Сұраққа жауап беру үшін, нақты ақпарат беруіңізді сұраймыз.

Сұрақтың нөмірі: 316833
8 қаңтар, 2015 - 18:35 өзгертілді

Менің қоятын сұрағым ҚР өңірлік даму министрлігі және ҚР ЕХӘҚМ-нің Халықты жұмыспен қамту департаментін және көші-қон комитетін қамтиды . Қыпшақбаев Самат Қасымұлы. Қарағанды қаласы. Республика даңғылы. 18-588.  Мен осы кезге дейін отбасыммен бірге Шымкент қаласында (Н. Төреқұлов көшесі 204-23)тұрып келдім. Көп балалы отбасымыз (жалпы саны 6 адам, 4 баламыз бар). Қарағанды қаласында жұмыс табылғанына  байланысты отбасыммен бірге осы қалаға жақында көшіп келдік.  Бұл қалада жекеменшік үйіміз (пәтеріміз) болмағандықтан тіркеуге тұру қиын болып тұр.

Жауап: 

Саламатсыз ба!

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығының 4-тармағына сәйкес  заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатқызылған. 

Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып және сұрағыңыз бойынша құзыретті жауап алу мақсатында сізге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің сайтына  жолдауыңыз қажет.

Ал, еңбек ресурстары басым оңтүстік облыстардан жұмыс орны бар облыстарға халықты қоныс аудару бағдарламсы туралы сұрақты "Халықты жұмыспен қамту сұрақтары" бөліміне жолдауыңыз қажет.

 

Сарапшы А. Ниязов

 

 

Сұрақтың нөмірі: 308507
11 маусым, 2014 - 10:17 өзгертілді

Салматсыздар ма! Жас отбасы некеге тұрғалы екі жыл болмаған жағдайда қалай баспаналы болуына болады? Екеуи де жумыс жасайды! Бала жок! Жалга алган патерден, оз уйн болганы жаксы! ТКЖБ багдарламасы бойынша шарттардын бири кеминде 2 жыл болуы керек... баскаша кандай амалдар бар! осы тургыда жауап берип комектессениздер екен!

Жауап: 

 

Саламатсыз ба.

Бұл сұрақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кірмейді. Толыққанды жауап алу мақсатында аталған сұрақты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің сайтынан аласыз.

 

орынд. А.Ниязов

Сұрақтың нөмірі: 305285
11 сәуір, 2014 - 09:11 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші