A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Сәлеметсіз бе!

Жауап: 

Рабига Ордабайқызы!
Сіздің әкеңіздің (Тұяқбаев О.) зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттары зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс тағайындалуына және төленуіне байланысты толық тексерілді.
Аз. О. Тұяқбаевқа қолданыстағы зейнетақы заңнамаларына сәйкес зейнетақы 2005 жылдың наурызында жасына байланысты зейнетақы тағайындалған.
Қазіргі уақытта еңбек өтілі қайта қаралып, жалпы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 38 жыл 5 ай 5 күн құрап, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап О. Туяқбаевтың жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 63 386 теңгені (жасына байланысты зейнетақы – 35 102 теңге, базалық зейнетақы - 28 284 теңге (ең төменгі күн көріс деңгейінің 100%) құрады және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс тағайындалды.

Сұрақтың нөмірі: 351198
23 тамыз, 2018 - 16:32 өзгертілді

Мен Сахарбаев Еркебұлан Әлімжанұлы Атырау қаласының тұрғыны баланың туылуына байланысты және күтімі үшін жәрдемақы тағайындауға құжаттарды тапсырдым! Кейін маған баланың туылуыны байланысты жәрдемақы тағайындалғаны туарысында хат келді, бірақ бір жылдық күтімі үшін жәрдемақы әлі күнге дейін тағайындалмады! Менім әйеліме төлем орталығынан қоңырау шалынып, осы жәрдемақы алу үшін сіздің күйеуіңіз 1 жыл декретте отыру керек  деді, осы қанашалықты шындыққа жарасады! Жәнеде заңмен бекітілген бе? Бұл іс заңсыз емес па?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Еркебұлан Әлімжанович!

Әлеуметтік қорғау саласы бойынша, отбасында бала туылған жағдайда төлемдер Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен (екі негізден) қарастырылған.
Осыған орай, екінші балаңыз туылғанда республикалық бюджет есебінен Сізге 91 390 тенге мөлшерінде бала тууына байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалған.
Сонымен қатар, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыс атқаратын азаматтарға мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушы болғандықтан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы әлеуметтiк төлемі (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) тағайындалады.
Бұл ретте, әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның (әлеуметтiк қатердің) басталуы негіз болып табылады.
Әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырылған құжаттарыңыз туралы толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Қорға жолығуды ұсынамыз.

Саламатсызба! 

Менім  әкем Сартаев Жаңабай  1977 жылдан бастап  2009  жылдар аралыгында Шалқар локомотив жөндеу депосы мекемесинде аккумуляторный цехта 32 жыл  жұмыс жасады 2009 жылдан күзет қызметине ауысты  жумыс орнынын зияндылығына  байланысты зейнеткерлікке шығуда жеңілдіктер қарастырыладыма ?

Жауап: 

Құрметті Тәңірберген!
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық кіріс негiзге ала отырып жүзеге асырылады.
Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық кірістің мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кіріске сәйкес белгiленедi.
Заңның 14 бабына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Бұған қоса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындалады.
2018 жылғы 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі оның мөлшерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін хабарлаймыз.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде белгіленеді, одан кейінгі әрбір 1 жыл сайын оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылып, қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, 100 % ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады (2018 жылғы қаңтардан бастап ең төмен күнкөрістің мөлшері 28 284 теңге құрайды).
Сіздің әкеңізге толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға шағымдануға болады немесе 1414 (1411) нөміріне ақысыз ақпарат пен кеңес беру орталығына хабарласыңыз.

Сұрақтың нөмірі: 350002
15 маусым, 2018 - 10:24 өзгертілді

 

Запись на трудовой книжке

16. 1983.03.29.   Принят на должности главного экономист управление с/х-в  Ленинского рика. (райисполкома) 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Максат Аманжолович!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар мұрағаттақ құжаттар немесе сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Сондықтан, еңбек өтіліне қатысты мәліметтер еңбек кiтапшасында уақытылы енгізілмеген жағдайда не болмаса сәйкес келмеушіліктер анықталған жағдайда мұрағатқа немесе мәлiметтерді растату үшін сотқа шағымдануға болады.
Бұдан басқа, іс - құжаттардың негізінде тағыда толық зерттеп, кеңес алу үшін Сізге еңбек кiтапшаңыздың түпнұсқасымен тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментіне жолығуды ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350000
19 маусым, 2018 - 14:40 өзгертілді

Сәлеметсізбе?! 

Жауап: 

Құрметті Теңдік сәлеметсіз бе!

ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайы бойынша әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) тағайындалады.
Аталған әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.
Осы орайда, әлеуметтік төлемге құқық басталған кезеңнен 2017 жылғы сәуір айынан бастап 2018 жылғы наурыз айлары арасында әлеуметтік аударымдар болған жағдайда әлеуметтік төлем уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады.
Сонымен қатар, 2018 жылғы қаңтар айынан бастап 2018 жылғы наурыз айлары арасында әлеуметтік аударымдар болмағанына байланысты Сіздің әлеуметтік төлемге құқығыңыз жоқ.

Сәлеметсіз бе?

Бала санымен яғни 53 жастан зейнеткерлікке шыққан қызметкер жұмыс орнында 1 жылға еңбек келісім шарты негізінде жұмысын жалғастыруда, осы қызметкер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Аблай Мусакулович!

   Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес  жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден зейнеткерлік жасқа келген тұлғалар, атап айтқанда 2018 жылғы қаңтардан бастап әйелдер 58,5 жасқа толғанда, мүгедектігі мерзімсіз белгіленген 1 және 2-топтағы мүгедектер босатылады.

   53 жаста зейнетке шыққан әйелдер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуіне жатады.

 

Сұрақтың нөмірі: 348596
5 наурыз, 2018 - 12:19 өзгертілді

Құрметті Тамара Дүйсенова,

Жауап: 

Сәлеметсіз бе Гүлнар Түшейқызы!

   Қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру  туралы»  ҚР Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек өтілі мен жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

   Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.

   Зейнетақы ісіңіздегі құжаттар бойынша Сізге көп балалы ана ретінде жеңілдікпен жасыңызға байланысты зейнетақы 23 жыл 7 ай еңбек өтіліңізге сәйкес, бірақ орташа жалақысыз, 2005 жылғы маусымда кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалған.

   Бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелеттік  жасқа толғанға дейін табысы немесе еңбек өтілі туралы құжаттарды қосымша ұсынған кезде, зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта қарастырылуға мүмкін.

    2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі оның мөлшерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін қосымша хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 348035
1 ақпан, 2018 - 19:58 өзгертілді

Сәлеметсіз бе! Мен 2017жылдың 01 шілдесінде 2-ші баламды босандым. Босанғанға дейін жұмыс жасаған болатынмын. Қәзір балама алатын зейнетақым 15 412 тг. құрайды. Босанғанға дейінгі соңғы 24 айдағы айлық көрсеткішім 1 008 475тг, орташа айлық көрсеткішім (1 008 475 / 24= 42 019тг.) құрайды. Ендігі сұрағым, маған осы орташа айлық көрсеткішімнің 40 % неге қосылмайды? әлде есептелуі дұрыс па? Менің түсінбеген тұстарым бар ма? Осыны толықтай түсіндіріп есептеп беруіңізді сұраймын. Алдын ала рақмет!!!

Жауап: 

Құрметті Разия Рашитқызы!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бала бір жасқа толғанға дейін оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем (бұдан әрі – ӘТбк) мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

ӘТбк табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, ӘТбк ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

ӘТбк = ОАТ х ТАК, мұндағы:

ӘТбк – бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;

ОАТ – ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК – табысты ауыстыру коэффициенті.

Әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауын ескере отырып (екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш немесе 15 452 теңге), Сізге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан ӘТбк 17 169 теңге сомасында тағайындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлем сомасынан Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

Мен Кенжалыұлы Жаңалық, ҚХР тумасы, 1997 жылдан бері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылында тұрамын. Өзім 2001 жылдан 2015 жыл аралығында "Алтын орда" базарында аула сыпырушы болып істедім, 2015-2017 жылдар аралығында жеке фирмада  қойма бастығы болып қызмет атқарып келемін. Ертең  яғни 14.09.2017 жылы жасым 63ке толуына байланысты бүгін Есік қаласындағы ГЦВПға барып зейнетақыға шығуға қажетті құжаттарымды өткізгенмін.

Жауап: 

Без Ответа

Сәлеметсіздерме, Мен кіші бір мекеменің есепшісімін, менің сұрағым қате аударылған зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жарналарын қалай қайтару жайында. Мекеме "Банк-клиент" бағдарламасымен жұмыс істейді, 2017 жылдың сәуір айынан бастап барша қызметкерлерге есептеліп аударылған зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жарналары сәуір айының есебіне түсіп отырған. Яғни мамыр, маусым, шілде айлары сәуір айының есебіне түсіп отырған. "Банк-клиент" бағдарламасымен аудару барысында кезеңі дұрыс көрсетіліп отырған, тек тіркелген файылдың кезеңі сәуір болып өзгермей қалған.

Жауап: 

Без Ответа

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші