A A A
Мазмұнына өту

You are here

Саламатсыз ба? Менің сізден сұрайтын сұрағым төмендегідей? Менің жолдасым 51-де. 1996 жылдан бері жұмыссыз.Қазір 3 немерем бар. Зейнеткерлікке неше жастан бастап шығады ? Зейнет ақысы қанша болады? Жауабыңызға алдын -ала рахмет!

Жауап: 

Сәлеметсіздерме!

 

Сіздің өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес ер адамдарға – 63 жас, әйелдерге – 58 жас зейнеткерлік жас белгіленген.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жыл сайын   6 айдан қоса отырып 2027 жылға дейін 63 жасқа жетеді.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін 63 жасқа дейін арттыруға жыл сайын 6 айдан біртіндеп жүзеге асырылады.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, зейнетақы төлемі тек екі көрсеткішке байланыстылығы белгіленген.

бірінші көрсеткіш – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан еңбек стажының жылдар саны.

Зейнетақыны толық көлемде тағайындау үшін талап етілетін стаж 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еркектер үшін 25 жылды, әйелдер үшін 20 жылды құрайды.

екінші көрсеткіш - зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңдегі орташа айлық табыс.

Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін жұмыста болған үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жылдың орташа айлық табысы назарға алынады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табысқа сәйкес белгіленеді.

Сізге толық түсініктеме алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі орталығына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

Орындаған Шенеева А.М.

 

 

Сұрақтың нөмірі: 323203
27 ақпан, 2015 - 12:35 өзгертілді

Мен Жолжигитова Кунсипа Калимолдиновна 12 қараша 1956 ж.т. Зейнеткерлік жасыма жетуіме байланысты 2014 жы қараша айында құжаттарымды Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық зейнеткерлік орталығына тапсырған болатынмын,  1998 жылға дейінгі еңбек өтілім 25 жыл, соңғы 36 айдағы жалақым 12 277 394 теңгені құрайды, өзім 3 топтағы мүгедекпін, есептелген зейнетақы мөлшеріне келіспеймін, зейнетақы орталығына жазбаша түрде хат жолдағанмын бірақ жауапсыз қалды, сол себепті сіздерден көмек сұраймын,, Зейнетақымның дұрыс бұрыстығын анықтап беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсізбе Кунсипа Калимолдиқызы!

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1 - ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыстың орташа айлық табысының  мөлшері болып табылады (негізі: Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

Айта кететін жайт, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 41 еселенген мөлшерінен аспауы, яғни  75 932 теңге болатын.  

Жасыңызға байланысты зейнетақы 2014 жылдың қараша айында 23 жыл 7 ай еңбек стажыңыз үшін және 2011 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қазан аралығындағы 75 932 теңге орташа еңбекақыңыз  есепке алынып тағайындалған (нақты орташа еңбекақыңыз  353 262 теңге болған, бірақ 41 АЕК-пен шектелген).

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі (әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 20 жыл еңбек стажы болу керек), бірақ ол зейнетақының есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайыздан аспауға тиіс.

Сіздің жағдайыңызда еңбек стажыңыздың коэффициенті 0,63 пайыз құрайды (20 жыл еңбек стажыңыз үшін– 60 пайыз, 3 жыл жұмыс iстеген үшін – 3 пайыз).

Сонымен, 2014 жылда тағайындалған зейнетақыңыздың мөлшелері 47 838 теңгені (75 932 теңге*0,63 пайыз) құрады және қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

Материалдық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде

Облыс, қала және аудан әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде аз қамтылған отбасыларына, материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы екендігін қосымша хабарлаймыз (негізі: «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» ҚР Заңы).

Сол себептен, осы мәселелермен Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласқаныңыз жөн.

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 322787
3 наурыз, 2015 - 15:27 өзгертілді

Мен, Асанова Светлана 1981 жылдан бері осы күнге дейін еңбек етіп келе жатырмын. 2000 жылы 2 топ мүгедек (инвалид 2 группа) болуыма байланысты, зарплаттан 10 % пайыз пенсионный взнос ұсталмай толықтай зарплатты алып жүрдім. 2012 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге, 2013 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге, 2014 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге еңбекақы алып жүрдім. Әр ай сайын еңбекақы банк арқылы банктік шотыма салынып отырды. Банктік аударымдарды (поручение) құжаттарын қоса беруге болама құжаттар тізіміне. Жасым: 10.10.1957 жылы.

Жауап: 

Жауап:

 

Сәлеметсізбе!

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдерге 20 жыл болған  жағдайда көзделген.

Егер, Сізде толық еңбек стажыңыз болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажыңызға пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегi зейнетақы төлеу тағайындалады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

Сіз білетіндей бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Бірақ, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Зейнетақыны тағайындау туралы толық түсінікті алу үшін қажетті құжаттарыңызбен тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жолығуға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 321989
27 ақпан, 2015 - 12:36 өзгертілді

 3 топтағы мүгедек азаматқа мүгедектігі туралы жәрдемақысы барлығы қанша теңге шығады және жұмыс істейтін болса оған қосымша жәрдемақы төленема? төленетін жағдайда не істеуге болады?

Жауап: 

Жауап:

Мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақы) мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.

Мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы 3 топтағы мүгедектерге тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ол 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді (2015 жылдың қаңтар айынан оның мөлшері 16664  теңге құрды).

Ал 3 топтағы мүгедектерге тиісті арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 0,64 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді (2015 жылдың қаңтар айынан бастап - 1 269 теңге) (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

 

 

 

 

 

 

 

К.Суханова

 

Сұрақтың нөмірі: 321877
13 ақпан, 2015 - 19:02 өзгертілді

Саламатсыздарма? менің сұрағым 3 топтағы мүгедек азаматтарға мүгедегі туралы жәрдемақы қанша төленеді соны білсем деген едім алдын ала рахмет.

Жауап: 

Жауап:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектік тобы белгіленген адамдарға мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - МӘЖ) мөлшері жыл сайынғы Республикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға бекітілетін күнкөріс деңгейінің мөлшерімен есептеледі (негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы).

МӘЖ мөлшері мүгедектіктің тобына және ауру себебіне байланысты анықталады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері –        16 664 теңге.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына сәйкес мүгедектерге мүгедектік тобына және ауру себебіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – арнаулы жәрдемақы) тағайындалады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша арнаулы жәрдемақының мөлшері – 1 269 теңге.

 

 

 

 

 

 

К.Суханова

Сұрақтың нөмірі: 321770
6 ақпан, 2015 - 11:42 өзгертілді

Саламатсызба! мен батыс казакстан орал каласынан жазып отырмын.Кызым Умирханова Акбота Темирхановна бес жаста мугедек  кулагы естимейди,диогниз:нейросенсорный тугаухость 3-4 степен .Менин кызымнын кулагы слухавой апаратпен естейди. Жана жана тили шыгып сойлеп келе жатыр. Логапедпен, дефиктологпен, соц педогогпен, сурдопедагок жумыс жасаймыз. Есту кабылетын дамыту ушин егер мумкиндик болып жатса бизге Алеуметтик кордан  видеокомпьютер керек еди.

Жауап: 

Жауап:

Сіздің сауалыңызды мұхият қарап, келесіні хабараймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектердің оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды. 

ОЖБ-ға сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған тізім және тәртіп бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса, мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, ымдау тілінің маманы, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі.

Мүгедектерді жоғарыда аталған оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етудің тәртібі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысында айқындалған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары өз құзыреті мен құқықтары шегінде тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорлардың қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар  белгілей алады. 

Сонымен бірге, облыс, қала және аудан  әкімдері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»  Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз құзыреті шегінде тағайындайды.

Осыған орай, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарына хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

 

 

Сұрақтың нөмірі: 321565
6 ақпан, 2015 - 11:41 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме!

Жауап: 

Төтенше және ең жоғары радиациялық қатерлі өңірлерде тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақыға үстемақы көзделген (негізі: Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы).

Ал, жоғарыда көрсетілген аймақтардан көшіп кеткен жағдайда, зенетақыға  қосымша төленетін үстемақының төленуі тоқтатылады.

Осыған байланысты, Семей қаласы  аталған аймаққа жатпайтындықтан (жоғары радиациялық қауiптi аймақ), Сіздің атаңызға экологиялық үстемеақы төлеуге заң негіздері жоқ.

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

ҚР Денсаулық сақтау

және әлеуметтік

даму министрі Т.Дюсеноваға

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Тойтобе көшесі №17 тұрғыны

Сейдин Закірден

Жауап: 

Жауап:  Сәлеметсізбе Гульнар Зиябековна!

Зейнетақы  төлемдерінің  мөлшері туралы

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан  кез келген 3 жыл жұмыстың орташа  айлық табысының  мөлшері  болып  табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қантардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы) (бұдан әрі – Заң).

Зейнетақы жарналарын төлеу жөнінде

Міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Бұған қоса айтатынымыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды (негізі: Заңның 24 бабы, 8 тармақшасы).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу туралы толық мәлімет алғыңыз келсе жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе облысыңыз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің  департаментіне  жолығуға  кеңес   береміз.

 

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

 

Сұрақтың нөмірі: 321230
30 қаңтар, 2015 - 19:14 өзгертілді
Жауап: 


  
Сәлеметсіз бе,!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (бұдан әрі - науқастық парағы) көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Сіздің жағдайыңызда ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 10 ай ішінде ӘА жүргізілген табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты алмастыру коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

 

Орын: Жумажанова А.Б.

 

Сәлеметсіз бе Тамара Касымовна! Менің сәбиім "врожденная расшеление губы и мягкого , твердого неба" деген диагнозбен дүниеге келген. Менің сұрағым: туа біткен осы диагнозбен туылған мугедек балаларға өкімет канша ақша көлемінде көмек береді? Және қанша жасына дейін көмек береді? Және жалғызбасты анаға да көмек бере ме? Назар бөліп оқығанызға рақмет! Айгерім

Жауап: 

Жауабы.

 

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қолданыстағы заңнама аясында республикалық бюджет есебінен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Жәрдемақылар мүгедектiктiң белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Осыған байланысты аталған жәрдемақылар мөлшері мүгедектік топқа байланысты (он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 24 336 теңге мөлшерінде, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі (1-3 топтағы) мүгедек балаларға шамамен  33 291 теңгеден 20 711 теңге дейін) жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мүгедек баланы (18 жасқа дейін) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге ай сайын жалақының 1,05 ең төмен мөлшерінде (22 433 теңге) мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленеді.

Жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін көмек туралы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында «жалғызбасты ана» ұғымы жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралады.          

Алайда, облыс, қала және аудан әкімдері өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына оның ішінде аз қамтылған отбасыларына материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуге құқылы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен бірге, белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз.

Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке және балаларға арналған жәрдемақыға үміткер болу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

?: Омирбекова А.

Сұрақтың нөмірі: 320960
28 қаңтар, 2015 - 16:02 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші