check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы заң негізінде 3-ші топтағы еңбек ететін мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақыға қосымша әлеуметтік сақтандыру жүйесінен жәрдем алуға құқығым бар ма? Мен мүгедектікке 1997 жылы июль айында шыққан болатынмын, ал Заң 2005 жылдан бастап шыққан. Өмір бойы еңбектен қол үзбей келе жатырмын. Осы туралы сіздерге өтініш жіберген де болатынмын. Бірақ ол өтінішімді Павлодар облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жауап беруге жіберіпті (27.03.2009ж - №71-2990) Сол уақыттан бері бүгінгі күнге дейін жауап жоқ. Мен олар шеше алмайтын болғаннан кейін сіздерге өтініш жіберген болатынмын. Жауабыңызды күтемін.
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңының 21 бабына сай еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында тағайындалатын әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысты тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, егер медециналық - әлеуметтік сараптама оған еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілесе тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері соңғы 24 айдың орташа еңбекақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.Егер Сіз 2005 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде зейнеткерлікке немесе мүгедектілікке шығуыңызға байланысты жұмыс істемеген болсаңыз, онда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сізідің атыңызға әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) түспеген болар. Ол жағдайда Қордан әлеуметтік төлем тағайындау мүмкін емес.Егер 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сіздің атыңызға әлеуметтік аударымдар түскен болса, Сіз Қордан әлеуметтік төлем алуыңызға құқылысыз.Толық ақпарат алу үшін мекен-жайыңыз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа баруыңыз қажет.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 217449
5 мамыр, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма!Менің сұрағым сіздерге Мен жұмыс істеймін 1 жыл 6 ай декрет демалысына шығу үшін қандай құжат керек және 1-жасқа дейінгі бала күтіміне қанша алаламын және маған үкімет тарапынан декретный төленеді ме жауап
Жауап: 

 Жауап:2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңына сай (бұдан әрі - Заң) жүктілігіне және босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады. Заң бойынша, бала күтімі үшін демалыс 1 жылға беріледі, немесе Еңбек кодексінің 195 бабына сай балалардың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 3 жылдық демалыс алуыңызға болады.Заңның 23-2 бабына сай, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады. Табысты ауыстыру коэффициенті – 0,4 болады.Сіздің атыңызға түскен әлеуметтік аударымдар бізге белгісіз болғандықтан, Сіздің бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің нақты есебін жасап шығару мүмкін емес. Толық мәлімет алу үшін мекен-жайыңыз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа баруыңыз қажет.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 217447
4 мамыр, 2009 - 00:00 өзгертілді
Мен Ахмат Бердімұратов биыл 6 мамырда 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығамын. Еңбек өтілім үзіліссіз 41- ші жыл. Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 20 маусымда қабылданып қолданылып жүрген “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңның 13 бабында көрсетілгендей, орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бұнда орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу орташа айлық кiрiстiн 60 процентi есебiнен жүргiзiледi делінген екен. Менің соңғы 3 жылдық, яғни 36 айлық табысым 1824950 теңге құрайды. Сонда орташа айлық табысым (1824950:36=50693) 50693 теңге болады екен. Соның 60 пайызы = 30415 теңге есептелу керек емес пе?Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, аудан орталығындағы зейнетақы есептеу бөліміндегілер басқаша есептеп 24000 теңгедей болады дейді, сонда бұл қалай болғаны. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша маған қалай, қанша есептелу керек екендігін толық есептеп, түсіндіріп, жазып жіберсеңіздер, ризашылығымды білдіремін.
Жауап: 

 ЖАУАП: Құрметті Ахмат аға!Өзіңіз жоғарыда айтып өткендей елімізде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңы (бұдан әрі - Заң) шеңберінде жүргізіліп отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикамызда зейнетақымен қамсыздандыру 2 жүйеде жүргізілуде: 1) ынтымақты (солидарная), яғни орталықтан төленетін; 2) жинақтаушы, яғни жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін.Жоғарыда аталған Заңның 9-бабына сәйкес орталықтан зейнетақы төлемдерi: - еркектерге 63 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарына дейін кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда, - әйелдерге 58 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарына дейін кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн орташа айлық кiрiстiң 60 процентi есебiнен жүргiзiледi. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс. Ал, осы заңның 14-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылғы жұмыс iшiндегi табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмыс iшiндегi табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 28 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен (АЕК) аспауға тиiс. Яғни, Заңның осы нормасы басшылыққа алына отырып зейнетақы төлемін тағайындау үшін ескерілетін орташа айлық табыс мөлшері шектеледі. ҚР-ның «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2009 жылы АЕК мөлшері 1273 теңге мөлшерінде белгіленген. Осы орайда 2009 жылы зейнетақы төлемін тағайындау үшін ескерілетін орташа айлық табыстың ең жоғары мөлшері 35644 теңгені (28*1273) құрайды. Орынд. М. Мейірбеков

Сұрақтың нөмірі: 217593
27 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! Күйеуім қайтыс болған, үш балам бар. Маған өкімет тарапынан қандай көмек алуыма болады.Үлкен балам 8 жаста. Алдын ала рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Бақыткүл! «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР-ң Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар алуға құқылысыз. Жәрдемақы жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды. Жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне хабарласуыңызға болады. Сонымен бірге, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар. Осыған қоса, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыста белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді. Жәрдемақы және көмек тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша қалалық (аудандық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады. Орын.: Г. Сейтпембетова

Сұрақтың нөмірі: 217547
25 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме? Мен 2007 жылдың қыркүйек айынан 2008 қаңтар айына дейін декреттік демалыста, қаңтар айынан маусым айына дейін бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыста болдым. 2008 жылдың маусым айынан бастап жұмыстамын. 2009 жылдың мауым айынан бастап қайта декреттік демалысқа кетпекшімін. 1) Декреттік демалысты бұрынғысынша жұмыс беруші төлей ме? Төленетін декреттік демалыстан басқа тағы қандай әлеуметтік төлемдер ала аламын? 2) Мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып істеймін. Компьютердің зияны үшін жалақыма қосылып төлемақы төленеді. Декреттік демалысқа әдеттегідей жүктіліктің 30 аптасынан бастап шығамын ба, әлде 28 аптасынан шығуыма бола ма? Неше күнге?
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемдер «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) түскен әлеуметтік аударымдар сомасы арқылы орташа айлық табысы анықталып жүктілігі мен босануына және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалады. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші жүктілігі және босануы бойынша төлемдерді төлемейді.Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Сіздің атыңызға (ӘЖК бойынша) ай сайын жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады.Сізге жүктілігі бойынша еңбекке жарамсыздық парағы 30 аптадан бастап 126 күнге беріледі. Еңбекке жарамсыздық парағын алған соң қажетті құжаттармен мекен-жайыңыз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (бұдан әрі - ЗТМО) баруыңыз қажет.1) Жүктілігіне байланысты әлеуметтік төлем мөлшерін анықтағанда, Сіздің бүкіл жалақыларыңыз әлеуметтік аударымдар арқылы анықталады. Ол үшін Сіздің соңғы 12 айда алған жалақыңыздың орташа мөлшері әсер етеді.2) Баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне арналған әлеуметтік төлемнің мөлшері Сіздің баланы туған күніне дейінгі 24 айдағы орташа жалақыңыздың 40% құрайды.3) Сонымен қатар, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» туралы ҚР Заңындағы 10 бабына сай әр бір әйелге бала туғанда 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде жәрдемақы беріледі.2009 жылдың 1 қаңтарынан АЕК 1273 теңгені құрайды.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 216934
20 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Мен 1980 жыддан балалар үйінде қызмет жасаймын. Мамандығым тәрбиеші. сол жылдан пәтер кезегінде тұрамын. 2004 жылы үй медбикеге одан соң дәрігерге берілді. Тәрбиешіге жоқ. Бұрын кезек сақталатын қазір кезек сақталмайды. 29 жыл жетім балаармен жұмыс жасап, тәрбиеші аналар еңбегі ескерілмегеніне жауап іздейміз.Енді кімнен көмек күтуге болады.сіздің көмектесуіңізді өтінемін.
Жауап: 

 Құрметті Күләш!Сіздің сұрағыңыз Министрлік құзіретіне кірмейтіндіктен,Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Әкімдікке хабарласуыңызды сұраймыз.Орын; М. Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 217385
20 сәуір, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма ! Мен Кызылорда Қаласынан жазып отырмын, Менің қоятын сұрағым мен казір үшінші балаға екі қабатпын ,мен жеке ип - организацияда да жұмыс жасадым 7 ай болғанда жұмыстан шығып кеттім, мен 1-жасқа дейінгі бала күтіміне қанша алаламын және маған үкімет тарапынан декретный төленеді ме жауап күтемін .
Жауап: 

 Жауап:2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңына сай (бұдан әрі - Заң) жүктілігіне және босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Сіздің атыңызға (ӘЖК бойынша) ай сайын жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады.1) Сіздің жағдайыңызда қазір жұмыс істемеуіңізге байланысты жүктілігі және босануына арналған әлеуметтік төлемақы берілмейді.2) Заңның 23-2 бабына сай бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады. Табысты ауыстыру коэффициенті – 0,4 болады. Бұл ретте әлеуметтік төлем мөлшері мемлекеттің жұмыссыз әйелдерге тағайындалатын жәрдемақыдан кем болмауы тиіс, яғни:бірінші балаға - 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);екінші балаға - 5,5 АЕК;үшінші балаға - 6 АЕК;төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 АЕК көлемінде белгіленеді.3) Сонымен қатар, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» туралы ҚР Заңындағы 10 бабына сай әр бір әйелге бала туғанда 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде жәрдемақы беріледі.Қорытындылай келгенде, Сіз бала туғаннан соң мекен-жайыңызда орналасқан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барып, жоғарыда көрсетілген төлемдерге құжаттар беруіңізге болады.2009 жылдың 1 қаңтарынан АЕК 1273 теңгені құрайды.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 216926
30 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді
мен 2008 жылы 1 қаңтарда сәбилі болдым,Түркістандағы ХҚТУ-дің қызметкерім, айлық жалақым 30 мың ,ал бала күтіміне байланысты 5500 теңгеден артық ақша алған жоқпын.зейнеақы қорына әр ай сайын ақша аудардым. неге маған төлеген ақшаның көлемі аз және оны қазіргі уақытта 2009 жылы өндіре аламын ба және бұл үшін кімге баруым қажет? Жауабыңызға рахмет.
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай (бұдан әрі - Заң) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) түскен әлеуметтік аударымдар сомасы арқылы орташа айлық табысы анықталып бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлем тағайындалады. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады. Табысты ауыстыру коэффициенті – 0,4 болады.Сіздің атыңызға түскен әлеуметтік аударымдар бізге белгісіз болғандықтан, Сіздің бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің нақты есебін жасап шығару мүмкін емес.Сонымен қатар, тағайындалған әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу Заң бойынша мүмкін емес, себебі Сіздің әлеуметтік төлеміңіз бала туғанға дейінгі 2 жылдағы әр сайын Қорға түскен әлеуметтік аударымдар сомасының негізінде анықталған.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 216745
18 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді
саламатсыздар ма? менің анам 7 бала дүниеге әкелген президенттің 5 наурыздағы әйелдер форумында: Қазақстан әйелдері әрқашанда тұрақтылық пен татулық негізі болды, бола береді де. Ана мен бала мәселесі мемлекеттің ұдайы қамқорлығында»,-деді президент. 2010 жылдан бастап дүниеге төртінші сәби әкелген аналарға берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға өсіп, 68 мың теңгеге көбейеді. 20 пайызға көбейеді. Бұдан былай «Алтын алқа» жеті балалы, «Күміс алқа» алты баласы бар аналардың барлығына беріледі. Осындай марапатқа лайық аналар ай сайын 8 мың теңгеден астам мөлшерде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.айтқанындай менің анама алтын алқа тиесілі болады ма және оған қандай құжаттыр жинай керек қайда тапсыру қажет? рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Мақсат! Облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің ұсынуы бойынша көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құзіретіне жатады. Осыған орай, Сіз «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау жөнінде жергілікті жеріңіздің әкімдігіне хабарласуыңыз қажет. Орын.: Сейтпембетова Г.

Сұрақтың нөмірі: 216707
9 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді
Салематсыздарма? Асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы аламын.Бір балам бар.Бірақ 2009 жылы ол зейнетақы өспей өзгеріссіз қалды.соның себебін білгім келеді.Зейнетақы мөлшері алып жүрген-8900 тенге мөлшерінде.
Жауап: 

 Ответ.«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде жәрдемақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,66 мөлшерінде тағайындалады.2008 жылдың шілдесінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бірінші жарты жылдық үшін өтемақы төленген.Яғни, 2008 жылдың шілдесінен бастап жәрдемақыңыздың мөлшері 7937 теңгені құрады. Бірақ, шілде мен желтоқсан айы аралығында Сізге 8934 теңге төленіп тұрған (жоғарылатылған жәрдемақының мөлшері - 7937 теңге, бірінші жартыжылдық үшін өтемақы - 997 теңге). Соңғы өтемақы 2008 жылдың желтоқсанында төленді.Осыған орай, ай сайын өтемақының төленіп отыруына байланысты 2009 жыл мен 2008 жылдың жәрдемақыларының айырмашылығы айтарлықтай байқалмады. Эксперт Комитета по контроля и социальной защите Толеубеккызы Акмарал

Сұрақтың нөмірі: 216515
5 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші