check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сәлеметсіздер ме?Мен алғашқы жүктілігіме байланысты 2007 жылдың қазан айында декретный отпускке шықтым. 2007 жылдың 18 желтоқсанында 1-ші баламды босандым. Қазіргі уақытта 2 балама жүктімін (30-апта). Бірінші баламды босанғаннан кейін осы уақытқа дейін жұмысқа шыққаным жоқ. Менің білгім келетіні: маған жүктілікке байланысты жәрдемақы төленеді ме? Төленген жағдайда қандай мөлшерде?
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) түскен әлеуметтік аударымдар сомасы арқылы орташа айлық табысы анықталып жүктілігі және босануына байланысты төлем тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері Сіздің атыңызға (ӘЖК бойынша) ай сайын жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады. Бірақ Сіздің жағдайыңызда алдыңғы баламен демалыста отырған кезіңізде Сізге жұмыс берушіңіз әлеуметтік аударымдар жүргізбегендіктен, Сіз Қордан әлеуметтік төлемді ала алмайсыз. Бірақ бала туғаннан соң, Қордан бала 1 жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін құжат өткізу қажет.Бұдан басқа мемлекеттік бюджеттен бала тууына байланысты 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) сомасында жәрдемақы аласыз. 2009 жылдың 1 қаңтарынан АЕК 1273 теңгені құрайды.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 216153
4 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма ! Биздер оралманбыз Өзбекістаннан Республикасынан көшіп келгенбіз, бірақ біз еш қандай жардем ақы алғанымыз жоқ (квота), себебі менин балдарымның бәрі мектепті бітіріп, Алматыда оқып , барлығы азаматтығын бұрын алып койған. Менин койар сұрағым мынандай, мен Өзбекстанда 32 жыл білім бердім, содан менің денөсаулығым болмай II группа болып пенсияға шықтым, 2005 жылы Қазахстанға көшіп келдім, келгенен кейн кұжаттарымды (ГЦВП)-ға тапсырдым, мен қазіргі уаққытта II топтағы мүгедектер арналған пенсиясын алудамын, бірақ олар маған сіздің бұрынғы Өзбекстандағы стажыңыз есепке кірмейді деді, ол сонда дұрыспа, менін совет үкіметіндегі еңбегі зайяға кеттіма? осыған жауап берулеріңізді сұраймын; Алибекова Күнсұлу Қонкашкызы ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылы, Зұлыпқаров кошесі, 13 үй. тел. 8(72542) 41-1-21 сиздер маған дұрыс жауап бермедіңіздер түсінбедіңіздерме білмеймін, дұрыстап оқуларыңызды сұраймын? мен пенсия алып жатырмын мүгедектерге арналған, маған сіздер мына сұраққа жауап берулеріңізді сұраймын? менің бұрынғы Өзбекстандағы стажым есепке кірмейдіме жоқ алде кіредіме, рахмет !
Жауап: 

 Жауабы.Мәскеу қаласында 1992 жылғы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер арасындағы келісім-шарт бойынша, азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы туралы Келісім қабылданған.Осыған орай, Өзбекістан Республикасы Келісімге қатысушы мемлекеттер аумағында болғандықтан зейнетақы тағайындау кезде еңбек өтілі есепке алынатынын хабарлаймыз. Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің экспертіАйтанаева С.Е.

Сұрақтың нөмірі: 216134
2 наурыз, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! Мен мектепте мұғаліммін. 5-ші балаға босандым.Алдында декретный отпускадан келгем. 9 ай еңбек етіп қайта 2008.маусым айында декретке кеттім. Сұрағым: Декретный ақшаны Қалай есептейді Жалақым ай сайын 25000 теңге .Орташа еңбек айлықты есептеп берсеңіздер екен.Выплатной центр 9 айды қосып 12-ге бөліп отыр осы дұрыс па?
Жауап: 

 Жауап:Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтарына (бұдан әрі - ЗТМО) 24 қыркүйек 2008 жылдың №11-2-20/5553 жіберген хатына орай, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңындағы 23-1 бабының 4 тармағына сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.Әлеуметтік төлемнің мөлшері Сіздің атыңызға ай сайын жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады. Сіздің атыңызға түскен әлеуметтік аударымдар бізге белгісіз болғандықтан, Сіздің жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік төлемдердің нақты есебін жасап шығару мүмкін емес. Сіз өз мекен жайыңыз бойынша ЗТМО-ға барып, тағайындалған әлеуметтік төлемді қайта қарастыруға өтініш беруіңізге болады. Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215987
27 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы Төлекбекқызы Ақмарал егер аудандық әкімдікте, қалалық әлеуметтік қорғау Басқармасы да (аталмыш Басқарма сіздерге бағынатынын надандарда біледі) тырп етпсе,е ал Сіздің жауабыңыздағы менің атымды да қате жазғаныңызға қарағанда 'очередной отписка' бергеніңізге рахмет!!! Бірақ, әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына көп балалы ананы әлеуметтік қорғау жатпаса қайда хабарласымыз соны айта саларсыз? Аудандық әкімдікке барғанмен охранадар әрі аспаймыз!!!
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Назира!Аудандық әкімдіктер өткізген шараларға шақырылатын адамдар тізімін бекіту туралы сауалыңыз Министрліктің құзырына жатпайтының ескеріп ҚР мәдениет және ақпарат министрлігіне хабарласуыңызды сұраймыз.Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы - Төлеубекқызы Ақмарал

Сұрақтың нөмірі: 215994
27 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме? Менің шешем 53 жасында 5 баламен зейнетке шықпақшы. Бірақ еңбек өтілі 19 жыл болып тұр. Қанша ақша шығуы мүмкін. 1980 жылдан бері жұмыс істейді. Осыған кеңес берсеңіздер! 20 жылға толмаса болмай ма?
Жауап: 

 Құрметті Нүрсұлу Құрбанбекқызы!Зейнетақы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 шілдедегі №136-1 «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес тағайындалады.Заңның 9 бабының 3 тармағына сүйенсек, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде жеңілдік шартпен қарттық зейнетақы алуға құқылы. Бірақ бұл үшін еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жылдан кем болмауы тиіс, ал еңбек өтіліне әрбiр бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт есептеледі.Бұл ретте, Сіздің еңбек өтіліңіз толық көлемде болмағандықтан заң нормаларына сәйкес Сізге жасыңызға байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалуы мүмкін.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері табыс мөлшері мен еңбек өтіліне байланысты болмайды.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің эксперті – Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 216129
27 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Бердібек аға ! Мен, жеті баланың анасымын, кәзір сегізіншіге аяғым ауыр. Астана қаласы Алматы ауданындағы Мичурин кентінде тұрамын. Сұрайын дегенім, аудандық әкімдік тарапынан бірде – бір мәрте көп балалы аналарды құттықтаған шараға шақырту алмаймын, себебін сұрап барғаныммен есіктегі күзеттен әрі аса алмай кері қайтып жүргенім... 2004 жылдан бері үйдің де, жердің де өмірі жылжымайтын кезегінде тұрмын. Жарайды, баспанаға кезекке тұрғандар көп, оны түсінемін, ең болмаса екі күннің бірінде өтіп жатқан шараға неге адамдар арнайы тізіммен шақыртылады? Аудандық әкімдік тарапынан қарапайым адами көзқарас жетпейді, жылда бір тізіммен белгілі бір адамдар ғана құрметке ие болады? Жеті баламмен әркімнің пәтерін жағалап жүргеніміз. Туыс-туғандарыма рахмет, қолдарына келгенше көмектесіп жатқандары... Жолдасым бұған дейін құрылыста жүр еді, міне жарты жылдан асты, жұмыссыз үйде отыр. Кейде Жылда аудандық әкімдіктер өткізген шараларда неге тек бір адамдар ғана қамтылып, тізім жаңартылып отырмайды? Осыған байланысты, сізден жауап күтемін. Сегіз балалы жас отбасына бір көзқарас білдірмеген Басқарма ма әлде кабинет жағалатып қойған аудандық әкімдік кінәлі ме? Осыған жауап берсеңіз екен. Біздің мемлекеттік органдар әлі бюрократизмнен шаршаған жоқ па? Нұрманова Назира, байланыс телефоным; 8702 253 72 91 Адресім жоқ, өйткені пәтер жағалап жүрген адамда адрес деген болмайды ғой !!!
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Балнұр!Сіздің қойып тұрған сауалыңыз Министрліктің құзырына жатпайтының ескеріп жергілікті әкімдікке хабарласуыңызды сұраймыз.Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы - Төлеубекқызы Ақмарал

Сұрақтың нөмірі: 215964
26 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Бердібек Сапарабайұлы! Мен, жеті баланың анасымын, кәзір сегізіншіге аяғым ауыр. Астана қаласы Алматы ауданындағы Мичурин кентінде тұрамын. Сұрайын дегенім, аудандық әкімдік тарапынан бірде – бір мәрте көп балалы аналарды құттықтаған шараға шақырту алмаймын, себебін сұрап барғаныммен есіктегі күзеттен әрі аса алмай кері қайтып жүргенім... 2004 жылдан бері үйдің де, жердің де өмірі жылжымайтын кезегінде тұрмын. Жарайды, баспанаға кезекке тұрғандар көп, оны түсінемін, ең болмаса екі күннің бірінде өтіп жатқан шараға неге адамдар арнайы тізіммен шақыртылады? Аудандық әкімдік тарапынан қарапайым адами көзқарас жетпейді, жылда бір тізіммен белгілі бір адамдар ғана құрметке ие болады? Жеті баламмен әркімнің пәтерін жағалап жүргеніміз. Туыс-туғандарыма рахмет, қолдарына келгенше көмектесіп жатқандары... Жолдасым бұған дейін құрылыста жүр еді, міне жарты жылдан асты, жұмыссыз үйде отыр. Жеті баламен кезекте жеті жыл тұрып, ең болмаса қарапайым жылуға зәруміз. Кейде төрт баласы бар көп балалы отбасы дегенді тізіммнен оқып, таңғаламын. Менің сізден сұрайын дегенім; мен сияқты көп балалы аналарға берілген сан алуан жәрдемнен неге тыс қала беремін? Жылда аудандық әкімдіктер өткізген шараларда неге тек бір адамдар ғана қамтылып, тізім жаңартылып отырмайды? Осыған байланысты, сізден жауап күтемін. Бұл мәтіндегі хатымды «Алматы» ауданы Әкімі Сапар Қайратовтың атына да жолдап отырмын. (Тура осы хаттың көшермесі) Сегіз балалы жас отбасына бір көзқарас білдірмеген Басқарма ма әлде кабинет жағалатып қойған аудандық әкімдік кінәлі ме? Осыған жауап берсеңіз екен. Біздің мемлектеттік органдар әлі бюрократизмнен шаршаған жоқ па? Нұрманова Назира, байланыс телефоным; 8702 253 72 91 Адресім жоқ, өйткені пәтер жағалап жүрген адамда адрес деген болмайды !!!
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Балнұр!Сіздің қойып тұрған сауалыңыз Министрліктің құзырына жатпайтының ескеріп жергілікті әкімдікке хабарласуыңызды сұраймыз.Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы - Төлеубекқызы Ақмарал

Сұрақтың нөмірі: 215954
25 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Бердібек аға! менің сұрағым барлық журналистердің арасында айтылып жүрген тақырыппен байланысты. Өйткені, журналистер, яғни біздерді 'төртінші билік өкілдері' деп алдап қояды. Оны өзіңізде білесіз. бірақ біз неге мемлектетік тұрғын үйге не арендалық жильеға үміткер бола алмайтынымызды түсіне алмай отырмыз.Атамыз қазақта 'тоқалдан туған балама' деген пікір бар еді. соның кері дәл бізге келіп отыр. Біздің әлеуметтік қорғалуымызды қолға алсаңыз екен. Журналистердің 60-70 пайызы есік жағалап, қалғанжарын айлығына өмір бойы квартирант бола бермек? Құрметті Бердібек аға ! Мен, жеті баланың анасымын, кәзір сегізіншіге аяғым ауыр. Астана қаласы Алматы ауданындағы Мичурин кентінде тұрамын. Сұрайын дегенім, аудандық әкімдік тарапынан бірде – бір мәрте көп балалы аналарды құттықтаған шараға шақырту алмаймын, себебін сұрап барғаныммен есіктегі күзеттен әрі аса алмай кері қайтып жүргенім... 2004 жылдан бері үйдің де, жердің де өмірі жылжымайтын кезегінде тұрмын. Жарайды, баспанаға кезекке тұрғандар көп, оны түсінемін, ең болмаса екі күннің бірінде өтіп жатқан шараға неге адамдар арнайы тізіммен шақыртылады? Аудандық әкімдік тарапынан қарапайым адами көзқарас жетпейді, жылда бір тізіммен белгілі бір адамдар ғана құрметке ие болады? Жеті баламмен әркімнің пәтерін жағалап жүргеніміз. Туыс-туғандарыма рахмет, қолдарына келгенше көмектесіп жатқандары... Жолдасым бұған дейін құрылыста жүр еді, міне жарты жылдан асты, жұмыссыз үйде отыр. Жеті баламен кезекте жеті жыл тұрып, ең болмаса қарапайым жылуға зәруміз. Кейде төрт баласы бар көп балалы отбасы дегенді тізіммнен оқып, таңғаламын. Менің сізден сұрайын дегенім; мен сияқты көп балалы аналарға берілген сан алуан жәрдемнен неге тыс қала беремін? Жылда аудандық әкімдіктер өткізген шараларда неге тек бір адамдар ғана қамтылып, тізім жаңартылып отырмайды? Осыған байланысты, сізден жауап күтемін. Сегіз балалы жас отбасына бір көзқарас білдірмеген Басқарма ма әлде кабинет жағалатып қойған аудандық әкімдік кінәлі ме? Осыған жауап берсеңіз екен. Біздің мемлектеттік органдар әлі бюрократизмнен шаршаған жоқ па? Нұрманова Назира, байланыс телефоным; 8702 253 72 91 Адресім жоқ, өйткені пәтер жағалап жүрген адамда адрес деген болмайды ғой !!! жауап кутем
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Назира Нұрманова!Республикалық бюджет есебінен 4 кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларына ай сайын 4965 теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тиесілі.2010 жылдан бастап жеті және одан көп бала туып, оларды тәрбиелеген көп балалы аналарды «Алтын алқамен», сондай-ақ алты бала туған аналарды – «Күміс алқамен» марапаттау көзделіп отыр.Сіз қойып отырған баспана беру, көп балалы аналарға басқа да жәрдем көрсету және құттықтау шараларына шақыру сияқты сұрақтар жергілікті атқарушы органдар құзырына кіруі себепті облыстық әкімшілікке жүгінуіңіз қажет. Орынд: Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 216042
25 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
сәлематсиздер ме? Мен 2009 жыл балалы болған аналарға берілетін жәрдем ақынын және жұмыс жасайтын аналарға қандай көлемде берілетін білгім келеді.Егер анасының айлығы жолдасының (куйенін) айлығынан аз болса, онда оның мекемесінен алуға болады деп жатыр? Ал оның мекемесі жекеменшік ЖШС болса ше? Әлде Жәрдемақы орталығынан төленеме екен?Осы сұрақтарыма жауап күтемін, сайттарыңызға көп-көп рахмет!
Жауап: 

 Жауап:2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы ҚР Заңның (бұдан әрі - Заң) 23-1 бабына сай жүктілігіне және босануына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады. Әлеуметтік төлемнің мөлшері Сіздің атыңызға (ӘЖК бойынша) ай сайын жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады. Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) еңбекке жарамсыздық парағы;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі қоса беріледі. «Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесiн бекіту» туралы ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 859 бұйрығына сай әлеуметтік төлем еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген кезеңге дейін тағайындалады. Сондықтан Сіздің күйіңізге әлеуметтік төлемді тағайындау мүмкін емес. Себебі жүктілігіне және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы тек қана жүкті әйелдерге беріледі. Жүктілігі және босануы бойынша төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік қатердің басталуы алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айда алынған орташа айлық табысты 4,2 коэффициентіне, ал босануы қиын болған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда 4,7 коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізіл¬ген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады. Заңның 23-2 бабына сай бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін мекен жайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барып, өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады. Табысты ауыстыру коэффициенті – 0,4 болады. Бұл ретте әлеуметтік төлем мөлшері мемлекеттің жұмыссыз әйелдерге тағайындалатын жәрдемақыдан кем болмайды.Бұдан басқа, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» туралы ҚР Заңындағы 10 бабына сай әр бір әйелге бала туғанда 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде мемлекет тарапынан жәрдемақы беріледі. Ал бала күтімі жөніндегі жұмыссыз әйелдерге берілетін жәрдемақы көлемі:бірінші балаға - 5 АЕК;екінші балаға - 5,5 АЕК;үшінші балаға - 6 АЕК;төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 АЕК көлемінде белгіленеді.Оры; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215949
18 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! Сіздерден сұрарым, менім анамның тоғыз баласы бар, зейнеткер. 2007 жылы бір баласы қайтыс болды. Анам осы уақытқа дейін көп балалы ана ретінде қосымша ақы алатын. Күміс алқа және күміс алқаның куәлігін өткізбесеңіз қосымша ақыны төлеуді тоқтатамыз депті. Осы қаншалықты заңды?Күміс алқа иесі болу үшін қандай құжаттар қажет? Сіздерге алдын ала рахмет! Жауаптарыңызды асыға күтемін.
Жауап: 

 Құрметті Эльмира!«Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапаттау туралы сұрақтар Министрліктің құзырына жатпайды.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес он және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген, оныншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте аналар «Алтын алқа», сегіз және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген, сегізінші баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте аналар «Күміс алқа» белгісімен марапатталады.Облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің ұсынуы бойынша көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттауды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құзыретіне жатады. Осыған байланысты, Сіздің анаңызды «Күміс алқа» белгісімен марапаттау жөнінде жергілікті жеріңіздің әкімшілігіне жолығуыңыз қажет.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертіКөшкімбекова Раушан Жанабайқызы

Сұрақтың нөмірі: 216007
18 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші