A A A
Мазмұнына өту

You are here

үш айда бир рет берилетин жардем ақы , мысалыга осы үш айда алынса келеси үш айда толып қалды деп құжаттарды қабылдамауга құқылы ма
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Балнұр!Жазылған мәліметтің аздығына байланысты бұл сұраққа толықтай жауап беру мүмкін емес.Сол себептен, жәрдемақының және құжаттың түрін атап кетуіңізді сұраймыз. Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы - Төлеубекқызы Ақмарал

Сұрақтың нөмірі: 215947
13 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! ОҚО, Шымкент қаласы,Қыпшақбаев Самат. Менің жұбайым 2008 жылдың 1 маусымы күні тұнғыш қызымызды дүниеге әкелді, қазір тоғыз айға толды, жұбайым екінші сәбиімізге жүкті, соған байланысты жұмыс істемеседе жүктілігіне және босанғанына байланысты декреттік жәрдемақы ала ала ма? немесе оны алу үшін қайтадан міндетті түрде жұмыс істеу керек пе? және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаға 1жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы 6400 теңгеге өскен жоқ па? біз әлі 5800 теңге алып отырмыз.
Жауап: 

 Жауап:Жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу кезекті әлеуметтік қатер туындаған уақытқа дейінгі (жүктілігі және босануы бойынша жұмысқа жарамсыздық парағында көрсетілген күнге дейін) соңғы 12 айдағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) Сіздің әйеліңіздің атына түскен нақты әлеуметтік аударымдар сомасы негізінде анықталады. Егер Сіздің әйеліңіз кезекті бала тууға дейін жұмысқа шықпаса, онда әлеуметтік аударымның түспеуіне байланысты, жүктілігі және бала тууына әлеуметтік төлем де тағайындау мүмкін емес. Екінші баланы күтуге әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігі негізінде екінші баланы күтуге Қордан әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл әлеуметтік төлемнің ең кіші мөлшері 5,5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем емес мөлшерді құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бала тууына 30 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.АЕК мөлшері 01.01.2009ж бастап 1273 теңгені құрайды. Орын; АҚ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215539
11 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! Менің Анамның аты -жөні Қыпшақбаева Сапаркүл жеті баланың анасы, қазір жасы 52-де. Бұрын жұмыс істемеген, жеті бала туған әйелдерге зейнетақы немесе әлеуметтік төлемдер тағайындалама? тағайындалса қанша жастан? қанша көлемде?
Жауап: 

 ЖАУАП:Құрметті Самат!ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола алады. Жәрдемақы мөлшері бір балаға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 1273 теңге. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) 3,9 АЕК (4965 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.Сонымен қатар, ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы.М. Меирбеков

Сұрақтың нөмірі: 215642
11 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! Қызылорда зейнеткері Қызылордадан зейнетақымен қоса экологиялық зона ретінде қосымша ақы алады.Егер осы зейнеткер Алматы болысына көшіп келіп,зейнетақысын осы облысқа ауыстырса экологиялық зона ретінде төленетін қосымша ақысы сақтала ма?Жауаптарыңызға алдын-ала рахмет!
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Гүлжанар!Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес зейнетақы алушылар республиканың басқа өңірлеріне көшкен жағдайда, олардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері толығымен сақталады. Орынд: Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 215863
10 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме! Егер қызметкер жүктілікке және босануға байланысты жарамсызқағазында қөрсетілген мерзімге демалысқа өтініш жазса,ал босанғаннан кейін бала күту демалысына өтініш жазбаса,жұмыс орны сақтала ма? Бала күту демалысынаөтініш жазу міндетті түрде ме?Жауаптарыңыға рахмет!Жауаптарыңызға
Жауап: 

 Жауап:Жұмыс беруші, Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 195 бабы бойынша, баланың анасына бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.Арыз, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 1 бабының 1)-ші тармақшасы бойынша, адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшхаты. Осыған орай, демалысқа шығу үшін арыз (өтiнiшхат) жазу еңбек қатынастарын рәсімдеудің міндетті тәртібі.Қазбеков Думан Қабдуұлы, сарапшы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 215942
10 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарм ма? Сауал: менің анам Қамбарова Хадиша, 1956 жылы қаңтар айында туған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының тұрғыны. Бес баласы бар. Биыл бала саны бойынша зейнетке шығуы керек-тін. Бірақ арнайы органдагылар ол кісіге 'еңбек өтіліңіз жетпейді' дегенді айтыпты. Ол кісі зейнетке бала саны бойынша шыққалы отыр ғой. Осы мәселе бойынша консультация берсеңіздер екен.
Жауап: 

 ЖАУАП:ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 9-бап, 4-тармағына сәйкес Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде: - еркектерге 1998 жылдың 1 қаңтарына кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда 63 жасқа толғанда; - әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарына кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда 58 жасқа толғанда тағайындалады. Сондай-ақ, осы 9-баптың, 3-тармағына сәйкес бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда 4-тармақта көрсетілген Заң нормасы (қажеті еңбек стажының болуы) осы тармаққа да бірдей қолданылады. эксперт - Меирбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 215640
9 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма?! Менің 5 ұл-қызым бар. Менің айлығым 14 мың тенге. әйелім (бір жасқа дейінгі + 5-балаға) жалпы - 12 мың тенгедей аламыз, сонда екеуміздің табысымыз - 26 мың теңгені құрайды. Қорамда 1сиыр, 5қойым бар. Мен 18 жасқа дейінгі балалар пособия ала аламын ба? Осыны есептеп жазып жыберсеңыздер.1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері); 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) отбасының құрамы туралы мәлімет; 6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет. Осы тізімдегі құжаттар бойынша, отбасы мүшелеріне інім менің үйімде тіркеуде, ал бірақ жұмысы орталықта квартирада тұрады. Сонда оның табысы менің отбасыманың табысы болып есептелінеді ме? Отбасы табысына кіретін табыстар тізімін жазып жіберсеңіз (отбасы табысына мал мен ауладағы жеміс кіреді ме?). Рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Жанарбай!«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) ай сайын 3,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) көп балалы отбасыларына тағайындалады.Бұдан басқа жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) шеңберінде жүргізіледі.Заңның 6-бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – АӘК) үміткерлердің жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі, АӘК, бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге төленетін біржолғы материалдық жәрдемақыны қоспағанда, ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі есептеледі.АӘК алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын белгілегенде отбасының құрамында бірге тұрып, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қала, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептеледі.Сонымен қатар, балалы отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау мақсатында 2005 жылғы 28 маусымда «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының № 63-ІІІ Заңы қабылданған. Осы Заң бойынша 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға әрбір балаға айына 1 айлық есептік көрсеткіш немесе 1168 теңге тағайындалып төленеді. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері: еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін және өзге де табыстары есепке алынады. Осыған орай, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді.Сондықтан, жоғары айтылғанды ескере отырып балаларыңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселесін қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңыз қажет.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің эксперті – Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 215940
7 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма?! ОҚО, Түлкібас ауданында тұрамын. Менің 5 ұл-қызым (13 пен 6-ай аралығындағы жаста) бар. Менің айлығым 14 мың тенге. әйелім (бір жасқа дейінгі + 5-балаға) жалпы - 12 мың тенгедей аламыз, сонда екеуміздің табысымыз - 26 мың теңгені құрайды. Қорамда 1сиыр, 5қойым бар. Мен 18 жасқа дейінгі балалар пособия ала аламын ба? Осыны есептеп жазып жыберсеңыздер. 1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері); 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5) отбасының құрамы туралы мәлімет; 6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет. Осы тізімдегі құжаттар бойынша, отбасы мүшелеріне інім менің үйімде тіркеуде, ал бірақ жұмысы орталықта квартирада тұрады. Сонда оның табысы менің отбасымның табысы болып есептелінеді ме? Отбасы табысына кіретін табыстар тізімін жазып жіберсеңіз (отбасы табысына мал мен ауладағы жеміс кіреді ме?). Рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Жанарбай!«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар өзімен бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) ай сайын 3,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) көп балалы отбасыларына тағайындалады.Бұдан басқа жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік қолдау 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) шеңберінде жүргізіледі.Заңның 6-бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – АӘК) үміткерлердің жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі, АӘК, бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге төленетін біржолғы материалдық жәрдемақыны қоспағанда, ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі есептеледі.АӘК алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесіне сәйкес отбасының жиынтық табысын белгілегенде отбасының құрамында бірге тұрып, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қала, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептеледі.Сонымен қатар, балалы отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау мақсатында 2005 жылғы 28 маусымда «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының № 63-ІІІ Заңы қабылданған. Осы Заң бойынша 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға әрбір балаға айына 1 айлық есептік көрсеткіш немесе 1168 теңге тағайындалып төленеді. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері: еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін және өзге де табыстары есепке алынады. Осыған орай, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді.Сондықтан, жоғары айтылғанды ескере отырып балаларыңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселесін қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңыз қажет.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің эксперті – Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 215941
7 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздерме! Менің апайым 2004 жылы көп бала санымен 53 жасында зейнеткерлікке шығып, бірақ сол жұмыс орнында 2008 жылы 58 жасқа толғанға дейін жұмыс атқарып келген зейнеткер, 2004 жылы құжаттарды зейнетақы тағайындауға тапсырған кезде орташа айлық еңбек ақы көлемі аз болғандықтан,қазіргі таңда 17000 теңге шамасында зейнетақы алады. Бірақ сол жұмыс орнында 2004 жылдан 2008 жылға дейін орташа айлық еңбек ақы көлемі өскен, сондықтан зейнетақы көлемін қайтадан қарастыруға қандай мүмкіндік бар? Жұмыс атқарған орны - мемлекеттік әлеуметтік сала.
Жауап: 

 Құрметті Айгүл!Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 20 маусымда қабылданып қолданылып жүрген “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңның 9 бабының 3 тармағына сүйене отырып Сіздің апаңызға «ауылдық жерде тұрып 5 және одан көп бала туып, балаларын сегіз жасқа дейін тәрбиелеген» азаматша ретінде жеңілдік шартпен қарттық зейнетақы тағайындалған. Сіздің апаңыз осы жеңілдікті пайдаланып, ол кісіге еңбек өтілі және орташа табысы есебінен 53 жасында зейнетақы тағайындалған. Осыған орай, зейнетақы төлемі бір рет ғана тағайындалатынын және қосымша ұсынылған айлық табыс есебінен қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмегенін хабарлаймыз. орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің эксперті – Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 215939
5 ақпан, 2009 - 00:00 өзгертілді
Мен июльдің 1-інде декреттік демалысқа кетпекпін. Маған жүктілік демалыс ақысымен қоса отпускнойымды төлей ме?
Жауап: 

 Жауап:Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192 бабына сәйкес Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Исп: АО «Государственный фонд социального страхования» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215307
31 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші