A A A
Мазмұнына өту

You are here

Саламатсыздарма!Менің сұрағым баламен отырған кезде баланың жәрдем ақысынан бөлек менің жалақымнан 40 пайыз төлену керек пе және одан қандай салық ұсталуы тиіс?
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабына сай бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған респуб¬ликалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.Егер Сіз бала тууына байланысты демалысқа шыққанға дейін жұмыс істеген болсаңыз онда Сіздің атыңызға (ӘЖК) бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) түскен әлеуметтік төлемдерге байланысты соңғы 2-жылдағы орташа жалақыңыздың 40 пайызын құрайтын бала 1 жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлем тағайындалады.Заңның 26 бабына сай жүктілігіне және босануына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай жұмыс істемеген әйелдерге мемлекет тарапынан, ал тәуекелге дейін жұмыс істеген әйелдерге Қордан жәрдем ақы төленеді.Исп: АО «Государственный фонд социального страхования» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215340
29 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма ! Биздер оралманбыз Өзбекістаннан Республикасынан көшіп келгенбіз, бірақ біз еш қандай жардем ақы алғанымыз жоқ (квота), себебі менин балдарымның бәрі мектепті бітіріп, Алматыда оқып , барлығы азаматтығын бұрын алып койған. Менин койар сұрағым мынандай, мен Өзбекстанда 32 жыл білім бердім, содан менің денөсаулығым болмай II группа болып пенсияға шықтым, 2005 жылы Қазахстанға көшіп келдім, келгенен кейн кұжаттарымды (ГЦВП)-ға тапсырдым, мен қазіргі уаққытта II топтағы мүгедектер арналған пенсиясын алудамын, бірақ олар маған сіздің бұрынғы Өзбекстандағы стажыңыз есепке кірмейді деді, ол сонда дұрыспа, менін совет үкіметіндегі еңбегі зайяға кеттіма? осыған жауап берулеріңізді сұраймын; Алибекова Күнсұлу Қонкашкызы ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылы, Зұлыпқаров кошесі, 13 үй. тел. 8(72542) 41-1-21
Жауап: 

 Жауап:«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» ҚР № 126 Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы екiнші топтағы мүгедектерге - ең төменгі күн көріс деңгейінің 1,06 мөлшерiнде тағайындалады.Сол себептен бұл жәрдемақы тағайындау үшін еңбек өтілі талап етілмейді.Жасыңыз 58-ге келгенде заңда белгіленген тәртіппен Сіз жасыңызға байланысты зейнеткерлікке шыға аласыз. Жасына байланысты зейнеткерлікті тағайындаған кезде еңбек өтілі талап етіледі.Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы Төлеубекқызы Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 215525
29 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
1. Зейнеткерлікке шыққанда зейнетақы қалай есептеледі? Міндетті түрде соңғы 3 жылдың еңбекақысынан ба, әлде, соңғы 10 жылдың не алдыңғы 5 жылының, болмаса, кейінгі 5 жылының еңбека қысынан есептеле ме?2. Зейнетақы алуға 1998 жылға дейін еңбек стажы толық болып, жасына байланысты шыға алмай қалған, енді зейнеткерлікке шығуға 2 жыл ғана қалған адамдарға, егер олардың 1998 жылдан бері қорда жинаған ақшасы ең төменгі зейнетақы мөлшеріне жетсе, соны ай сайын алып отыруына болатынын Хабар телеарнасындағы 28 қантарда эфирге шыққан 'Бетпе-бет' бағдарламасында сіздердің жауапты хатшыңыз айтты. Осыдан туындайтын сұрақтар:1. Бұл жағдайды сіздердің жергілікті жердегі горсобес қызметкерлері біле ме?2. Бұл жағдайда осы қордан ақша алып, жұмысын тоқтатқан адамдарға 1-ші, 2-ші тізім бойынша алып жүрген жәрдемақылары зейнеткерлікке шыққанша сақтала ма? Себебі зейнетақы қорынан төленетін ақша зейнеткердің өз табысының бір бөлігі, оны зейнетақыға шыққан соң адамдарға жылына 250 мың теңгеден алуына болады ғой. Осы жөнінде түсінік берулеріңізді өтінемін.Құрақпаев Ахметхан, Жезқазған қаласы.
Жауап: 

 Жауап:«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабына сәйкес орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi. Заңның 23-бабына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болғанда жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл азаматтар сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар. Аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшерi зейнетақы аннуитеті шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.Бұған қоса, 1 мен 2 Тізім бойынша тағайындалған жәрдемақы бойынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматқа зейнетақы мен аталған жәрдемақы бірге төленбейді, тиімдісі ғана төлетінің қосымша хабарлаймыз.Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы Төлеубекқызы Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 215586
29 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Мен Күшелеков Жолдыбек осы хат арқылы сізден төмендегі сұрақтар бойынша жауап алу үшін, өте сұрайтын менің (жалпы еңбек стажым 30 жыл) яғни 1974ж.-2004 жылға дейін. Президенттің жарлығына сәйкес 2008 жылдан бастап (2-ші список бойынша арнайы жәрдем ақы төлеу туралы сұрақ).1.Менің жалпы 30 жылдың ішінде 12 жыл 8 ай (яғни 1976-1988 жылға дейін) үздіксіз Ветеринарный участокта Ветеринарный фельдшер болып қызмет атқардым, осы уақытта бізге 10% вредность, +50 комм услуга төленді.Осы заң бойынша мен 55 жаста пенсияға шығуым керек еді, өкінішке орай Кеңес одағы ыдырады (бұл заңдар менде сақтаулы). Біз яғни малдан қан алу, егу және өлексе сойып, көму жұмыстарын бәрін өзіміз атқардық. Осы заңға сәйкес арнайы жәрдем ақы алуға мүмкіндігім бар ма, қандай мөлшерде. Осы туралы список нөмірін және қайдан толық анықтама алуға болады, жауабын күтемін.
Жауап: 

 Жауап:Қазақстан Республикасының № 414 “Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы” Заңына сәйкес еркектер – 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.№ 2 Тізім бойынша жәрдемақының мөлшері 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды.Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметнің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 1283 «Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің 2 Тізімі” бекітілген.Осыған орай, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алу құқығы еңбек жағдайлары Тізімде көрсетілген жағдайларға сәйкес келетін қызметкерлер ғана іске асыра алады. Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы Төлеубекқызы Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 215524
28 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма!Мен Тайбуганова Айгуль Бактыбайқызымын.ОҚО Ордабасы ауданы Темирлан елді мекенінен.Мен 2008 жылдың сәуір айында декреттік демалыска шыкпым.Жумыс істегеніме 1 жылга жуык болган.Мектепте Лаборант болдым,айлығым 11000 болған, мен декреттік акшамды алдым 45 мыңға жуык.Бірак 40% айлыктан беріледі дегенді естідім бірақ қайда барсамда білмейміз дейді.Біз жақта ешкім де алмаған.Бірақ басқа жақтар алады екен.Көп айтылады .Қазір қызыма 8 ай болды.Оған төлем орталығына да барғам сондағыларға айсам ештене демейді.Мен енді 40% дегенді ала аламын ба?оны ай сайын төлейді ма ,қалай екен соны айтыңыздаршы?Енді кімнен ,қайдан, қалай ,қандай қағаздар мен алуға болады.Жауаптарынызды кутем.Рахмет.
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабына сай бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған респуб¬ликалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на Сіздің атыңызға жұмыс берушінің аударған әлеуметтік аударымдардың сомасы белгісіз болғандықтан бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің нақты есебін анықтау мүмкін емес.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады.. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін мекен жайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барып, өтінішке:1) жеке басын куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;4) салық төлеушінің куәлігі;5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.Жоғарыдағыны ескере отырып, Сізге бала бір жасқа толғанға дейінгі уақытта құжаттарыңызды өткізуге үлгеруіңіз қажет.Исп: АО «Государственный фонд социального страхования» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215327
26 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Мен биыл 63 жасқа келіп зейнетке шығамын. Мамандығым мұғалім. Жалпы стажым бір салада 41 жыл болады. Алғашқы 7 жылым екі мектепте, қалған 34 жыл бір мектепте істеп келемін. Зейнетақыны есептеу кезінде менің алған атақтарым ескерілеме? Атап айтқанда: 'Аға мұғалім' атағы, 'ҚР Білім беру ісінің үздігі' және жоғарғы санатым ескерілеме?Алдын ала рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Ахмат аға!Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 20 маусымда қабылданып қолданылып жүрген “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңы бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеген кезде азаматтардың еңбек стажы (1998 жылға дейінгі) мен табыс мөлшері ескеріледі.Заңның 13 бабында көрсетілгендей, орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бұнда орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде есептеу орташа айлық кiрiстiн 60 процентi есебiнен жүргiзiледi. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн қажеттi еңбек стажынан тыс жұмыс iстеген әрбiр толық жыл үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1 процентке өсiрiледi, бiрақ ол зейнетақыны есептеу үшiн ескерiлетiн табыстың 75 процентiнен аспауға тиiс. Яғни зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде Сізге зейнеткерлік еңбек стажыңыздың 40 жылы ескеріліп зейнетақы тағайындалады.Орындаушы: Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы, Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 215452
24 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
1940 жылы туылған, 1998 жылғы еңбек өтелі 39 жыл, ұстаз- зейнеткер Сағындықов АрқабектенҚұрметті Б. Сапарбаев мырза, сіз 2008 жылдың қаңтар айынан бастап зейнет ақыны көбейткенде, ҚР. Президентінің 14.12.2007 жылы жасаған баяндамасындағы «Бюжеттегілердің еңбек ақысы 2002-2007 жылдары 2,5 есе өсті»-деген нұсқауын басшылыққа алмадыңыз және 2003- 2008 жылдардағы орташа айлықтың өсу коэффицентін ескермедіңіз.Соның кесірінен 1940-1942 жылдары туылған біздерден еңбек өтелі аз болсада, зейнетке 2008 жылдан бастап шықандар біздерден 8-9 мың теңге артық алып жатыр Осы жағдайда айтып, ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевқа 4 рет жазған өтініштерім сізге жолданды. Сіздің қызметкеріңіз Г. Мамасейтова ханым өтініштерімді қанағаттандырып, дұрыс жауап бермей отыр.Өтінішімді қанағаттандырады деп сізге сенемін, хабар күтемін.22.01.2009 ж .Мекен жайым: Жамбыл облысы, Қаратау қаласы, Ақынбекұлы 13 Сағындықов Арқабек.
Жауап: 

 Жауап:Заң талаптары бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.Зейнетақы мөлшері атқарған қызмет түрінен, тәуелсіз тағайындалады.Зейнетақы төлемдерінің арттыруы Үкімет белгіленген тәртіпке сәйкес барлық зейнеткерлер үшін бірдей жүргізіледі (негіз: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5 бабы). Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылға дейін зейнетақы төлемінің 2,5 есе көбеюі көзделген. Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауына сәйкес 2009 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін орташа 25 пайызға арттырылды2009 жылғы зейнетақы төлемдерін арттыру негізінен алғанда 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі, яғни 9 % арттыру алған санаттағы зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерін арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күн көріс деңгейінің 40 пайызын, яғни 5388 теңгені құрайды. Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің сарапшысы Төлеубекқызы Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 215585
22 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма!Мен 1969-1974 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік универси-тетінің физика факультетінде оқыдым.Содан уздіксіз 2001-дің тамыз айында,семья жағдайына байланысты,арыз жазып,өз еркіммен жумыстан босатылдым.Төрт балаларым бар.Мен көп балалы аналар қатарына жатамын ба? Жалпы жумыс стажым,оқыған жылдарымды есептесем толық 32 жыл.Толық жасым 56-да.Зейнетке қай жаста шығамын? 2001-бері жұмыс істемедім.Алдын ала үлкен рахмет!!!
Жауап: 

 ЖАУАП: Құрметті Үміт!ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 9-бап, 4-тармағына сәйкес Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде: - еркектерге 1998 жылдың 1 қаңтарына кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда 63 жасқа толғанда; - әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарына кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда 58 жасқа толғанда тағайындалады. Сондай-ақ, осы 9-баптың, 3-тармағына сәйкес бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда 4-тармақта көрсетілген Заң нормасы (қажеті еңбек стажының болуы) осы тармаққа да бірдей қолданылады. эксперт - Меирбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 215635
22 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздар ма! Мен 1981 жылдан бастап жетім балалар үйінде яғни мемлекеттік мекемеде жұмыс жасап келемін. 20 қаңтар 2009 жыл мекеме хатшысы зейнетақы жасына жеткелі отырған және зейнетақы жасында болса да осы мекемеде жұмысын жалғастырып жатырған қызметкерлерге қолдарына хабарлама хат берген. Ол хабарлама хатта: екі ай мерзім ішінде Сіздермен мекеме арасында жасалған еңбек шарт ҚР Еңбек кодексінің 240 бабының 1 тармағына сәйкес тоқтатылатындығы жазылған. Ендігі кезекте зейнетақы жасына жеткен бірақ та еңбекке қабілеттілігі бар қызметкерлер зейнетке шықса да жұмысын әрі қарай жалғастыра ала ма? Жауаптарынызға рахмет!!!
Жауап: 

 Жауап. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 240-бабына сәйкес қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады.Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.Осыған орай, еңбек шартын жыл сайын ұзарту еңбек заңнамасымен жұмыс берушінің құқықына жұктелген.Орындаушы: Жұма,ұлов .Б.

Сұрақтың нөмірі: 215451
21 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді
Сәламатсыздар ма? Мен 2006 жылы декреттік демалысқа шыққан едім. 2008 жылы қараша айында жұмысқа шығып, 2009 жылдың ақпан айында қайтадан декреттік демалысқа 4 ай жұмыс жасап шықпақшымын. Осыған байланысты сіздерден сұрайтыным зейнет ақы қорына соңғы 4 айда ғана аударым болғандықтан, маған жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемақы төлене ме? Сонымен қатар, декреттік демалысқа кетер алдында кезекті еңбек демалысына шыға аламын ба? Рахмет! Жауаптарыңызды күтемін.
Жауап: 

 Жауап:«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.Сондықтан Сіздің 4 ай бойы Қорына түскен әлеуметтік аударымдар сомасы арқылы орташа айлық табысыңыз анықталып жүктілігі және босануына байланысты төлем тағайындалады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192 бабына сәйкес Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.Исп: АО «Государственный фонд социального страхования» wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 215293
12 қаңтар, 2009 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші