A A A
Мазмұнына өту

You are here

> Менің жиенім 1980 жылы туылған. Мамандығы фармацевт. Екі қыздың анасы. > Тұрмысқа 2001 жылы шықты. Жұбайы істі болып сотталып кетті. Некеге тұрмағ ан. > Неке куәліктері жоқ. Бірақ ешқандай жәрдемақы алмайды. Айлық табысы 15000 > тенге. Осы жиенім балаларына қандай жәрдем ақы алуына болады және жәрдем > ақы алу үшін қай мемлекеттік мекемелерге өтініш білдіруге болады? Мен > облыстық және аудандық мекемелерден мардымды жауап ала алмадым. Алдын ала > Сіздерге рахметімді айтамын және жауап күтемін.
Жауап: 

 Құрметті Серік!ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола аласыз. Жәрдемақы мөлшері әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 1168 теңге. ҚР-ның «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке алуға құқылысыз.Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен кедейлік шегінің айырмасында анықталады.Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %, кедейлік шегі 40 % мөлшерінде анықталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі республиканың әр аймағында әртүрлі болуына байланысты азық-түлік себеті мен кедейлік шегінің мөлшерлері де бірдей болмайды. Аталған әлеуметтік төлемдер жөнінде толық мәліметті жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуыңызға болады.Орынд. Мейірбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 214385
7 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба?Менің бір қызметкерім жұмыстан өз еркімен босатылды. 1 жыл 1 ай жұмыс істеді. Ол дәрігер. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алған жоқ. Жұмыстан босатылған жағдайдағы есеп айырысу кезінде оған, азаматтық қызметшіге төленетін еңбек демалысына қосылып берілетін бір жолғы сауықтыру лауазымдық еңбекақысы төленеме?
Жауап: 

Құрметті Еламан! 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан РеспубликасыЕңбек кодексінің 239-бабының 1-тармағына сәйкесмемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілергелауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруғаарналған жәрдемақы төлене отырып,ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтынжыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтыққызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақыкүнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Сондықтан, сауықтыруғаарналған жәрдемақы азаматтық қызметші жылсайынғы ақылы еңбек демалысына шыққандағана төленеді.

Еңбекті нормалау және еңбекақытөлеу басқармасының сарапшысы – Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 214384
6 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің балам қарашаның 8 күні дүниеге келді. Бірақ бір реткі жәрдемақы яғни жөргек қаражатын алмадық .Тиісті құжаттардың бәрін жинап өткіздік. Министрлік қызмметкерлері қаңтардың 15 күнінен кейін бірақ аласыңдар депті. Ал әйелімнің декретіне төленетін ақшасы мен баланың бір жасақа дейінгі қаражаты да сол кезде берілмек. Бұл қаншалықты заңды. Не үшін осынша кешігеді? Сонда біз осы қаражаттарды екі айдан кейін аламыз ба? Осыған нақты жауап берсеңіздер! Рахмет.
Жауап: 

 Жауап:Құрметті Алтай! Егер Сіздің әйеліңіз декреттік демалысқа дейін жұмыс істесе және ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілсе, онда ол жүктілігі және босануына, сонымен қатар 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтімі үшін әлеуметтік төлемдер алуға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (бұдан әрі - ЗТМО) жергілікті бөлімшесіне қажетті құжаттарын қоса тіркеп өтініш беруі қажет. Сонымен бірге Сіз «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңымен белгіленген 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК = 1168 теңге) бала туғанда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш беруіңізге болады (30 * 1168 = 35040 теңге). «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес ЗТМО құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті орган (әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша аумақтық Департаменттер) құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды. Осылайша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін құжаттарды қарауға 15 жұмыс күні керек. Төлемдер ай сайын әр айдың 20 күніне дейін жүргізіледі. Орын. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Сұрақтың нөмірі: 214225
4 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен Қыпшақбаев Кеңесхан 1940 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында туылдым. 2003 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Ең төмен зейнетақы тағайындалды (5000 бес мың тенге). Еңбек жолымды ерте бастадым 1948-1952 жылдары колхозда жылына бес ай (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) әйелдермен күннің шығысы мен күннің батысына дейін жұмыс істедім. Еңбек кітапшам 1 қыркүйек 1959 жылы ашылды. Күндіз жұмыс істедім, кешке институтта оқыдым. Институтты бітірісімен 1 жыл отан алдындағы борышымды армияда өтеп қайттым. 1966-1995 жылға дейін ауданның: астық қабылдау пунктінде, райсельхозтехника бірлестігінде, ауыл-шаруышылық басқармасында, Жасөркен совхозында жұмыс істедім. 1981-1991жж. райсельхозтехника бірлестігінде «СТО живодноводческих ферм» цехін басқардым. Сөйтіп 36 жылдай еңбек еттім. Соңғы жылдары айлық та 300-350 рубльден асып отырды. 1995 жылдары аудандағы мекемелердің көбісі банкрот болып жабылды. Жұмысшылар керек болмай қалды. Жұмыс істегіміз келді, талай мекемелердің есігін аштым: «Жасыңыз келіпті, жастарға жұмыс бере алмай отырмыз», - деп шығарып отырды. Нарықтық заман келіп жұмыссыз қалдық. 1996-2000 ж. аудандық «Халықты жұмыспен қамту» бюросында тіркелдім, жұмыссыз деген мәртебесін алдым. Зейнетақы тағайындағанда ең төменгі зейнетақы берілді. Жұмыс тауып істемесек біз кінәлі, жұмыс тауып бермесе кім кінәлі?Күннің шығысы мен батысына дейін жұмыс істедік. Сенбі, жексенбі күндері совхозда егін алқабында жәрдем бердік. 1995 жылдан бастап айлық деген болған жоқ. Істеген күнде де қолыңа ақша емес бидай, ұн, қант, т.б. берген. Еңбек стажым жеткілікті, уақытысында айлығымда болды. Барлық инстанцияларға кірдім, нәтиже жоқ.Еңбекте табыстар да болды: 1965 жылы «ХХ лет победы ВОВ 1941-1945» медалімен, 1987 жылы «Ветеран труда» социалистік жарыстың үздігімен марапатталдым. 2004 жылдан Тараз қаласында турамын. Тараз қалалық еңбек және халықты қорғау департаментінде тіркелдім. СҰРАҚ:1. Министр мырза, жасыңда пейнет қартайғанда зейнет демекші, сондай стажбен, жоғарғы айлығымызбен ең төменгі зейнетақыға лайықтымыз ба? Сізден жәрдем үміт күтем.2. Министр мырза, мен 1996 жылы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту бөлімшесінде тіркелдім. 2000 жылы тіркеуден шықтым. Бұл анықтама еңбек кштапшамда жазылған. Бұл еңбек стажыма кіре ме?
Жауап: 

 Құрметті Кеңесхан!Республикамызда зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай тағайындалады.Осы Заңның 12-бабы 1-тармағы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен (жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны жөніндегі жазбалар) расталады.Сіздің 1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған мерзім зейнетақы тағайындауда еңбек өтіліңізге кірмейді.Орн: М.Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 214111
3 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Ен жоғары пенсия алу үшін сонғы 3 жылғыны есептегенде орташа зейнет ақым қандай болу керек
Жауап: 

 Құрметті Рига!ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.Бұл орайда зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн жиырма бес еселенген айлық есептiк көрсеткiштен (2008 жыл үшін – 25*1168 теңге=29200 теңге) аспауға тиiс. Яғни, Сіздің орташа еңбек ақыңыздың сомасы аталған мөлшерден жоғары болған жағдайда, зейнетақы есептеу үшін орташа еңбек ақы мөлшері осы мөлшермен шектеледі.Орынд. Мейірбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 214191
3 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
> Менің жиенім 1980 жылы туылған. Мамандығы фармацевт. Екі қыздың анасы. > Тұрмысқа 2001 жылы шықты. Жұбайы істі болып сотталып кетті. Некеге тұрмағ ан. > Неке куәліктері жоқ. Бірақ ешқандай жәрдемақы алмайды. Айлық табысы 15000 > тенге. Осы жиенім балаларына қандай жәрдем ақы алуына болады және жәрдем > ақы алу үшін қай мемлекеттік мекемелерге өтініш білдіруге болады? Мен > облыстық және аудандық мекемелерден мардымды жауап ала алмадым. Алдын ала > Сіздерге рахметімді айтамын және жауап күтемін.
Жауап: 

 Құрметті Серік!ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола аласыз. Жәрдемақы мөлшері әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 1168 теңге. ҚР-ның «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке алуға құқылысыз.Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен кедейлік шегінің айырмасында анықталады.Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %, кедейлік шегі 40 % мөлшерінде анықталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі республиканың әр аймағында әртүрлі болуына байланысты азық-түлік себеті мен кедейлік шегінің мөлшерлері де бірдей болмайды. Аталған әлеуметтік төлемдер жөнінде толық мәліметті жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуыңызға болады.Орынд. Мейірбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 214192
3 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құметті Бердібек Машабекұлы, менің жағдайымды түсініп, жауап беруіңізді өтінемін. Мен Қыпшақбаев Кеңесхан 1940 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында туылдым. 2003 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Ең төмен зейнетақы тағайындалды (5000 бес мың тенге). Еңбек жолымды ерте бастадым 1948-1952 жылдары колхозда жылына бес ай (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) әйелдермен күннің шығысы мен күннің батысына дейін жұмыс істедім. Еңбек кітапшам 1 қыркүйек 1959 жылы ашылды. Күндіз жұмыс істедім, кешке институтта оқыдым. Институтты бітірісімен 1 жыл отан алдындағы борышымды армияда өтеп қайттым. 1966-1995 жылға дейін ауданның: астық қабылдау пунктінде, райсельхозтехника бірлестігінде, ауыл-шаруышылық басқармасында, Жасөркен совхозында жұмыс істедім. 1981-1991жж. райсельхозтехника бірлестігінде «СТО живодноводческих ферм» цехін басқардым. Сөйтіп 36 жылдай еңбек еттім. Соңғы жылдары айлық та 300-350 рубльден асып отырды. 1995 жылдары аудандағы мекемелердің көбісі банкрот болып жабылды. Жұмысшылар керек болмай қалды. Жұмыс істегіміз келді, талай мекемелердің есігін аштым: «Жасыңыз келіпті, жастарға жұмыс бере алмай отырмыз», - деп шығарып отырды. Нарықтық заман келіп жұмыссыз қалдық. 1996-2000 ж. аудандық «Халықты жұмыспен қамту» бюросында тіркелдім, жұмыссыз деген мәртебесін алдым. Зейнетақы тағайындағанда ең төменгі зейнетақы берілді. Жұмыс тауып істемесек біз кінәлі, жұмыс тауып бермесе кім кінәлі? Күннің шығысы мен батысына дейін жұмыс істедік. Сенбі, жексенбі күндері совхозда егін алқабында жәрдем бердік. 1995 жылдан бастап айлық деген болған жоқ. Істеген күнде де қолыңа ақша емес бидай, ұн, қант, т.б. берген. Еңбек стажым жеткілікті, уақытысында айлығымда болды. Барлық инстанцияларға кірдім, нәтиже жоқ. Еңбекте табыстар да болды: 1965 жылы «ХХ лет победы ВОВ 1941-1945» медалімен, 1987 жылы «Ветеран труда» социалистік жарыстың үздігімен марапатталдым. 2004 жылдан Тараз қаласында тұрамын. Тараз қалалық еңбек және халықты қорғау департаментінде тіркелдім. СҰРАҚ: 1. Министр мырза, жасыңда пейнет қартайғанда зейнет демекші, сондай стажбен, жоғарғы айлығымызбен ең төменгі зейнетақыға лайықтымыз ба? Сізден жәрдем үміт күтем. 2. Министр мырза, мен 1996 жылы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту бөлімшесінде тіркелдім. 2000 жылы тіркеуден шықтым. Бұл анықтама еңбек кштапшамда жазылған. Бұл еңбек стажыма кіре ме?
Жауап: 

 Құрметті Кеңесхан!Республикамызда зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай тағайындалады.Осы Заңның 12-бабы 1-тармағы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен (жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны жөніндегі жазбалар) расталады.Сіздің 1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған мерзім зейнетақы тағайындауда еңбек өтіліңізге кірмейді.Орн: М.Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 214106
2 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
6 баламен 53 жастан бастап осы 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан адамға лауазымдық зейнетақы(президенттік)төлене ме? Жұмыс тәжірибесі баланы 3 жасқа дейін күтіп баққанымен қосқанда және 9 жыл Ұлы Отан соғысының мүгедегін баққанны бар барлығы-17 жыл.Осыған төленетіні-6164 теңге.Осы есептеу дұрыс па?
Жауап: 

 Құрметті Ақмарал! Cіздің зейнетақы іс - құжаттарыңыз жергілікті Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында болғандықтан, зейнетақыңыздың дұрыс есептелуі туралы сұрағыңызбен тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.Орын М.Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 214324
2 желтоқсан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің балам 31 қантарда 18-ге толады!Ол 11-сыныпта оқиды!Пенсияны үзбей алу үшін анықтаманы ертерек өткізуге болама? Және қандай тағы да документтер керек?Біз асыраушысынан айрылғанжәрдемақыны 2001 жылдан алып келеміз.Жауабыңызға рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Дайрабаева Гүлбаршын! Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар. (Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) Бұл ретте 18 бен 23 жас аралығындағы адамдардың күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының арнайы нысандағы анықтамасы оқу жылының басынан жыл сайын ұсынылып отырады. Осыған орай жәрдемақы төлемін жалғастыруға негіз болатын оқу орнының анықтамасын жергілікті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесіне тапсыруыңыз қажет.Орындаушы: Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы - Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 213989
27 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 2008 жылдың ақпан айында декретке шықтым. оган дейін мен 4 ай жумыс істедім, менің жалақым 10000-15000 теңге көлемінде болды. бірақ маған декретный акша да, жалақымның 40 пайызыда төленген жоқ, тек 5800 теңгені ғана аламын, осыны түсіндіріп берсеңіздер?
Жауап: 

 Мен 2008 жылдың ақпан айында декретке шықтым. оган дейін мен 4 ай жумыс істедім, менің жалақым 10000-15000 теңге көлемінде болды. бірақ маған декретный акша да, жалақымның 40 пайызыда төленген жоқ, тек 5800 теңгені ғана аламын, осыны түсіндіріп берсеңіздер?Жауап: Құрметті Айжан!Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 Қаулысының 13 тармағына сай, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оны өзі төлеген әйелдің соңғы жиырма төрт айдағы орташа айлық табыс мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Бір балаға берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған зейнетақы жарналарын ескергенде, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш;2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 5 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 6 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш;Жәрдемақылар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін айлық есептік көрсеткіш мөлшері 1168 теңгені құрайды.Орынд. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Сұрақтың нөмірі: 214052
27 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші