A A A
Мазмұнына өту

You are here

Менің балам 31 қантарда 18-ге толады!Ол 11-сыныпта оқиды!Пенсияны үзбей алу үшін анықтаманы ертерек өткізуге болама? Және қандай тағы да документтер керек?Біз асыраушысынан айрылғанжәрдемақыны 2001 жылдан алып келеміз.Жауабыңызға рахмет!
Жауап: 

 Құрметті Дайрабаева Гүлбаршын! Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар. (Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) Бұл ретте 18 бен 23 жас аралығындағы адамдардың күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының арнайы нысандағы анықтамасы оқу жылының басынан жыл сайын ұсынылып отырады. Осыған орай жәрдемақы төлемін жалғастыруға негіз болатын оқу орнының анықтамасын жергілікті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесіне тапсыруыңыз қажет.Орындаушы: Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы - Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 213989
27 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 2008 жылдың ақпан айында декретке шықтым. оган дейін мен 4 ай жумыс істедім, менің жалақым 10000-15000 теңге көлемінде болды. бірақ маған декретный акша да, жалақымның 40 пайызыда төленген жоқ, тек 5800 теңгені ғана аламын, осыны түсіндіріп берсеңіздер?
Жауап: 

 Мен 2008 жылдың ақпан айында декретке шықтым. оган дейін мен 4 ай жумыс істедім, менің жалақым 10000-15000 теңге көлемінде болды. бірақ маған декретный акша да, жалақымның 40 пайызыда төленген жоқ, тек 5800 теңгені ғана аламын, осыны түсіндіріп берсеңіздер?Жауап: Құрметті Айжан!Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 Қаулысының 13 тармағына сай, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысын жоғалтқан жағдайда берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оны өзі төлеген әйелдің соңғы жиырма төрт айдағы орташа айлық табыс мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.Бір балаға берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған зейнетақы жарналарын ескергенде, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.1) бала туғанда берілетін жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш;2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы: бірінші балаға - 5 айлық есептік көрсеткіш; екінші балаға - 5,5 айлық есептік көрсеткіш; үшінші балаға - 6 айлық есептік көрсеткіш; төртінші және одан кейінгі балаларға - 6,5 айлық есептік көрсеткіш;Жәрдемақылар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін айлық есептік көрсеткіш мөлшері 1168 теңгені құрайды.Орынд. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Сұрақтың нөмірі: 214052
27 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Кұрметті Сапарбаев Бердібек мырза! Мен, Мендекина Нұргүл Қабдоллақызы, сізге хат жолдау себебім;17.07.1997жылы менің куйеуім Малаев Дәулет Бодесұлы жұмыс уақытында қайғылы қаза тапты. Асыраушысынан айрылу себепті жұмыс орнынан балама ай сайын 9455 теңге жәрдем ақы алып тұрдым. 2004 жылы балам 14 жасқа келгенде күйеуім жұмыс істеген мекеме банкрот жариялап жабылды. Конкурстық өндіріс балам 18 жасқа толғанға шейінгі жәрдем ақыны төлеп берді. 2007жылы балам КБТУ-ң бірінші курсына түсті.Азаматтық кодекстің 940, 945 баптарына сүйеніп мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне балам унивеситетті бітіргенше жәрдем ақыны төлеуді жалғастыруын сұрап арыз жаздым. Олар маған сотқа шағымдануыңызға болады деп жауап жазды. Табаны күректей-алты ай соттың табалдырығын тоздырып жүріп 29-шы тамыз 2008жылы, сот менің талабымды қанағаттандырарлық деп шешім шығарды. Соттың шешімі шыққаннан кейін, алты ай бойы сіздің сенім хат бойынша сотқа қатысып келген Манапов Ерлан, мен жауапкер емеспін деді. Мен сіздердің министрліктеріңіздегі заң бөліміне телефон соқтым. Әсия ханымға барлық мән жәйді түсіндірдім, соттың шешімін оқып бердім. Ол маған соттың шешімін, соттың орындау қағазын, баламның бүкіл құжаттарына қоса банктен шот ашылған туралы анықтаманы министрлікке салып жіберіңіз, жәрдем ақыны тікелей министрліктен аласыз деді. Айтқанын айнытпай бүкіл құжаттарды салып жібердім. 13-ші қазанда министрліктің жіберген хатымды алғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін Әсия ханымға қайта телефон шалдым. Ол кісі маған соттың шешімін бақылау коллегиясына қайта қарауға жібергенін айтты. Төленбейтін жәрдем ақыны несіне азаматтық кодекске енгізгенін, төленетін жағдайда мен сияқты, менің балам сияқты тағдырына өкпелі жандарды қорлап, мазақ қылғандай қайта қайта сотта қарайтын ол жәрдем ақының несі бар? Бердібек мырза, осы жәрдем ақыны 11 жыл алыппын, 11 жыл бойы соттасыппын.Сотқа жинаған қағаздарым 6 том болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі менің баламның құқығын қорғамаса, керсінше бар жәрдем ақыны төлемеудің амалын іздеп менің баламмен соттасса, сонда не болғанымыз?!
Жауап: 

 Жауап: Сіздің хатыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз: Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 29.08.2008 жылғы Д.Малаевтың талабын қанағаттандыру жөніндегі шешімі және орындау қағазы тіркелген құжаттармен бірге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (ары қарай – Еңбек министрлігі) 2008 жылдың 28 қазан күні келіп түскен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы қаулысының 373 тармағына сәйкес соттардың шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар, оның ведомстволары және аумақтық бөлімшелері төлемдерді жүргізеді, ал қолданыстағы заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда көрсетілген шешімдерді барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиіс. Қазіргі уақытта бұл шығарылған сот шешімі ҚР Азаматтық Кодексінің және ҚР Жоғарғы Сотының «Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану туралы» нормативтік қаулысының талаптарына қарама-қайшы келуіне байланысты қадағалау тәртібінде шағымдалып және прокуратура органдарына қадағалау наразылығын келтіру туралы қолдаухат жіберілген. Еңбек министрлігі 016 Бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде Республикалық бюджеттің ақша құралдарын мақсатты қолдануына жауапты болғандықтан, көрсетілген тәртіпке сай сот шешімін барлық сот инстанцияларында шағымдануда. Шағымдану қорытындылары бойынша жоғарыда аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған жағдайда атқару құжаты Еңбек министрлігімен кешіктірілмей орындалады.Орынд. Заң департаментінің сарапшысыБ. Окасова

Сұрақтың нөмірі: 214098
26 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Егер мен 6 айлық бала асырап алсам маған декреттік жәрдемақы төлене ме? Төленсе қалай есептелінеді? Басқа қандай жәрдемақы төленеді?
Жауап: 

 Егер сіз бала асырап алғанға дейін жұмыскер болсаңыз, сізге бала асырап алғанда сот шешімінін құқығына енген күннен бастап жергілікті денсаулық мекемесінен еңбекке жарамсыз қағаз беріледі. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңының 23 бабына сәйкес: Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде 1,9 коэффициенті қолданылады.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік тағайындау үшін өтінішке:1. жеке басын куәландыратын құжат;2. тұрғылықты жері түралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);3. баланың (балалардың) тууы түралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;4. салық төлеушінің куәлігі;5. әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;6. отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 213511
8 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құметті Бердібек Машабекұлы, менің жағдайымды түсініп, жауап беруіңізді өтінемін. Мен Қыпшақбаев Кеңесхан 1940 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында туылдым. 2003 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Ең төмен зейнетақы тағайындалды (5000 бес мың тенге). Еңбек жолымды ерте бастадым 1948-1952 жылдары колхозда жылына бес ай (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) әйелдермен күннің шығысы мен күннің батысына дейін жұмыс істедім. Еңбек кітапшам 1 қыркүйек 1959 жылы ашылды. Күндіз жұмыс істедім, кешке институтта оқыдым. Институтты бітірісімен 1 жыл отан алдындағы борышымды армияда өтеп қайттым. 1966-1995 жылға дейін ауданның: астық қабылдау пунктінде, райсельхозтехника бірлестігінде, ауыл-шаруышылық басқармасында, Жасөркен совхозында жұмыс істедім. 1981-1991жж. райсельхозтехника бірлестігінде «СТО живодноводческих ферм» цехін басқардым. Сөйтіп 36 жылдай еңбек еттім. Соңғы жылдары айлық та 300-350 рубльден асып отырды. 1995 жылдары аудандағы мекемелердің көбісі банкрот болып жабылды. Жұмысшылар керек болмай қалды. Жұмыс істегіміз келді, талай мекемелердің есігін аштым: «Жасыңыз келіпті, жастарға жұмыс бере алмай отырмыз», - деп шығарып отырды. Нарықтық заман келіп жұмыссыз қалдық. 1996-2000 ж. аудандық «Халықты жұмыспен қамту» бюросында тіркелдім, жұмыссыз деген мәртебесін алдым. Зейнетақы тағайындағанда ең төменгі зейнетақы берілді. Жұмыс тауып істемесек біз кінәлі, жұмыс тауып бермесе кім кінәлі?Күннің шығысы мен батысына дейін жұмыс істедік. Сенбі, жексенбі күндері совхозда егін алқабында жәрдем бердік. 1995 жылдан бастап айлық деген болған жоқ. Істеген күнде де қолыңа ақша емес бидай, ұн, қант, т.б. берген. Еңбек стажым жеткілікті, уақытысында айлығымда болды. Барлық инстанцияларға кірдім, нәтиже жоқ. Еңбекте табыстар да болды: 1965 жылы «ХХ лет победы ВОВ 1941-1945» медалімен, 1987 жылы «Ветеран труда» социалистік жарыстың үздігімен марапатталдым. 2004 жылдан Тараз қаласында тұрамын. Тараз қалалық еңбек және халықты қорғау департаментінде тіркелдім. СҰРАҚ:1. Министр мырза, жасыңда пейнет қартайғанда зейнет демекші, сондай стажбен, жоғарғы айлығымызбен ең төменгі зейнетақыға лайықтымыз ба? Сізден жәрдем үміт күтем.2. Министр мырза, мен 1996 жылы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту бөлімшесінде тіркелдім. 2000 жылы тіркеуден шықтым. Бұл анықтама еңбек кштапшамда жазылған. Бұл еңбек стажыма кіре ме?
Жауап: 

 Құрметті Кеңесхан!Республикамызда зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай тағайындалады.Осы Заңның 12-бабы 1-тармағы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен (жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны жөніндегі жазбалар) расталады.Сіздің 1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған мерзім зейнетақы тағайындауда еңбек өтіліңізге кірмейді.Орн: М.Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 214096
7 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем ақы мөлшері қалай анықталады?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңының 22 бабына сәйкес, асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы 24 ай ішіндегі табыстың Қазақстан Республикасының Заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының 80 пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.Асырауындағылар санының коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы 1 адам болса – 0,4; асырауында 2 адам болса – 0,5; асырауында 3 адам болса – 0,6; асырауында 4 және одан да көп адам болса – 0,8 болады.Қысқаша айтқанда, асыраушы үшін жұмыс берушінің ай сайын төлеген соңғы 24 айдағы әлеуметтік сақтандыру қорна түскен әлеуметтік төлемдер мөлшерінен орташа айлық табыс мөлшері анықталады жіне сайекес коэфициенттерге көбейтіледі.

Сұрақтың нөмірі: 213508
3 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
мен мемлекеттік университтете 7 жыл бойы аға оқытушы болып жасаймын.2006-2007 0,5ставкада штаттық оқытушы болдым.Бірақ бала кутіміне байланысты демалыс алған жоқпын.19.06.07 балалы болдым.01.09.07 Жумысқа шықтым еңбек келісімі 31.08.08.дейін.Келисим шарт аяқталғаннан кейін бала кутимине байланысты демалыс алайын деп едим,сен бізден декретн.отпуск алган жоксын деп созбады.Элде маған тиісті емес пе?Маган еңбек шартының біткендігі туралы ешқандай ескерту кағазын алған жокпын және еш үкімге қол қойған жоқпын.Жауап беруіңізді өтінемін.
Жауап: 

 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 213131
28 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! мектеп жұмыс жасайтын зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерге, қосымша еңбек шартын жасау міндетті ме ?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 240-бапына сәйкес қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген негіздермен қатар азаматтық қызметшілердіқ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жаса жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады.Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.Орынд. Жұмағұлов Б.

Сұрақтың нөмірі: 212925
21 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! менің сіздерге қоятын сұрағым менің жұмыс жасап жатқаныма 5 жылдан асты , енді кредит алайын десем пенсионыңда қанша ақша бар деп сұрайды, осыған байланысты нақты қай жерден барып қарау керек және оның тиісті қарап тұру тәртібі бар ма? алдын ала рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Азамат!Сіз жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ соммасы туралы толыққанды мәліметтерді әлеуметтік төлемдерді аударып отырған зейнетақы Қорынан алуыңызға болады. Өзіңіздің қай зейнетақы Қорының салымшысы екеніңізді жұмыс орныңыздан (бухгалтерлік есеп бөлімінен) білуге болады. Орындаған: Есқараева Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 212958
21 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің апамның еңбек стажы 35 жыл, бірақ оның зейнетақысы минимальный.Оның зейнетақысын қайта есептеуге бола ма? және қайда баруымыз қажет?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң кесімдері бойынша зейнетақылық төлемдерді белгілеу азаматтардың еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады. Зейнетақылық төлемдеріңізді қайта есептеуге байланысты толық мәлімет алу үшін жергілікті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/ қалалық бөлімшесіне жолығуыңызға болады.Орындаушы: Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 212752
14 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші