A A A
Мазмұнына өту

You are here

Құметті Бердібек Машабекұлы, менің жағдайымды түсініп, жауап беруіңізді өтінемін. Мен Қыпшақбаев Кеңесхан 1940 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында туылдым. 2003 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Ең төмен зейнетақы тағайындалды (5000 бес мың тенге). Еңбек жолымды ерте бастадым 1948-1952 жылдары колхозда жылына бес ай (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан) әйелдермен күннің шығысы мен күннің батысына дейін жұмыс істедім. Еңбек кітапшам 1 қыркүйек 1959 жылы ашылды. Күндіз жұмыс істедім, кешке институтта оқыдым. Институтты бітірісімен 1 жыл отан алдындағы борышымды армияда өтеп қайттым. 1966-1995 жылға дейін ауданның: астық қабылдау пунктінде, райсельхозтехника бірлестігінде, ауыл-шаруышылық басқармасында, Жасөркен совхозында жұмыс істедім. 1981-1991жж. райсельхозтехника бірлестігінде «СТО живодноводческих ферм» цехін басқардым. Сөйтіп 36 жылдай еңбек еттім. Соңғы жылдары айлық та 300-350 рубльден асып отырды. 1995 жылдары аудандағы мекемелердің көбісі банкрот болып жабылды. Жұмысшылар керек болмай қалды. Жұмыс істегіміз келді, талай мекемелердің есігін аштым: «Жасыңыз келіпті, жастарға жұмыс бере алмай отырмыз», - деп шығарып отырды. Нарықтық заман келіп жұмыссыз қалдық. 1996-2000 ж. аудандық «Халықты жұмыспен қамту» бюросында тіркелдім, жұмыссыз деген мәртебесін алдым. Зейнетақы тағайындағанда ең төменгі зейнетақы берілді. Жұмыс тауып істемесек біз кінәлі, жұмыс тауып бермесе кім кінәлі?Күннің шығысы мен батысына дейін жұмыс істедік. Сенбі, жексенбі күндері совхозда егін алқабында жәрдем бердік. 1995 жылдан бастап айлық деген болған жоқ. Істеген күнде де қолыңа ақша емес бидай, ұн, қант, т.б. берген. Еңбек стажым жеткілікті, уақытысында айлығымда болды. Барлық инстанцияларға кірдім, нәтиже жоқ. Еңбекте табыстар да болды: 1965 жылы «ХХ лет победы ВОВ 1941-1945» медалімен, 1987 жылы «Ветеран труда» социалистік жарыстың үздігімен марапатталдым. 2004 жылдан Тараз қаласында тұрамын. Тараз қалалық еңбек және халықты қорғау департаментінде тіркелдім. СҰРАҚ:1. Министр мырза, жасыңда пейнет қартайғанда зейнет демекші, сондай стажбен, жоғарғы айлығымызбен ең төменгі зейнетақыға лайықтымыз ба? Сізден жәрдем үміт күтем.2. Министр мырза, мен 1996 жылы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту бөлімшесінде тіркелдім. 2000 жылы тіркеуден шықтым. Бұл анықтама еңбек кштапшамда жазылған. Бұл еңбек стажыма кіре ме?
Жауап: 

 Құрметті Кеңесхан!Республикамызда зейнетақы төлемдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай тағайындалады.Осы Заңның 12-бабы 1-тармағы бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен (жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны жөніндегі жазбалар) расталады.Сіздің 1996 жыл мен 2000 жылдар аралығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған мерзім зейнетақы тағайындауда еңбек өтіліңізге кірмейді.Орн: М.Әбдиев

Сұрақтың нөмірі: 214096
7 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем ақы мөлшері қалай анықталады?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңының 22 бабына сәйкес, асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы 24 ай ішіндегі табыстың Қазақстан Республикасының Заң актілерінде белгіленген ең төмен жалақының 80 пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу стажының тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.Асырауындағылар санының коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауындағы 1 адам болса – 0,4; асырауында 2 адам болса – 0,5; асырауында 3 адам болса – 0,6; асырауында 4 және одан да көп адам болса – 0,8 болады.Қысқаша айтқанда, асыраушы үшін жұмыс берушінің ай сайын төлеген соңғы 24 айдағы әлеуметтік сақтандыру қорна түскен әлеуметтік төлемдер мөлшерінен орташа айлық табыс мөлшері анықталады жіне сайекес коэфициенттерге көбейтіледі.

Сұрақтың нөмірі: 213508
3 қараша, 2008 - 00:00 өзгертілді
мен мемлекеттік университтете 7 жыл бойы аға оқытушы болып жасаймын.2006-2007 0,5ставкада штаттық оқытушы болдым.Бірақ бала кутіміне байланысты демалыс алған жоқпын.19.06.07 балалы болдым.01.09.07 Жумысқа шықтым еңбек келісімі 31.08.08.дейін.Келисим шарт аяқталғаннан кейін бала кутимине байланысты демалыс алайын деп едим,сен бізден декретн.отпуск алган жоксын деп созбады.Элде маған тиісті емес пе?Маган еңбек шартының біткендігі туралы ешқандай ескерту кағазын алған жокпын және еш үкімге қол қойған жоқпын.Жауап беруіңізді өтінемін.
Жауап: 

 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 185-бабына сәйкес Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.Орынд. Ш. Молдабекова, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 213131
28 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! мектеп жұмыс жасайтын зейнеткерлікке шыққан мұғалімдерге, қосымша еңбек шартын жасау міндетті ме ?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 240-бапына сәйкес қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген негіздермен қатар азаматтық қызметшілердіқ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жаса жетуі олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады.Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкін.Орынд. Жұмағұлов Б.

Сұрақтың нөмірі: 212925
21 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма! менің сіздерге қоятын сұрағым менің жұмыс жасап жатқаныма 5 жылдан асты , енді кредит алайын десем пенсионыңда қанша ақша бар деп сұрайды, осыған байланысты нақты қай жерден барып қарау керек және оның тиісті қарап тұру тәртібі бар ма? алдын ала рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Азамат!Сіз жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ соммасы туралы толыққанды мәліметтерді әлеуметтік төлемдерді аударып отырған зейнетақы Қорынан алуыңызға болады. Өзіңіздің қай зейнетақы Қорының салымшысы екеніңізді жұмыс орныңыздан (бухгалтерлік есеп бөлімінен) білуге болады. Орындаған: Есқараева Ақмарал.

Сұрақтың нөмірі: 212958
21 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің апамның еңбек стажы 35 жыл, бірақ оның зейнетақысы минимальный.Оның зейнетақысын қайта есептеуге бола ма? және қайда баруымыз қажет?
Жауап: 

 Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң кесімдері бойынша зейнетақылық төлемдерді белгілеу азаматтардың еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады. Зейнетақылық төлемдеріңізді қайта есептеуге байланысты толық мәлімет алу үшін жергілікті зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аудандық/ қалалық бөлімшесіне жолығуыңызға болады.Орындаушы: Инсебаева А.А.

Сұрақтың нөмірі: 212752
14 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті ! Көшкімбекова Раушан Жанабайқызы менің 18,09,2008 жылғы сұрағыма байланысты жауабыңызды алдым, сізге рахмет айта отырып және қосымша сұрағым туындады,мен 2007 жылы 10 жыл мерзімге иппотекалық несие арқылы пәтер алдым,ай-сайынғы төлемақы 12000 тенгені құрайды,менің жазған сұрағыма осы жағы ескеріле ме?Жауабыңызды асыға күтемін.
Жауап: 

  Құрметті Гүлсара!Сіздің қайталап келген сауалыңызға келесіні хабарлаймыз.2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы азық-түлік себетінің құнынан (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % құрайды) төмен отбасыларға әрбір балаға айына 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) немесе 1168 теңге тағайындалып төленеді. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері: еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін және өзге де табыстары есепке алынады. Осыған орай, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді.Сондықтан, жоғары айтылғанды ескере отырып балаңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселені қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңыз қажет.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертіКөшкімбекова Раушан Жанабайқызы

Сұрақтың нөмірі: 212582
6 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қайырлы таң! Жауабыңызға рахмет.8 тамызда қойған сұрағымды қайталаймын.Сәуле есімді азаматшаның сұрағына мынадай жауап беріпсіздер:«Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес: Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді, жәрдемақының мөлшері ай сайын бір балаға 1 АЕК (1168 теңге) құрайды. Азық-түлік себетінің құны ең төмен күнкөріс деңгейінен 60 % құрайды және республика және өңірлер бойынша тоқсан сайын есептеліп отырылады». Менің сұрағым: осы 60 %-ды теңгемен көрсетсеңіздер екен. Жолдасымыз екеуміздің жалақымызды қосқанда-75000 теңге. Бір баламыз бар (2 жаста),екіншісіне жүктімін. Алла қосса, екі балаға жоғарыда аталған жәрдемақыны алуыма бола ма? Қандай құжаттар қажет? Жауаптарыңызғы алдан-ала рахмет.
Жауап: 

 Құрметті Венера!ҚР-ның «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес отбасыңыздың жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға үміткер бола аласыз. Жәрдемақы мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 1168 теңге. Азық-түлік себетінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % мөлшерінде анықталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі республиканың әр аймағында әртүрлі болуына байланысты азық-түлік себетінің мөлшері де бірдей болмайды. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);5) отбасының құрамы туралы мәлімет;6) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.Сізге азық-түлік себетінің мөлшері және аталған жәрдемақы жөнінде тағы да басқа сұрақтар жөнінде тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңыз қажет.Орынд. Мейірбеков М.

Сұрақтың нөмірі: 212538
3 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыздарма? Менің 18.09.2008 жылғы сұрағыма қашан жауап қайтарасыздар, қанша күн ішінде жауап болады?
Жауап: 

  Құрметті Гулсара! “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 – ІІІ (бұдан әрі - Заң) Заңына сәйкес 2006 жылдың қаңтар айынан бастап отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленеді. Осы Заңның 5-бабы, 2-тармағына сәйкес, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін, өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады: балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтініш, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі, отбасының құрамы туралы мәлімет, отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындалуы мен төлеу, оның ішінде телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлемдері тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті өкілетті органдармен атқарылады. Бұдан басқа облыс, қала және аудан әкімдері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы.Осыған орай, балаңызға арналған жәрдемақыны тағайындау және басқа көмектер туралы мәселені қарау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға баруыңызға болады.орынд. Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертіКөшкімбекова Раушан Жанабайқызы

Сұрақтың нөмірі: 212510
2 қазан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Курметті Зейнетакы жане алеуметтік камсыздандыру кызметкерлері! Менің сұрақтарыма кашан жауап келеді???? Алде Министрліктің қазақша саитынан жауап куту уакытты бос өткізу ме???!!!! Ертерек алдынғы сурактардын жауабын жазсаныздар деймін!!!!! Жауап кутемін.Алдын ала рахмет!!!!!!
Жауап: 

 Асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы бойынша«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13 бабына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Егер Сіздің анаңыз зейнеткерлік жасқа толмаса, онда еңбекке жарамсыз болып саналмайды. Сондықтан, бұл жәрдемақыға оның студент және оқушы балалары ғана құқылы. Еңбекке жарамсыз болып 18 жасқа толмаған балалар саналады.Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін жергілікті Зейнетақы төлеу орталығына хабарласу қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарды алу сұрағыңыз бойыншаЖинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жарналарын алу тәртібі «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 Қаулысымен белгіленген. Аталған Қаулының 10 тармағына сәйкес Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар: 1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш; қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; 2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін: зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi; алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады. Қайтыс болғанда төленетін біржолғы жәрдемақы жайлы Әкеңіз зейнет жасына жетпей қайтыс болуына байланысты мемлекет тарапынан бірмезгілдік жәрдемақы, өкінішке орай, төленбейді. Бұл төлем зейнеткер немесе мүгедек қайтыс болған жағдайда қарастырылған. Жалақы мәселесі бойыншаҚазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 138 - бабына сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.Сіздің мәселеңіз жеке дауларға жатады, ал қызметкермен жұмыс берушінің арасындағы жеке даулары тараптардың келісімімен және (немесе) сот арқылы шешіледі.Осыған орай, Сізге сотқа шағымдану қажет.Орындаушы: Жұмағұлов Бағдат Сәдуақасұлы - Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің Бас сарапшысы, Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы –сарапшы.

Сұрақтың нөмірі: 212481
30 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші