A A A
Мазмұнына өту

You are here

Қайырлы таң! Менің 8 тамызда жазған сұрағыма қашан жауап бересіздер? Қанша күн күтуім керек? Жауабыңызға рахмет.
Жауап: 

Құрметті Венера! Сіздің қойған сұрағыңызға жауаптың кешіктірілуіне кешірім сұрай отырып, Сізден сұрағыңызды қайта жолдауыңызды сұраймыз. Себебі, Министрліктің веб-сайттындағы техникалық ақауларға байланысты кейбір сұрақтардың мазмұнын оқу мүмкін болмай отыр.Тағы да кешірім өтінеміз. Бізді түсінгеніңізге алдын-ала рахмет!ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сұрақтың нөмірі: 212373
11 қыркүйек, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Нұрсұлу менің сұрағыма жауап бергеніңізге көп рахмет.Сізге тағы сұрағым бар еді, мен 'Cенімді Құрылыс' компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасаймын.Менің естігенім өндірісте жұмыс жасайтындар жүктілік демалысқа 9 аптадан бастап шыға беруіне болады деп.Егер мен қазір жүктілік демалысыма шықсам,маған 6 айға дейінгі еңбекақым төленеме?Сіздің жауабыңызды күтем.Рахмет.
Жауап: 

 Жауабы: Құрметті Құндыз!Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы «Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесiн бекіту туралы» № 859 бұйрығына сәйкес, жүктiлiгi және босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағы босанғанға дейiн ұзақтығы 30 аптадан бастап 70 күнтiзбелiк күн және босанғаннан кейiн 56 күн (босану ауыр немесе екi және одан да көп бала туған жағдайда - босанғаннан кейiн 70 күнтiзбелiк күн) мерзiмге беріледi. Демек, жүктілікке байланысты демалыс тек жүктіліктің 30-аптасынан бастап беріледі, кейінгі босану алдындағы және одан кейінгі мерзімде жұмыс істейтін әйелге әлеуметтік төлем берәледі.Еңбек Кодексінің 211-бабына сәйкес, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға жүкті әйелдер жіберілмейді. Егер Сізді жұмыс берушіңіз медициналық қорытынды негізінде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстырып, еңбекке жарамсыздық парағын алған уақытқа дейінгі табысыңыздан әлеуметтік аударымдар жасаған жағдайда, Сізге жүктілік және босану жағдайына байланысты әлеуметтік төлем беріледі. Нұрсулу Кемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас маманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211313
1 тамыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер ме ? шілде айының 23-і күні сұрақ жолдап едім, жауабы әлі жоқ. Ал орыс тіліндегі сұрақ-жауап бөлімінде күнбе күн жауабы беріліп отырылады, мемлекеттік тілдегі өтініштер мен жүгінімдерді қарау мерзімі заңда басқаша жазылған ба? Әлде мемлекеттік тілдегі өтініштерді қарайтын маман тапшы ма? Мүмкін қазақ тіліндегі өтініштердің әлеуметтік сипаты да жоқ шығар.
Жауап: 

 Құрметті Айнұр! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс (бала үш жасқа толғанша жалақы сақталмай берілетін демалыс) біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Орынд. Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы

Сұрақтың нөмірі: 211187
25 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Саламатсыз ба? Мен(1) 2008 жылдын сәуір айына дейін жумыс істеп, 2-3 ай үзілістен кейін басқа жұмысқа орналастым.Сонымен бірге,(2) менің зейнетақы қорым Ұлар Үміт зейнетақы қорында жиналуда. Осы жағдайлар менің жүктілікке байланысты берілетің әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеуде өз әсерін тигізе ме? Олай болса, қандай? Жауабыңызға алдын-ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Гүлмария!

Жүктілікжәне босануға орай берілетін әлеуметтік төлеммөлшері Сіздің еңбекке жарамсыздықпарағының берілген күнінен бастап соңғы 12 айдатапқан орташа айлық табысыңыздың көлеміндеанықталады. Орташа айлық табыс соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдаржасалған табыс қосылып, 12-ге бөлу арқылыанықталады. Демек, орташа айлық табысты анықтауда біріншікезекте әлеуметтік аударымдардың жасалуы қарастырылады. ЕгерСіздің табысыңыз 10 еселенген ең кіші жалақыданкөп болса, онда есепке міндетті зейнетақы жарналары алынады.Бұл жағдайда, Сіздің қандай зейнетақықорында екеніңіз маңызды емес. Соңғы 12 айдаәлеуметтік аударымдар жасалуда үзілістер болса, онда осыайлардағы табыс 0-ге тең болады.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211185
24 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен алла жазса 2009 жылдың ақпан айында жүкті болуыма байланысты декреттік демалысқа кетпекпін. Сұрағым: босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі мерзімге берілген еңбек демалысынан кейін жұмыс орынымнан 2009 жылдың кезекті еңбек демалысын талап ете аламын ба ?
Жауап: 

Құрметті Айнұр! ҚазақстанРеспубликасының  Еңбеккодексінің 192-бабына сәйкес әйелге, қалауы бойынша,жүктілікке және босануға байланысты  демалыстың алдында немесе  тікелей одан кейін не балаға  күтім жасауға  арналған демалыс (бала үшжасқа толғанша жалақы сақталмай  берілетін демалыс) біткен  соң жыл сайынғы  ақылы еңбек демалысы беріледі.

Орынд.Ш. Молдабекова, мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы 

Сұрақтың нөмірі: 211135
23 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 2008 жылдың мамыр айының 12 күні жұмысқа орналастым. Бір айдан соң ғана жүкті екенімді білдім. Жалақым 79 мың теңге. Егер жүктілікке байланысты демалысымды алсам, маған Үкімет уәде берген жалақымның 40 проценті төле ме? Әлде менің жұмыс өтілім оған жетпей ме? Жауабыңызды күтем.
Жауап: 

Құрметті Айнұр!

Жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлем әйелдің соңғы 12айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысының орташамөлшерінде тағайындалады және қалыпты босанғанжағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке, ауыр босанғанжағдайда - 4,7 коэффициентіне көбейтіледі. Орташа айлықтабысты табу үшін еңбекке жарамсыздық парағы берілгенкүннен бастап соңғы он екі айдағы табысқолданылады. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардыңуақытылы және толық мөлшерде төленуімаңызды орынды иеленеді. Егер Сіз соңғы он екі айданбұрын ешуақытта жұмыс істемеген болсаңыз,соңғы он екі айдағы табысыңыз әлеуметтікаударымдар аударылған нақты айлардың санына бөлінеді.Ал егер, соңғы он екі айдан бұрын жұмыс істегенболсаңыз, табысыңыз 12-ге бөлінеді.

Бір жасқа толғанғадейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы әлеуметтікаударымдар жүргізілген орташа айлық табысының 40 пайызымөлшерінде тағайындалады. Орташа айлық табысты табуүшін баланың туылған күнінен бастап соңғы24 айдағы табыс қолданылады. Демек, соңғы 24айдағы табысыңыз қосылып, 24-ке бөлінеді. Бұлретте, толық 24 ай табыс болмаса да, соңғы екі жылдағыорташа айлық табыс есептеледі. Шыққан соманың 40 пайызы– Сіздің ай сайын алатын бала күтіміне берілетін әлеуметтіктөлем мөлшерін құрайды.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 211130
14 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін екі ай қоғамдық жұмыс істедім.Сосын Арал қаласы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі жанындағы маман Құмарова Эльза әр онкүндікте жұмыссыздар тізімінде тұру үшін қойылатын қолды қойғызбай,бір ай жұмыссыз болдым.Сол уақытта жұмыс жасады деп кірмеген кірісті есептеп,енді атаулы көмек ала алмай отырмын.Осынысы дұрыс па?Қазір жасым елуде.5 баланың анасымын.Денсаулығым нашар.Анықтамамды көрсетсем де ,маған стройкадан ауыр жұмыс ұсынып отыр.Істемеген жағдайда тіркеуден шығарып,әлеуметтік көмек бермейміз деп отыр.Күйеуім де жұмыссыз.Қажетті көмекті сіздерден күтемін.Халықты зар қақсатып,ары бері сандалтып отыр.Бұл халыққа қызмет етушілер қызметтерін дұрыс көрсетіп отырған жоқ.Қазіргі айтып отырған мәселе тек менің емес,қаншама халықты күйзелтіп отырған мәселе.Сіздердің жауаптарыңыз күтеміз.Рахмет
Жауап: 

 Жауап: Құрметті Мағрипа Әбдіхалықова! «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың құқығы бар. Сондай-ақ, ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы қабылдайды.Жоғарыда аталған Заңның 8 бабына сәйкес атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылуына байланысты Сізге Қызылорда облыстық жұмыссыздықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне шағымдану қажет.Орындаушы: Жүсіпбекова Гүлзат Қойшыбайқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау Комитетінің эксперті

Сұрақтың нөмірі: 211342
12 шілде, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Қамбар Үсенұлы мен 2007 жылдың науырызында жүктілікке байланысты демалысқа шығып,2008-дің наурызында қайтадан жұмысқа шықтым.Қазір мен екінші рет жүкті болуыма байланысты демалысқа шықсам,менің еңбекақым 40000 теңге.Маған қанша ақша тиесіді екенін есептеп берсеңіз.
Жауап: 

Құрметті Құндыз!

Жүктілік пенбосануға байланысты төленетін әлеуметтік төлемніңмөлшері соңғы он екі айда тапқан орташа айлықтабысқа байланысты есептеледі. Орташа айлық табыс еңбеккежарамсыздық парағы берілген күннен соңғы он екіайдағы әлеуметтік аударымдар жасалған табыстананықталады. Сіздің әлеуметтік төлеміңіздіңмүмкін болатын мөлшері: (12 айдағы орташа айлық табыс /12 * 4,2) Нақты әлеуметтік төлемнің мөлшерінанықтау үшін Мемлекеттік әлеуметтік зейнетақытөлеу жөніндегі орталықтың тұрғылықтыжеріңіз бойынша бөлімшесіне баруыңыз қажет.

НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210480
20 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Қамбар Үсенұлы мен 2007 жылдың науырызында жүктілікке байланысты демалысқа шығып,2008-дің наурызында қайтадан жұмысқа шықтым.Қазір мен екінші рет жүкті болуыма байланысты демалысқа шықсам,менің еңбекақым 40000 теңге.Маған қанша ақша тиесіді екенін есептеп берсеңіз.
Жауап: 

Құрметі Күндыз!

«Міндеттіәлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 23-1-бабына сәйкес, жүктілігі жәнебосануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемәйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдараударылған табысының орташа мөлшерінде тағайындаладыжәне қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс4,2 коэффициентке көбейтіледі.

Орташаайлық табысты есептеуде еңбекке жарамсыздық парағыберілген күннен бастап соңғы 12 ай қолданылады. Мысалы,еңбекке жарамсыздық парағы 2008 жылдың 1 тамызынан басталса,онда 2007 жылдың 1 тамызынан бастап орташа табыс есептеледі. Сіздіңжағдайыңызда, еңбекке жарамсыздық парағы берілгенкүннен 2008 жылдың наурызына дейін табыс қосылады да, 12-гебөлінеді. Бұл табыс 4,2 коэффициентіне көбейтіледі.Толық сома туралы ақпаратты Мемлекеттік зейнетақы төлеужөніндегі орталықтың бөлімшесінен алуыңызғаболады.  

Орынд. НұрсулуКемел - «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыруқоры» АҚ бас маманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210875
20 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің балдызым бүгінде бірінші баласымен үйде декретте отыр. Алайда екінші балаға тағыда аяғы ауыр. Сонда қызмет орнынан екінші қайтара декреттік демалысты ақшасымен ала ала ма
Жауап: 

Құрметті Нұртай!

2008 жылдың 1қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшінміндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Осыған орай,жүктілік пен босану жағдайына берілетін әлеуметтіктөлемді жұмыс орны емес, Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қоры жүзеге асырады. Бұлтөлемнің мөлшері соңғы он екі айдаәлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысқабайланысты анықталады. Сіздің хабарлауыңызша,соңғы он екі айда жұмыс жасаған жоқ, табыскөзі болған жоқ. Демек, сіздің балдызыңызғажүктілік пен босану жағдайына әлеуметтік төлемберілмейді. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғыәлеуметтік төлем алуына құқығы бар.Бұл төлемнің ең кіші мөлшері екінші баланыңкүтімі үшін 6424 теңгені құрайды. Соныменқатар, баланың туылуына орай берілетін бір реттік әлеуметтікжәрдемақы алуына құқылы.

НұрсулуКемел- «Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басмаманы wwwgfss.kz

Сұрақтың нөмірі: 210457
18 маусым, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші