A A A
Мазмұнына өту

You are here

Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі! Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында Кемелұлы атындағы орта мектепте жұмыс істеймін. Маған 2008 жылдың қаңтар айында ЖЗҚ-нан келген хатта менің төлқұжат номерім, СТТН номерім дұрыс көрсетілмеген, ал ЭЖҚ номері дұрыс. менің не істеуім керек. Қайда барып Өзімнің төлқұжат. СТТН номерлерімді дұрыстатуым керек. Көмектессеңіздер екен.
Жауап: 

Құрметті Мұратхан!

Келеңсіздіктерді түзетуүшін жеке төлқұжатыңызбен, СТТН жәнеӘЖҚ-мен тұрғылықты жеріңіз бойыншаМЗТО-ның бөлімшесіне жолығуыңыз керек.

Орындаушы:Сарапшы - Бейсембаева Бахыт Кенжебайқызы

Сұрақтың нөмірі: 209899
19 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі!Менің кәсібім мұғалім.Павлодар облысы,Баянауыл ауданында істеймін.Мен 2007 жылдың қараша айында балам дүниеге келді .Сұрағым: Мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдем ақы мен балаға бір жасқа дейінгі жәрдем ақша алып жүрмін.Декреттік демалысқа шығу жәрдемін алдым.Елбасының жолдауында көрсетілгендей бір жылға дейін жалақының 40 % -ын алып жүрген жоқпын,ала алам ба? Осыған нақты жауап берулеріңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Жанаргүл!

           Егер сіз міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысыболсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сізүшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздіңмемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала біржасқа толғанға дейін оның күтіміне байланыстытабысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтіктөлем алуға құқыңыз бар. Бұләлеуметтік төлем жұмыс істейтін әйелдіңсоңғы 24 айдағы орташа табысының 40 % мөлшеріндежүзеге асырылады.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерденЖинақтаушы зейнетақы қорларына 10 пайыз көлеміндеміндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

           Әлеуметтік төлемніңмөлшері бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтікжәрдемақыдан кем болмауы қажет.

            Қазір, Сізге Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын бала бір жасқатолғанға дейінгі күтіміне байланысты 8436 тенгекөлемінде әлеуметтік төлем тағайындалғанжәне төленуде.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 209699
12 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Құрметті Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі!Менің Касібім мұғалім. ОҚО Созақ ауданы 'Созақ' мектеп-гимназиясында жұмыс істеймін.Мен 2006-2007 тамыз айына дейін бала бағуға байланысты еңбек ақысыз демалыстаотырдым. 2007 жылдың 1 тамызынан жұмысқа түстіп 2008 1 сауірден декреттік демалысқа шықтым. Сұрағым: Менің жалақым ештеңе ұсталмағанда 35 мың теңге (зейнетақы және салық). Алдынғы жылдары декреттік демалыстағы ақшамызды төлерде соңғы жұмыс істеген 4 айдың орташа жалақысын есептеп төлейтін. Қазір мен бар жоғы 8 ай жұмыс істеген жалақымның орташасын табу үшін 12 айға болуде. Осы дұрыс па?.Бірінші есептеумен 120000 теңгедей ақша алум тиіс болса, бұл жолы маған 63 мың теңге есептеп отыр.Осыған нақты жауап берсеңіздер.
Жауап: 

Құрметті Зағира!

            Егер сіз міндетті әлеуметтіксақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз,яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшінәлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтіктөлемдер алуға құқыңыз бар:

        1. Жүктілігі және босануыжағдайына төленетін әлеуметтік төлемдерміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінеқатысушыға бір рет төленеді және ол  әйелдің соңғы он екіайда тапқан табысының орташа мөлшеріндетағайындалады.  Қалыптыбосанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициенткекөбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесеодан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар  өткізілген өңірлердетұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттеріқолданылады. Жаңа туған баланы асырап алғанжағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

             Бұлжағдайда, алынатын орташа айлық табыс мөлшері, егер осы айдағыәлеуметтік аударымдар Қорға түскен болса, әлеуметтікқатер басталған айды қоса, соңғы он екі айдағы ай сайынғы табыстықосу және шыққан соманы он екіге бөлу жолыменайқындалады.

           2. Бір жасқатолғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайынаәлеуметтік төлем ай сайын төленеді жәнеміндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініңқатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысыныңқырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және балакүтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыданкем болмауы тиіс.

           Бұл әлеуметтіктөлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастапбала бір жасқа толғанға дейін төленеді жәнебұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғасабереді.

            Егер бұрындекреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдарыжүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін  жүктілігі, босануы жәнеаналық  кезін міндеттіәлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланыстыәйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік  төлемдерден міндетті зейнетақыжарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы оданәрі жалғасады.

орын: Қамбаров Талғат Үсенұлы - Әлеуметтікқамсыздандыру және сақтандыру департаментінің бассарапшысы

Сұрақтың нөмірі: 209698
10 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
мен Түркіменістаннан 2002 көшіп келдім. биыл 2008ж. жасым 63 ке толуына байланысты зейнеткерлікке шығуым керек. менің Қазақстандағы жұмыс өтілім 5 жыл. зейнетақы мөлшерін есептеуде менің жұмыс өтілім есептеледі ме және мен алатын зейнетақы мөлшері қай шамада болады.
Жауап: 

Мәскеу қаласында 1992 жылғы 13 наурызда қол қойылған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасындағы келісім-шарт бойынша азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету құқығы туралы кепілдеме қабылданған.

Яғни, бұл ретте зейнетақы азаматтарға сол тұрып жатқан елдегі қолданылатын шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9 - бабының 1 тармағы бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда және жасы 63-ке толғанда тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың зейнетақы есебі үшін тапсырған табыс мөлшері мен еңбек стажына қарай тағайындалады.

З ейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209570
9 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Менің жасым 55-те. Төрт балам бар, күйеуім ерте қайтыс болған. Көп балалы ана ретінде неге зейнеткер жасын төмендетпейді. Бізді басқа зейнеткерлермен теңестіріп қойған. Ең болмаса зейнеткер жасын неге 56 жастан бастап бермейді? Мен сияқты балаларын жалғыз тәрбиелеп, өсіріп жатқан аналар қаншама. Осындай аналарды неге ешкім ойламайды? Ең болмаса зейнеткер жасын қысқартып (58 жастан) жеңілдіктер бермей ме?
Жауап: 

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 3-тармағы бойынша, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға құқылы.
1998 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада ынтымақты зейнетақыға негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік (бөліп таратушы) жүйесінен, жүзеге асырылатын міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері арасында өзара тікелей байланыс белгіленуін көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп көшу жүзеге асырылуда.
Ынтымақты жүйенің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп ауыстыру зейнетақы реформасының стратегиялық бағыты болып табылады. Жаңа жүйе төлемінің барабарлығы тікелей қатысу кезеңіне тәуелді.
Сонымен қатар, зейнетақы жасын төмендету мәселесін демографиялық тенденцияларға (халықтың қартаюы) жұмыспен қамтудың ауқымы мен нысандарының өзгерістеріне (заңсыз және ішінара жұмыспен қамтудың таралуы), зейнетақымен қамсыздандыруға арналған мемлекеттік шығын үлесінің көбеюіне қарай қоғамның еңбекке қабылетті мүшелеріне түсетін ынтымақты жүктеме әсерінің позициясынан қарау қажет екендігін айта кеткен жөн.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі уақыттағы қолданыстағы зейнетақы жасының көрсеткіштері халық санағының деректері есебімен есептелген, негізді белгіленген. Сонымен қоса, ұзақ мерзімді жетістіктерде зейнетақы жүйесінің тұрақты дамуы мақсатында концептуалдық өзгертулер енгізу орынсыз және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының зейнеткерлік жасты анықтауға қатысты ережелерін күшінде қалдыру керек деп санаймыз.
Орындаушы: Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209437
7 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы арнаған Жолдауында алдағы 3 жылда зейнетақы 2,5 есе өседі делінген. Ал ең жоғарғы зейнетақы 25 есептік көрсеткіштен аспаса, 3 жылдан соң барлық зейнеткерлердің зейнетақысы бір деңгейде бола ма?Биыл ең жоғарғы зейнетақы 26200 теңге болды. Себебі не?
Жауап: 

Биылғы жылы ең жоғарғы зейнетақы 21900 теңге (1168 х 25 х 75%)
Ал базалық зейнетақы төлемімен (4210 т.) қоса есептегенде 26110 теңге.
Осыған орай, зейнетақының ең жоғарғы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жыл сайын артып отырады.
Елбасының 2008 жылығы Жолдауына сәйкес тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілетін болады.
Бұл ретте, алып жүрген зейнетақы мөлшерлері жеке-жеке арттырылады, сондықтан зейнетақы мөлшерлері бір деңгейде болуы мүмкін емес.
Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209407
3 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Жауабымды алдым, рахмет! Бірақ та осы есептеген 6800 теңгедей зейнетақымды қашаннан бері алуым керек еді? Ал осы екі жыл бойы алған 4800теңге зейнетақым дұрыс па және толық болмаса оның айырмашылығын қайтара ма? Осы айдан бастап қана жол ақыммен қосқанда 7400теңгедей беріпті, қалған алдыңғы айларды, алдыңғы жылды аз мөлшерде алдым, соны не істеу керек? Және де менің ҚХР-дағы еңбек өтілім 25 жыл болан!Жауаптарыңызды күтемін және сіздермен қалай хабарласуға болады?
Жауап: 

Алдыңғы берілген жауапқа қосымша

2007 жылы зейнетақыңыз 1908 теңгені құрайды (5 жыл х 7236 т. / 20 жыл = 1908 теңге).

2007 жылы зейнетақыңыздың жалпы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен (3000 т.) қоса есептегенде 4908 тенгені құрайды.

Ал 2008 жылдан бастап зейнетақыңыз1975 теңгені құрайды (5 жыл х 7900 т. / 20 жыл = 1975 теңге). Зейнетақыңыздың жалпы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемімен ( 4210 т.) қоса есептегенде 6185 тенген і құрайды.

Сондықтан Сіздің жалпы зейнетақы төлеміңіз 2007 жылы – 4908 теңгені, ал 2008 жылы 6185 теңгені құрады.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209324
26 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен алты перзен өсірдім Жасым 58 ге мамырда толады. 1997 жылға дейін Совхоз ұжымда жұмыс істедім. Менің зейнетақым қанша болады ?
Жауап: 

Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң кесімдері бойынша зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек стажы мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін есептеу аталған заңның 14 бабына сәйкес белгіленген орташа айлық табыстың 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Әйелдерге қажетті еңбек стажы 20 жыл. Ал еңбек стажы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін есептеледі.

Бұл ретте әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы тиіс.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 209325
26 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Жауабымды алдым, бірақ осы жауаппен қайда баруым керек? Жауаптарыңызды күтемін, Сіздермен қалай хабарласуға болады?
Жауап: 

Сіз Министрліктің сайтына сұрақ қойған болатынсыз, осыған орай зейнетақы іс құжатыңыз бойынша Сіздің өзіңізге толыққанды жауап берілді.

Орындаушы: Әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы – Сүлейменова Гүлмира Рашидқызы

Сұрақтың нөмірі: 207581
25 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
сәлеметсіздер ме? ана жүктілігіне байланысты берілетін жәрдем ақылар туралы білгім келген еді. жұмыс істейтін ана жүктілігіне байланысты демалыс біткен соң жұмысқа шықса, оған 40% жалақы есебінен жәрдем ақы төленеді ме? жұмыс істейтін анаға 1-ші бала, 2- балаға .... төленетін жәрдемақылар беріледі ме? Сосын білейін дегенім босанғанға дейін және босанғаннан кейін төленетін жәрдемақыдан басқа қандай көмек бар. Жауап күтемін. Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Омартай!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан келесі әлеуметтік төлемдер алуға құқыңыз бар:
1. Жүктілігі және босануы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттері қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.
2. Бір жасқа толғанға дейінгі нәресте күтімі жағдайына әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады және бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс.
Бұл әлеуметтік төлем туу туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап бала бір жасқа толғанға дейін төленеді және бұл кезеңде анасы жұмысқа шықса да жалғаса береді.

Егер бұрын декреттік демалыста болған әйелдерге зейнетақы аударымдары жүргізілмесе, енді жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі, босануы және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты әйелдің бала күтімі бойынша демалыста болған кезінде әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарнасын ұстау арқылы зейнетақы жинақтауы одан әрі жалғасады.

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджет есебінен бала күтіміне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 1-балаға – 5840 тенге, 2 балаға – 6424 тенге, 3 балаға – 7008 тенге, 4 және одан көп балаға – 7592 тенге көлемінде беріледі.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымындағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін 35040 тенге көлемінде бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы әйелдің жұмыс істегеніне немесе істемегеніне қарамастан төленеді.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы - әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 209353
24 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші