check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Менің анам 2003 жылы баламен 53 жасында пенсияға қалды, қазір 12100 теңге пенсия алады, айтайын дегенім 34 жыл стажы бар 14 жыл іс тігуші болып ал 20 жыл зав. почта болып жұмыс атқарды, 2 жыл оқуы бар ол стажға қосылама, қосылған жағдайда 36 жыл болады. Еңбек ақысының небары 5000 тенге болыпты бұның әсері барма? Неге ол кісіге средний размермен төленбейді? Өмір бойы жұмыс істемеген өзімен құрдас әйел адамдар бірдей немесе көп алады. Әлде 58 жасқа келгенде қайтадан құжат жинау керек пе?
Жауап: 

Қазақстан Республикасында зейнетақы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес, зейнетақы азаматтардың еңбек стажы мен айлық табысын ескере отырып тағайындалады.

Азаматтардың еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін есепке алынады.

Сіздің анаңызға 2003 жылдан бастап көп балалы ана ретінде жеңілдік шартпен зейнетақы тағайындалған екен.

Сонымен, осы аталған заңның 11-бабына сәйкес, жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарында оқыған уақыт жалпы еңбек өтіліне есепке алынады.

Төмен деңгейдегі орташа жалақысына байланысты Сіздің анаңыз ең төменгі мөлшердегі зейнетақы төлемін алады.

Зейнетақы мөлшерін қайта қарау мәселесіне келсек, Сіздің анаңыз кезінде жеңілдік шарт құқын пайдаланған демек, сол себептен жасы 58-ге толғанда, қайта зейнетақы тағайындау құқына ие боламайтындығын хабарлаймыз.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208712
18 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Туберкулезбен ауыратын кісі емханада 6 ай жатты. Ай сайын еңбекке жарамсыздық бетшесі бойынша ақшасын төменгі көрсеткішпен алып отырды. Себебі 12 айды теріп алып есептегенде төменгі көрсеткіштен асып кетеді. Осылай есептелуі дұрыс па? Әлде басқалай жолы бар ма?
Жауап: 

Құрметті Отарова Жаңалық! Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысымен бекітілген.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Респуликасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 159-бабының 3-тармағына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді.

Айлық жәрдемақының мөлшерi Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, он еселенген айлық есептiк көрсеткiш шамасынан аспауға тиiс.

Бұл ретте, Кодекстің 159-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.

Е ңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208582
14 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен 2003 жылы тамыз айында 5 баламен 53 жастан зейнетке шықтым, зейнетақым 14600 тенге, одан кейңн 5 жыл жұмыс жасадым, айлығым екі рет өсті, 2008 жылы зейнетақыма 2000 теңге ғана қосылды, менімен бірге жұмыс істеген құрбым 2007 жылы желтоқсан айында ол да 14600 теңгемен зейнетке шыққан, бірақ оған 2008 жылы қаңтар айында 10000 теңге қосылған, менің сұрайын деп отырғаным неге маған аз қосылып отыр. Алдын ала Рахмет! Жауап күтемін.
Жауап: 

Қазақстан Республикасында зейнетақы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес тағайындалады.

Осы заңда зейнетақымен қамсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген.

2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру Қ азақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1243 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл ретте, зейнетақы төлемін арттыру екі нұсқа бойынша жүргізілді:

- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 25 айлық есептік көрсеткішке шектеліп ескерілетін табысқа негізделіп;

- егер зейнетақы төлемін жоғарыда айтылған нұсқаға сәйкес есептеген кезде арттырылған зейнетақы мөлшері алып отырған мөлшерден төмен болған жағдайда, зейнетақы мөлшері 9 пайызға арттырылады.

Сонымен бірге, зейнетақы мөлшерін арттыру азаматтардың зейнетақы ісіндегіеңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылды.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208575
7 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Асылбекова Ұлжалғас Дәуренбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының тұрғынымын. 1950 жылы 12 қаңтарда дүниеге келдім. 1971-2004 жылдар аралығында Түркістан гуманитарлық - техникалық колледжінде математика пәнінің оқытушысы болып қзмет атқардым. Қызмет барысында Халық ағарту ісінің үздігі атандым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың грамотасымен және көптеген облыс, қала көлемінде мақтау қағаздарымен марапатталдым. Көп балалы ана ретінде 2004 жылы 53 жаста зейнеткерлікке шықтым. Менің сіздерден сұранарым: 58 жасқа толғаннан кейін көп балалы аналардың зейнетақысына бөлінген зейнетақы мөлшерін көбейтуге бол ма? Алдын-ала рахмет айтып, жауап күтемін.
Жауап: 

Қазақстан Республикасында зейнетақы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес тағайындалады.

Сізге 2003 жылдың 12 тамызынан жалпы еңбек стажыңыз 30 жыл орташа жалақыңыз 15877 тенге есебінен көп балалы ана ретінде жеңілдік шартпен зейнетақы тағайындалған.

Зейнетақы мөлшерін 58 жасқа толғанда көбейту мәселесіне келсек, Сіз кезінде жеңілдік шарт құқын пайдаланғансыз демек, сол себептен жасыңыз 58-ге толғанда, қайта зейнетақы тағайындау құқына ие боламайтындығыңызды хабарлаймыз.

Сонымен бірге, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208367
1 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен, Қыпшақбаев Кеңесхан Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында 1940 жылы 29 ақпанда дүниеге келдім. 2003 жылы март айында зейнеткерлікке шықтым. Райсобес: «1998 жылдан кейінгі айлығымды зейнеткерлік қорға ақша аудардың ба?» - деп сұрады, мен: «жоқ» - деп жауап бердім. Сонымен менің еңбек кітапшамды көріп, соңғы істеген жерімнен айлығымда алған жоқ. 5000 (бес мың) тенге мөлшерінде зейнет ақы белгіледі. Сонымен 2007 жылы желтоқсанда 10400 (он мың төртжүз) тенге алсам, 2008 жылы ақпан айында зейнетақым 12200 (он екі мың екі жүз) тенге болды. Біз жұмысты 1948 жылда (яғни 8 жасымнан) жыл сайын 5 ай істеп тұрдық (маусым, шілде, тамыз, қыркүек, қазан). 1959 жылы Шымкенттегі технологиялық институтқа қабылдандым. Осы жылы еңбек кітапшам 1 қырқүйектен ашылды. Себебі біз күндіз жұмыс істедік, ал кешке оқыдық. 1960 жылы желтоқсаннан бізді күндізгі оқу орнына ауыстырды. Жұмысты тоқтаттық. 1964 жылы желтоқсан айында институтты бітіріп, жұмысқа жолдама алдық. Бірақ, 1965 жылы қантарда армия қатарына алып кетті. Армиядан желтоқсанда қайттым. 1966 ақпанда Жамбыл аудан орталығындағы Аса астық қабылдау мекемесіне механик болып орналастым. 1969 жылы аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігіне ауысып, осы мекемеде әр түрлі қызметте болдым. Арасында «Жасөркен» совхозында аға инженер-механик болдым, ауданның ауылшаруашылық мекемесінде 1981-1991жж. аудан фермаларында қондырғыларды күрделі жөндеуден өткізу бөлімінің бастығы болдым. 1992-1994 жж. аудандағы ТОО «БМ» мекемесінде жұмыс істедім. Осымен жұмыс бітті. Нарықтық заман келді. Бізді еш жерде жұмысқа алмады. Сонымен отырып қалдық. 1996ж. ақпан айынан 2000ж. маусымына дейін аудандық еңбекпен қамсыздандыру бюросында тіркелдім. Одан кейін 2000-2001 жылдары Еңбек ШҚ 1Га жерді арендаға алып пияз ектім. 2000 жылы – 26000 тенге, 2001 жылы – 30000 теңге жерге аренда төледім. Еңбекте жеңістіктер бар.1. 7 мамыр 1965 жылы «Двадцать лет Победы в ВОВ 1941-1945» медалімен марапатталдым.2. «Победитель социалистического соревнования 1980 года» наградной знак.3. Наградной знак «Ветеран труда» от 18 апреля 1989 годаБылайша айтқанда айлағым 300-350 рубльден кем болмады. Жалпы стаж – аудандық еңбекпен қамсыздандыру бюросымен қосқанда 40 жылдай болып отыр. Зейнетақымды уақытылы алып отырмыз. Менің түсінігім бойынша маған ең төменгі зейнетақы лайықты емес.2004ж Тараз қаласына қоныс аудардым. Тараз қалалық халықты әлеуметтік қорғау департаментінде тіркелдім.СҰРАҚ:1. Ерте туып, кем қалған біз сияқты азаматтарға зейнетақы қайта қаралады ма? Қаралса қашан?2. 25 МРП біздерге қалай есептеледі, бізден айлық туралы анықтама алған жоқ?Ерте туып, кем қалған біздерге оң көздеріңізбен қарасаңыздар. Алдын-ала рахмет айтып, жауап күтемін.
Жауап: 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, зейнетақы азаматтардың еңбек стажы мен айлық табысын ескере отырып тағайындалады.

Сонымен бірге,       зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жыл сайын жүргізіліп отырады.

Осыған орай, 2008 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін арттыру Қ азақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 1243 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Бұл ретте, зейнетақы төлемін арттыру екі нұсқа бойынша жүргізілді:

- зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 25 айлық есептік көрсеткішке шектеліп ескерілетін табысқа негізделіп;

- егер зейнетақы төлемін жоғарыда айтылған нұсқаға сәйкес есептеген кезде арттырылған зейнетақы мөлшері алып отырған мөлшерден төмен болған жағдайда, зейнетақы мөлшері 9 пайызға арттырылады.

Сізге ең тиімді нұсқа зейнетақыңызды 9 пайызға индекстеу болды.

Зейнетақы мөлшерін арттыру, азаматтардың зейнетақы ісіндегі құжаттарға сәйкес жүргізілді.

Сонымен қатар, Елбасының биылғы жолдауына сәйкес, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін 2009 жылдан зейнетақы төлемдердің мөлшерін 25%, 2010 – 25 %, 2011 – 30 %, сондай-ақ 2011 жылға қарай базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % дейін көтеру көзделіп отыр.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208364
28 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
мамандығым бухгалтер.Еңбек стажым 25 жыл.Мамандығым бойынша 1971 жылдан 1987 жылға дейін жұмыс жасадым.1987 жылдан бастап 1996 жылға дейін почтада істедім,яғни байланыс саласында.2004 жылдың сентябрь айында 5 баламен,53 жаста зейнетке шықтым.Төменгі зейнетақы тағайындады.Сонда менің еңбек еткен жылдарыма карамайды.неге еңбек стажыма қарамайды.сосын маған жәрдемақы тиесілі ма себебі мен 9 жыл бой байланыс саласында /почтада/ істедім осы сұрағыма жауап берсеңіздер.
Жауап: 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, зейнетақы азаматтардың еңбек стажы мен айлық табысын ескере отырып тағайындалады.

Талап етілген еңбек стажы бола тұрып айлық табысы болмаған жағдайда немесе төмен болған кезде ең төменгі мөлшердегі зейнетақы тағайындалады.

Жәрдемақы тағайындау туралы

1 қаңтар 1998 жылға дейін зиянды және ауыр өндірістерде еңбек стажы бар азаматтарға 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау енгізілді. Оның мөлшері 8 айлық есептік көрсеткішті, яғни 9344 теңгені құрайды.

Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 25 желтоқсанында №1283 қаулысымен, өндірісте, жұмыста қызметтері мен мамандықтары аталған жәрдемақыға құқығын анықтайтын арнайы № 2 Тізім бекітілді.

Байланыс саласында келесі мамандықтар бойынша жұмыс істегендер жәрдемақыға құқы болады:

  Қорғасындалған кабельдер мен полиэтилен және полихлорвинилді қаптамасы бар кабельдерді дәнекерлеумен айналысатын кабельші-дәнекерлеушілер;
      Қорғасындалған кабельдер мен полиэтилен және полихлорвинилді қаптамасы бар кабельдерді дәнекерлеумен айналысатын байланыс монтаждаушы-дәнекерлеушілері;
      Тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық, тапсырысты, анықтамалық коммутаторлар мен сөйлесу пунктерінде үнемі микротелефон гарнитурасымен (құрылғысымен) істейтін халықаралық телефон байланысының телефоншылары;
  300 және одан жоғары нөмірлі ауқымды қалалық телефон станцияларының жергілікті телефон байланыстарының телефоншылары;
      Қалалық телефон желісі анықтамалық қызметінің телефоншылары;
      Қорғасындалған кабельдер мен полиэтилен және полихлорвинилді қаптамасы бар кабельдерді дәнекерлеумен айналысатын телефонды байланыс және радиоландыру желілік имаратының электромонтерлер.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208361
27 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
1949 жылғымын қазір 58-демін, 58-ге толған, пенсия жасына жетпеген адамдарға жәрдемақы тиесілі ма? немесе пенсияға шығарады ма? соны анықтап берсеңіздер екенЖауап күтемін
Жауап: 

Қолданыстағы зейнетақы заңның талаптарына сәйкес, ер азаматтарына жасы 63 – ке толғанда жалпы еңбек өтілі 25 жыл болған жағдайда толық көлемде зейнетақы тағайындалады. Зейнетақы жасына жетпеген азаматтарға жәрдемақы төлеу заң жүзінде қаралмаған.

Мемлекеттік зейнетақы бөлімінің бас маманы

Айтанаева Сағира Ермекбайқызы

Сұрақтың нөмірі: 208362
27 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Маган айлыгымнын 40 айызы сакталама ? Оны кайдан аламын?
Жауап: 

Құрметті Тамара!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығыңыз бар.

Яғни, сіз бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем – сіздің соңғы 24 айдағы орташа табысыңыздың 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлем ала аласыз.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерден Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің тұрғылықты жердегі филиалына өтініш беру қажет.

Орындаушы: Әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы- Қамбаров Талғат Үсенұлы

Сұрақтың нөмірі: 208174
22 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сәлеметсіздер! Мен, ҚР азаматымын шет елге жұмысқа 1 жылға жіберілдім.Бұл жағдайда менің Қазақстандағы еңбек ақым сақталады ма және зейнет қорына аударылатын төлем қалай іске асады. Осы туралы қай заңды қарасам болады. Алдын ала рахмет.
Жауап: 

Құрметті Нұрлан!

Іс-жүзіндегі заңдылықта шет елдегі табыстан ұсталған жарналарды Қазақстандағы зейнетақы қорына аудару жолдары қарастырылмаған. Ол туралы халықаралық шарттар, заңдар әзірше жоқ.

Бірақ, келешегіңіз үшін өз пайдаңызға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын аудару мүмкіндігіңіз бар екендігін түсіндіреміз.

Аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы №245 Қаулысымен бекітілген «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесімен» реттелген.

Орын. Жүсіпбекова Гүлзат - жинақтаушы зейнетақы жүйесі бөлімінің бас маманы

Сұрақтың нөмірі: 208074
18 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
Мен казір декреттемін. Мектептен қазан айында декреттік демалыска шыгып босанып отырмын.Сурак менін айлыгымның 40 пайызы сакталама ? Оны кімнен аламыз ? Жауабынызга рахмет.
Жауап: 

Құрметті Тамара!

Егер сіз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз, яғни сіздің жұмыс берушіңіз сіз үшін әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда сіздің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығыңыз бар.

Яғни, сіз бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем – сіздің соңғы 24 айдағы орташа табысыңыздың 40 % мөлшерінде әлеуметтік төлем ала аласыз.

Белгіленген әлеуметтік төлемдерден Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады.

Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-нің тұрғылықты жердегі филиалына өтініш беру қажет.

орын. Қамбаров Талғат Үсенұлы. - Әлеуметтік сақтандыру бөлімінің бастығы

Сұрақтың нөмірі: 207988
13 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші