A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сәлеметсіздер ме!

Менің сізге қоятын сұрағым мынадай.Мен мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын,2013 жыл қыркүйектен айлығым қолыма алатыны 50000 теңгені құрады ал 2014 жыл қаңтардан 80000 теңге алдым.Ал 2014 жыл қыркүйектен айлығым 30000 теңгеге төмендеп кетті.Мен 2014жыл қазанның он бесінен декреттік демалысқа шықпақшы едім.Енді  менің  сұрайтыным жалпы орташа айлық көзі қанша болып есептеледі және декреттік ақшасы шамамен қанша болады.Осының барлығын маған есептеп беріңізші.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе,!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (бұдан әрі - науқастық парағы) көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

Егер Сізге айының 15 қазанында науқастық парағы берілген болса, онда Сіз үшін Қорға аударылған 2013 жылдың қыркүйек айы мен 2014 жылдың тамыз айларын қоса алғандағы аралықтағы 12 айға төленген ӘА есепке алынатынын ескертеміз.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

ӘТжб мөлшері ӘА есептеу объектісі ретінде есепке алынған ОАТ мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының өзіңіз тұратын жердегі бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

 Хасенова Л

Сұрақтың нөмірі: 315501
5 қараша, 2014 - 10:27 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Біз, бала асырап алу туралы сотқа арыз бердік. Арызымыз қанағаттандырылып, сот шешімі шықты. Баланың куәлігінде туған күні, айы, жылы сол куйінде сақталды. Өзім Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысымын.  Менің білейін дегенім:

1.Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын сот шешімі шыққан күннен бастап па, әлде шешім күшіне енген күннен бастап беруі керек?

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

1. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысымен бекітілген «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру» Қағидасының – 53 тармағына сәйкес ұл немесе қыз баланы асырап алған адамдарға, баланы асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік 56 күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі - науқастық парағы) және анықтамасы беріледі, медициналық ұйым науқастық парағын және анықтамасымен бір уақытта жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуына байланысты жұмыс берушінің демалысты ресімдеуі үшін еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын ДКК-ның анықтамасын береді.

Ұл немесе қыз баланы асырап алған күн баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн болып табылады.

Яғни баланың туған күні мен сот шешімі күшіне енген күннің аралығы 56 күнге дейін болса, Сізге баланы босанған жеріндегі медициналық ұйым немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) босандыру ұйымының шығару қағазына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша науқастық парағы және анықтамасы беріледі

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 20 бабының 6 тармағына сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем науқастық парағында  көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап құқық туындайды.

Заңның 23-1 бабына сәйкес Қордан төленетін ӘТба тағайындауға негіз болып табылатын құжаттың бірі болып науқастық парағы  табылады.

 

орынд: «МӘСҚ» АҚ А.Жумажанова 

тел: 96-55-45

Сұрақтың нөмірі: 315275
5 қараша, 2014 - 10:28 өзгертілді

Салеметсіздерме! Менің анам Саматова  Жанат Бердуашовна ОҚО Кентау қ. Уалиханова көшесі  134, 63 пәтер тұрғыны, 6 (алты) баланың анасы. Әкеміз  2006 жылы дүниеден өткен. Балаларының ең кішісі 17де. Кентау қалалық әкімшілігіне Күміс алқа атағына керекті құжаттардын барлығын өткізгенімізге 6 ай уақыт өтті. Әкімшілік балаларының бірі (29 жасар ұлы жеңіл жазамен қамауда) сотталғанын ескеріп Күміс алқа атағын бере алмайтындарын айтты. Бұл шешім Астана қаласынан келді деп алға қоюда.  Осы жағдайға байланысты Кентау қалалық  әкімшілігінің шешімі заңды ма?

Жауап: 

Жауабы:

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 41-бабында, заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк наградаларға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

орын. Ергеш Е.

 

Сәлеметсіз бе? Біз, 01.06.2014жылы туған баланы асырап алу туралы сотқа арыз бердік. Арызымыз қанағанттандырылып, 23.07.2014жылы сот шешімі шықты. 07.08.2014жылы сот шешімі күшіне енді. Баланың куәлігінде туған күні, айы, жылы сол куйінде сақталды (01.06.2014ж). Өзім 2-3 мекемеде қосымша жұмыс атқарамынМенің білейін дегенім:

Жауап: 

1. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларының 53-тармағына сәйкес ұл немесе қыз баланы асырап алған адамдарға асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (бұдан әрі - науқастық парағы) беріледі.

2. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда  төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТба) алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысына тағайындалады.

ӘТба алуға байланысты құқық  науқастық парағында көрсетiлген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

ӘТба мөлшерi әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын он екіге бөлу арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті науқастық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Егер, Сіз жұмыс істеп және Сіздің жұмыс берушіңіз Сіз үшін Қорға ӘА уақытылы аударған болса, онда ӘТба тағайындау үшiн тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне (бұдан әрі - ЗТМО) Заңда көрсетілген құжаттармен қоса өтiнiш білдіре аласыз.

ӘТба көлемі Қорға нақты төленген ай сайынғы ӘА сомасына байланысты болады.

ӘТба сомасынан зейнетақы жарналары ұсталынып, жинақтаушы зейнетақы қорына жолданатынын ескерген жөн.

3. Егер Сіз асырап алған баланың табиғи анасы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақы тағайындауға өтініш бермеген болса, онда Сіз бұл жәрдемақыны алуға құқылысыз және оның мөлшері:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 АЕК құрайды.

01.01.2014ж. бастап АЕК - 1852 теңгені құрайды.

Бұл жәрдемақыны тағайындау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе ЗТМО бөлімшесіне өтініш  бере аласыз.

4. Қордан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн ӘА жүргiзiлген және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына тағайындалады.

ӘТбк алуға құқық баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі - ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы айқындалады.

ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын 24-ке бөлу арқылы айқындалады.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Бұл ретте, ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

ӘТбк сомасынан зейнетақы жарналары ұсталынып, жинақтаушы зейнетақы қорына жолданатынын ескерген жөн.

ӘТбк көлемі Қорға нақты төленген ай сайынғы ӘА сомасына байланысты болады.

 

 

 

 

орын: «МӘСҚ» АҚ  А.Жумажанова

тел: 96 55 45

 

Сұрақтың нөмірі: 314725
7 қазан, 2014 - 18:09 өзгертілді

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 9-бабына сәйкес

       бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы ретінде  жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген санатқа жатқызылғанбыз.

Осыны растау үшін арнайы куәлік немесе басқа құжат берілеме?

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсіз бе!

 

Сіздің сауалыңызды мұқият қарап, келесіні хабарлаймын.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңымен (бұдан әрі - Заң)  белгіленеді.

Осы Заңның 10-бабына сәйкес соғысқа қатысушының, соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі анықтайды. Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдардың зейнеткерлік құжаттарына белгі соғылады.

Сондықтан, қазіргі кезде қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға куәліктер беру көзделмеген. 

 

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

Сәлеметсіз бе! Мен Хабиденова Гүлімжан ЖСН 860303400795 мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап декреттік демалыстамын.12 айлық есептеу бойынша орташа табыс сомасы жалпы 695266 теңгені көрсетіп отыр.Ал соц.отчисление  есептелгені 31291теңге, төленгені 32688 теңгені құрап отыр екен.Бұл  жұмыс орнымнан берілген анықтаманың көрсеткіштері.Сіздерден білгім келгені, маған жүктілігіме және босануыма байланысты әлеуметтік төлем осы көрсеткіштермен есептесек қанша теңге  келеді екен? Жауаптарыңызды асыға күтемін.Рахмет.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Гүлімжан!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА)(осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

Сіздің жағдайыңызда 2013 жылдың қыркүйек айы мен 2014 жылдың тамыз айларын қоса алғандағы аралықтағы 12 айға төленген ӘА есепке алынатынын ескертеміз.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

ӘТжб мөлшері ӘА есептеу объектісі ретінде есепке алынған ОАТ мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген ОАТ мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

ӘТжб мөлшеріне қатысты мәлімет құпия ақпарат болып табылады. Сондықтан нақты және толық ақпарат алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментіне немесе Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының өзіңіз тұратын жердегі бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет.

 Л. Хасенова 96 55 45

Сұрақтың нөмірі: 314132
25 қыркүйек, 2014 - 12:55 өзгертілді
Жауап: 

Жауабы.

 

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңымен реттеледі.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар - 5 процент мөлшерінде белгiленген.

Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі жөнінде толық ақпаратты жергілікті салық органдарынан алуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

?. Омирбекова А.Р.

Саламатсыздарма менің қойайын деген сұрағым менің әйелім 12 ай болды жұмыс істеп жатқанына 24 ай толмады әйелім босанды енді бала 1 жасқа толғанға дейінтөленетін жәрдемақы қалай есептеледі жоқ жұмыс істемейтіндермен бірдей жәрдемақы төленеді ма? Осы сұрақтың жауабын берсеңіздер.

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-2 бабына сәйкес бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлемдер (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына (бұдан әрі - Қор) Сіздің жолдасыңыздың жұмыс берушісінің ай сайын аударып отырған әлеуметтiк аударымдары (бұдан әрі - ӘА) негізінде айқындалады.

ӘТбк мөлшерi ӘА есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін (бұдан әрі - ОАТ) табысты ауыстыру коэффициентiне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК

мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

Қордан төленетiн ӘТбк құқық - баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап туындайды.

ӘТбк  мөлшерін есептеу кезінде ОАТ мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 24 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 24 бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ = ∑(АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24,

мұндағы: АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.

Яғни Сіздің жолдасыңыздың атына ӘТбк құқық туындаған айдың алдындағы соңғы аударылған ӘА саны 12 айға аударылған болса, ОАТ сомасы анықтау барысында  24 –ке бөлінеді.

ӘТбк сомасынан ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып  қалады және жинақтаушы зейнетақы қорына жолданады.

Бұл ретте, ӘТбк ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

 

 

орынд: «МӘСҚ» АҚ бас маманы А.Жумажанова 

тел: 96-55-45

Менің анам 6 баласымен көп балалы ана еді. Кіші сіңілім туғанынан инвалид болып туылды анам сіңілімді 14 жасқа дейін бағып қақты ал 2002 жылы қайтыс болды. Анам күміс алқаға құжатын тапсырғанда балаңыз тірі болу керек дейді. Сонда қалай болғаны ?

Жауап: 

 

Жауабы:

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 28-бабында, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiлетіні көрсетілген.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілікке хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 . Ергеш Е.

 

Салеметсыздер ме?Менің сіздерге қояр сұрағым менің анам 20 жылдан астам мектепте камту кызметкері болып жұмыс атқарды. Бырақ көпбалалы ана ретінде зейнеткерлікке жасынан ерте шығып қызыметің атқарып жүрді, енді міне жасы келіп зейнетке шығайын десе зейнеақысына ешқандай қосымша ақша қосылмайды дейді. Сонда анама еңбектік зейнетақы төленбейма?

Жауап: 

Жауап: Сіздің  сұрағыңызға байланысты келесіні хабарлаймыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен камсыздандыру құқығы барлық азаматтарға бірдей белгіленген, осыған орай барлық адамдар жалпыға бірдей негізде қамтамасыз етіледі. Зейнетақы мөлшерін белгілеу азаматтардың еңбек өтілі мен табыс мөлшеріне қарай жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңына сәйкес зейнетақы мөлшерін арттыру жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Сіздің анағызға көп бала туып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген үшін жеңілдік шартпен зейнетақы тағайындалған. Бұл ретте анағызға зейнетақы төлемі  жалпы зейнеткерлік жастан 5 жыл ерте тағайындалған. Осыған орай, зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 18 маусымда  № 841 Жарлығымен 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлаймыз.

Осы тұжырымдамадағы негізгі жаңа енгізулердің бірі базалық зейнетақы төлемді тағайындау тәртібін өзгерту болып табылады, ол азаматтар жалпыға ортақ белгіленген жасқа жеткен кезде, азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленеді.

Зейнетке шыққан азаматтар үшін қатысу өтілі есебімен зейнетақылық қамсыздандырудың ынтымақты және жинақ жүйелерінде біржолғы бастапқы зейнетақылық төлем төленеді.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем болатын адамдар үшін базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % мөлшерінде белгіленетін болады, базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 %-ға ұлғаяды және қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ең төмен күнкөріс деңгейінде белгіленеді.

Сонымен, енгізіліп отырған өзгерістер зейнеткерлер арасында кедейлікті азайтуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕӘҚКК сарапшысы  Ә.Аюпова

 

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші