A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба!Меним анам кант диабети.15 жылдан астам аурады.Казирги танда акем кайтыс болды,анам жумыс жасамайды.Уйде киши синилим бар,оган анам 11тг асыраушысынан айырылуна байланысты жардем акы алады.Анамнын жагдайы куннен кунге ауырлап барады канттын олшеми 25-27ти болып тур.Даригерлерге пенсияга шыгаруга усыныс жасасак-олар айтады пенсияга шыгу ушин ол адамнын бир мушеси кесилу керек дид.Сонда не адамды абден олуге 1куни калганда пенсияга шыгарама?Осы сурагымды карастырп берсениз.Рахмет.

Жауап: 

       «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің» 32 тармағына сәйкес, мүгедектік - организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы мен тіршілiк-тынысының шектелуiнің  (адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүріп-тұру, қарым-қатынас жасау, өзінің мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiмен айналысу қабілетiнен толық немесе iшiнара айрылуы) негізінде белгіленеді.

       Ереженің 7 тармағына сәйкес - Медициналық ұйымдар ауруды анықтап, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, егер жүргізілгеннен емнен кейін нәтиже болмай аурудың асқынуы болса, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

       Ал осы ереженің 8 тармағына сәйкес - Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды МӘС-ке жiберудiң уақтылылығы мен негізділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйымының басшысына жүктеледi деп көрсетілген.

          Сонымен қатар, Сіз анаңызбен, оның барлық медициналық құжаттарын алып тұратын жеріңіздегі бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптамасының бақылау және әдіснама бөліміне жолығып  толық мағлұмат алуыңызға болатынын хабарлаймыз.

        

 

 

 

        Сарапшы:  Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 260211
11 қыркүйек, 2012 - 09:36 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме, мен жалғыз басты анамын, екі балам бар. Бір ұл, бір қыз. Жасым 26-да. Мамандығым мұғалім, еңбек өтілім 7 жыл. Қолжетімді баспана бойынша пәтер алуға мүмкін дігім бар ма? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Қанша уақытта қол жеткізе аламын?

Жауап: 

Жоғарыда айтылған сұрақ Жергілікті атқарушы мекемелердің құзырына кіретіндіктен, Сізге жергілікті жеріңіз бойынша Әкімшілікке хабарласу қажет.

Сұрақтың нөмірі: 256180
7 маусым, 2012 - 14:33 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! Мен Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында 1981жылы туылғанмын. Биздің аудан Семей ядролық полигоны аумағына  минимальді радияциялық аймақа жатады. Осыны растайтын куәләгімде бар Сериасы ВК № 731353. Осы куәлікте жазылған, радиациялық аймақта тұрғандарға және тұратын адамдарға жеңілдіктер қарастырылған деп. Мен 2005 жылдан бері Алматы қаласында, мемлекеттік оқу орынында (ҚазҰТУ) қызмет істеймін. Менің сұрағым: неге мен куәлікте көрсетілгендей жеңілдіктерге қол жеткізе алмаймын? Неге Астана?

Жауап: 

Аталған сұрақ бойынша Сізге "Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері" бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 256012
6 маусым, 2012 - 12:19 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе!

Мен, Берік теміржолда қызмет жасадым. 3 дәрежелі мүгедек болғаннан кейін, мені жұмыс жасауға болмайды деп, медосмотрдан өткізбей, жұмыстан шығарып жіберді деуге болады. Сосын еңбек кітапшамды бермей қойды. Мен қайтып өз орныма теміржолға кіруіме талап ете алам ба? Менің білейін дегенім, 3 дәрежелі мүгедектерге теміржолда немесе мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасауға болмай ма?

Алдын-ала рахмет!

Жауап: 

Берілген сұрақ бойынша Сізге "Еңбек құқығы және жұмыспен қамту" бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 255769
30 мамыр, 2012 - 15:03 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Біздің алты баламыз бар.-(көп балалы анаға төленетін),(1 жасқа толғанға дейін берілетін ақшаны есептеп) ,Балаларға 18 жасқа дейін төленетін ақшаны, күйеуімнің зарплатасын қосқанда асып кетеді деп бермей отыр.Сонда 1 жасқа толғанша асыраушыға есептелетін ақша ол бір балаға емес пе?Ал қалған бес баланың өз әлеуметтік жәрдем ақысы неге есептелмейді.Рахмет!

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 618 теңгені құрайды.

Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесі бойынша отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:

1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;

4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

5) өзге де табыс.

Осыған орай, аталған мәселеңіз бойынша толық мәлімет алу үшін, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

Ирахметов С.

 

Сұрақтың нөмірі: 252895
28 сәуір, 2012 - 14:45 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Мемлекеттік    қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметік мекемеде жұмыс жасайтын палаталық-санитарка мен санитарка тазалаушы қандай міндетті жұмыс атқарады? Палаталық-санитарка  ауыр науқаста жатқан аурудың «суднасын» тазалайды, ал сол бөлменің туалет, ваннасын палаталық-санитарка тазалауға міндетті  ме ? Әлде туалет пен ваннаны санитарка-тазалаушы тазалауы керек пе? Жуатын көлеміне қарай жұмыс күндері коридор, баспалдақ, туалет, ванна т.т. санитарка-тазалаушы жуады. Сенбі, жексенбі күндері санитарка-тазалаушының міндетін палаталық санитаркаға жүктеуге бола ма?

Жауап: 

Берілген сұрақ бойынша Сізге "Еңбек төлемақысының әдіснамасы" бөліміне хабарласу қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме!

Сіздерге қояр сұрағым балаға бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақы жайлы. Заң бойынша ол қалай төленеді? Әйелім 2012 жылы қаңтарда босанды. Бірінші баламыз.

Менің әйелім 2010 жылы 8 ай, (еңбек ақысы 27 000 теңге), ал 2011 жылы 3 ай (еңбек ақысы 100 000 теңге) жұмыс істеген. 2011 жылдың қараша айынан бастап декреттік демалысына шықты. Ал қазір баланың бір жасқа дейін беретін жәрдемақысын шамамен 8 800 теңге алып отыр. Яғни жұмыс істемей үйде отырған әйелдің ай сайын бір жасқа дейінгі алатын жәрдемақы көлемімен тең алып отыр.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - ӘТбк) мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жұмыс берушіден түскен әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі – ӘА) негізінде (осы кезеңде ӘА үзіліс болуына қарамастан) анықталады. Қордан төленетін ӘТбк бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде ай сайынғы ӘА төленген орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады.

Бұл орайда, ӘТбк ең төменгі мөлшері осы тектес мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істемейтін әйелдерге бала санына орай бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс. Сондықтан, ӘТбк ең төменгі мөлшері бірінші балаға – 5,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) немесе 8 899 теңге (2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1 АЕК мөлшері 1 618 теңгені құрайды) көлемінен төмен болмайды.

Сіздің әйеліңіздің жағдайында, ӘТбк мөлшерін анықтау үшін баланың туылған күніне дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі, яғни 2010 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта Қорға ӘА төленген табыстарының жалпы сомасы 24-ке бөлініп, 40 пайызға көбейтілді. Осы аралықта әйеліңіз тек 11 ай жұмыс істегеніне байланысты, яғни міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің төмен болуына орай, есептеудің нәтижесі төмен болды. Осыған орай, ӘТбк Қордан бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде, яғни 8 899 теңге мөлшерінде тағайындалды. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі белгілі сақтандыру принциптеріне сәйкес құрылған. Сондықтан Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің сомасы жұмыс берушінің төлеген ӘА сомасы мен өтініш берушінің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтіліне сәйкес анықталады. Осыған орай, Сіздің әйеліңізге Қордан тағайындалған ӘТбк сомасы ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталды.

орынд.: "МӘСҚ" АҚ

Сұрақтың нөмірі: 252793
9 сәуір, 2012 - 09:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Менің әкем - Джаныспаев Сапарбек 91 жаста, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылындағы жалғыз соғыс ардагері. Анам осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған, мен әкемнің жалғыз қызымын, менімен бірге тұрады. 2009 жылы көзі көрмей құлағы естімей  және жүрмейді қалды.

Тамақ ішкенде көтеріп апарамыз, моншаға апару тіптен қиын.

Жауап: 

Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша, Ұлы Отан соғысының (әрі - ҰОС) ардагері Джаныспаев Сапарбек          2011 жылдың 14 желтоқсанынан қол-арба алуға есепте тұр екен және басқадай сұраныстар жасамаған.

 Ал, 2011 жылы 9 мамыр айында ҰОС 66 жылдық Жеңіс күнін атап өту мерекесінде Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атынан 3 000 теңге көлемінде сыйақы берілген.

Бүгінгі күні, аз. С. Джаныспаев Бесқайнар селолық округі мамандарының тұрақты назарында.

 

Орынд. Айдарова Г.

 

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе?

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №414-1 заңының 6 бабының 1-1 тармағында: "Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің №2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстар да 1998 жылғы 1 қарңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдем ақы 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады" деп көрсетілген.

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 13 шілдедегі № 414-I (“Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы”) Заңы негізінде қолданылатын нормативтік-құқықтық акт 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 қабылдынған ҚР Үкіметінің Қаулысы (“Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы”) болып табылады.

Сіздің (екі рет жолдап отырған) 2-ші тізімге қатысты сауалдарыңызға толық жауап алу үшін (сондай-ақ қажет ететін құжаттар тізімін алу үшін) аумақтық әлеуметтік қорғау органына (Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне) немесе жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік Орталықтың бөлімшесіне баруыңыз қажет екенін хабарлаймыз.

орын. Омирбекова А.Р.

 

Сұрақтың нөмірі: 252614
11 сәуір, 2012 - 10:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма?

Ата-анасынан айырылған балаларға тиісті жәрдемақы алу үшін қай жерге жолығып, қандай құжаттар дайындау қажет? Бұған дейін балалар тек асыраушысынан (әкесінің қайтыс болғаны үшін) айырылған ретінде жәрдемақы алып жүрді, өкінішке орай қазір балалар аналарынан дай айырылып қалды. 

Аудандық қорғаншылық органы арқылы қорғаншы тағайындалды.

РАХМЕТ!

Жауап: 

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы (жәрдемақы), асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiне тағайындалады.

Ал, ата-анасының екеуiнен де айрылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне (асырап алушыға, қамқоршысына) тағайындалып  төленедi.

Бұл жәрдемақыға құқы бар азаматтар талап етілген құжаттарымен  қоса тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына өтініш берулері  қажет.

Жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін құжаттар:

         1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

         2) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат ;

3) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк шотының нөмiрi туралы мәлiметтер;    

4) асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;

         5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшiрмесi;

         6) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;

         7) 18 бен 23 жас аралығындағы балаларға күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының  анықтамасы.

 

 

 Сарапшы Айтанаева С.Е.

     

 

Сұрақтың нөмірі: 251805
12 наурыз, 2012 - 16:51 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші