A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

          Сәлеметсізбе! Мен Оразмағанбетова Айнұр Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының тұрғынымын. Өздігінен қозғалып жүріп тұра алмайтын, 1- топқа тағайындалған мүгедекпін.  Ұялы телефон: 8701 464 66 14; 8 ( 72 935 ) 25 4 35.  Мен сізге төмендегі екі сұрақты  жолдап отырмын. Жауап берулеріңізді өтінемін.   

Жауап: 

Жауап:

 

Құрметті Айнұр Отарбайқызы!

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды санаторий-курорттық емдеу жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс нәтижесінде анықталған субъектіде (санаторийде) жүзеге асырылады.

Осыған орай, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы санаторий-курорттық емделуді ұйымдастыру қызметін көрсету бойынша ашық конкурс жеңімпаздарының бірі болып табылған Бурабай аумағындағы «Орленок» шипажайының конкурстық өтінім барысында тапсырған құжаттары конкурс талаптарына сай рәсімделген. Аталған шипажайдың конкурстық құжаттарында мүгедектердің кедергісіз жүріп-тұруы үшін барлық-жағдайлардың жасалғандығы, яғни арнайы пандустармен, лифтілермен қамтамасыз етілгендігі көрсетілген.

Сонымен қатар, Сіз жеке оңалту бағдарламасы негізінде санаторий-курорттық сауықтырумен жыл сайын қамтамасыз етіп отырсыз. Өкінішке орай, қолданыстағы заңнамаларда санаторий-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілетін бірінші топтағы мүгедектерге ілесіп жүрушілерге қосымша әлеуметтік көмек қарастырылмаған.

Дегенмен, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

Орындаған: Ирахметов Самат

 

Сұрақ тақырыбы: 

Мен, Керимкулова Балзира Абилдабековна, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе елді мекенінің  Астана көшесі № 7 үйдің тұрғыны, жалғызбасты І топ мүгедегімін.

Жауап: 

Жауап:  Сәлеметсізбе Балзира Абилдабековна!

 

Сіздің хатта көтерген мәселеңіз жергiлiктi атқарушы органдар арқылы жүргізілетіні ескеріліп, Оңтүстік облысының әкімдігіне (бұдан әрі - Әкімдік) тиістілігі бойынша қарауына жолданып ақпарат алынды.

Әкімдіктің (2015 жылғы 24 сәуірдегі № 669 хаты) ақпараты бойынша, Тұлкібас аудандық мәслихатының  2013 жылғы 21 тамыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың  қағидасын бекіту туралы» №18/4-05 шешімімен бекітілген қағидасында жалғызбасты мүгедектердің тұрғын үйін жөндеуге бір жолғы материалдық көмек беріледі делінген.

Осыған сәйкес, Сізге тұрғын үйіңізді күрделі жөндеуге 2013 жылы 40 000 теңге және ағымдағы жылы 150 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған қағидаға сәйкес, Сіздің жазғы асханыңызбен автогаражыңызды жөндеуге сұраған бір жолғы материалдық көмек көрсету қанағаттандырылмағаны туралы хабарланды.

 

К. Суханова

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме, менің бұрынғы сыныптасым бүгінде мүгедек (есту қабілеті нашар) болуына байланысты несие ала алмайтынына және аз жәрдемақының жетпеуіне байланысты, жұмысқа шығып, мүгедектіктен өз еркім заң жүзінде қалай бас тартуға болатынын білсем дейді, Ресейде сондай заң бар екен ал  Қазақстанда жеке тұлғаларға осындай мүмкіншіліктер қарастырылған ба?

Жауап: 

     Жауап

 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің   Еңбек,   әлеуметтік    қорғау   және    көші - қон      комитеті      мүгедектік топтан өз еркім заң жүзінде бас тарту туралы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 771 қаулысымен бекітілген «Медико-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне» сәйкес Мүгедектерді және еңбек қабілетінен ерте айырылған азаматтардың мүгедіктігін  қайта қарау келесідей жағдайларда орындалады: денсаулық жағдайды нашарлауына байланысты, мүгедектік себебінің өзгеруі мақсатында, қаралушы азаматтың өтініші негізінде, бірақ қойылған мерзімнің бітуіне 2 ай уақыт ішінде, МӘС бөлімінің эксперттік шешімімен бақылау жүргізілу жағдайында, эксперттік шешіммен сәйкес келмейтін, күдік туғызатын құжаттардың болуы тіркелген жағдайларда мүгедектікті қайта қарауға шешім шығарылады.

Егер аталған жағдайлар болмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сіз  сотқа шағымдана аласыз.

 Өкінішке орай, аты – жөніңіз және мекен – жайыңыз  туралы толық мәліметтің жоқтығына байланысты,  Сіздің сұрағыңыз бойынша толық жауап беру мүмкіншілігі болмай отыр.

          Сол себебтен,  көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті  Еңбек,  әлеуметтік қорғау және көші-қон  Комитеті  департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.

 

бас сарапшы Сәрсембаева К.Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 325301
10 сәуір, 2015 - 16:33 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздарма!

Менім сұрағым мына төмендегіше:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 қазан 2011 жылғы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» №1222 Қаулысының №3 қосымшасымен бекітілген штаттық кесте бойынша қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне 1 бірлік дәрігер психотерапевт қызметі қаралған.

Жауап: 

Жауап:

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы»  қаулысының 8 бөлімінің 63 тармағына сәйкес стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штат санын уәкілетті орган не құрылтайшы қажеттіліктер мен бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, осы стандартқа 3-қосымшада көзделген көлемнен кем емес көлемде бекітеді.

         Осыған байланысты,  жұмыс беруші  жұмыстардың  нақты қажеттілігі мен  көлемін  ескере отырып,  еңбекақы қоры шегінде қызметкерлердің  штат санын дербес реттей алады.

        

 

Согласно пункту 63 раздела 8 ППРК от 28.10.2011г. № 1222 «Об утверждении стандартов оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения»  штатные нормативы персонала организации стационарного типа утверждаются уполномоченным органом или учредителем с учетом потребностей и возможностей бюджета в объеме, не менее предусмотренного приложением 3 к настоящему стандарту.
         В этой связи, в пределах фонда оплаты труда работодатель может самостоятельно регулировать штатную численность с учетом фактических потребностей и объемов работ.

Исп.: Н.Б. Батыршаева 74 35 15

Сұрақтың нөмірі: 322893
16 наурыз, 2015 - 18:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
  1. Қ Р Үкіметінің "Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы" 28 қазан 2011 жылғы №1222 қаулысының "халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына" №3 қосымшасының 73 тармағына сәйкес "Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсету жөніндегі персоналдық штаттық нормативтері" еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы 1 бейінге 1 бірлік (бейін кемінде 6 қызмет алушыны оқытқанда қалыптастырылады) деп көрсетілген. 
Жауап: 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық  жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысымен бекітілген)  стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері көрсетілген.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар өз бетінше жергілікті бюджет қаражаты есебіне сүйене отырып, штаттық нормативтерде көрсетілген лауазымдарды көбейтуге  немесе еңбекақы төлеу қоры шеңберінде бекітілген лауазымдарды өзара ауыстыруға  құқылы.

 

Орынд. Ш.Олжабаева

74-33-50

 

 

Сұрақтың нөмірі: 322427
11 наурыз, 2015 - 19:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! мен батыс казакстан орал каласынан жазып отырмын.Кызым Умирханова Акбота Темирхановна бес жаста мугедек  кулагы естимейди,диогниз:нейросенсорный тугаухость 3-4 степен .Менин кызымнын кулагы слухавой апаратпен естейди. Жана жана тили шыгып сойлеп келе жатыр. Логапедпен, дефиктологпен, соц педогогпен, сурдопедагок жумыс жасаймыз. Есту кабылетын дамыту ушин егер мумкиндик болып жатса бизге Алеуметтик кордан  видеокомпьютер керек еди.

Жауап: 

Жауап:

Сіздің сауалыңызды мұхият қарап, келесіні хабараймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектердің оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды. 

ОЖБ-ға сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған тізім және тәртіп бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса, мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, ымдау тілінің маманы, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі.

Мүгедектерді жоғарыда аталған оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етудің тәртібі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысында айқындалған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары өз құзыреті мен құқықтары шегінде тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорлардың қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар  белгілей алады. 

Сонымен бірге, облыс, қала және аудан  әкімдері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»  Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз құзыреті шегінде тағайындайды.

Осыған орай, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарына хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

 

 

Сұрақтың нөмірі: 321440
6 ақпан, 2015 - 11:40 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

4 жасар баланын 1кулагынын сырткы калканы жок, бала ести алады. Мектептеги шагын орталыгына келуге балалар мазактайды деп келуге уялады. Баланын акеси жок. Осы балага тегiн ота жасауга Казакстанда мумкиндик барма? Бар болса ол ушiн не iстеу керек. Бул бала мугедектiк жардемакы ала алама?

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 321294
28 қаңтар, 2015 - 16:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салематсыздар ма?! Менин аты-жоним Ордабаева Нургуль Сатибалдиевна. 11.06.2012жылы туылган кызым Абуталипова Перизат Айболкызы туылганнан гиршпрунг тоталдык туримен ауырган болатын. 2 операциядан отип казир стомасы жабылып ток ишеги алынып тасталган болатын. Казирде улы даретке жии отырады. Кунине 8-9памперс кетеди. Жолдасым жумыссыз, озим бала кутиминдемин. Соган байланысты укимет тарапынан тегин подгузник бериледи ме?Бала жастан мугедек справкасын алдык. Собес берилмейтинин тек ДЦПмен ауыратындарга берилетинин айтты. Назар койганынызга коп рахмет.

Жауап: 

Сәламатсыз ба құрметті Нургуль Сатибалдиевна!

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысына сәйкес қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.  

Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға белгіленген мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана; 2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана;  3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана. 

Осыған байланысты I және II топтағы мүгедек адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жергілікті жердің атқарушы органдарымен белгіленген мірізіміне  байланысты жүзеге  асырылады, бұдан басқа  протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады

Орынд: Ирахметов Самат

Сұрақтың нөмірі: 318288
29 желтоқсан, 2014 - 11:25 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Здравствуйте уважаемая Министр. Я пишу Вам с Жамбылской области с села Андас батыр Меркенского района. Зовут меня Етикбаев Муратбек Сасыкбаевич, 1957 года рождения. У меня с 1997 года стоит диагноз Эритромия 2 - стадии. С 1997 года по 2005 годы состоял на учете во ВТЭКе. В 2005 году сняли с учета так как в составе комиссии не участвует врач гематолог. И серьезность моей болезни они не ощущают. Лечащии меня врач неоднократно направлял меня на ВТЭК. Но, они отказывают восстановить мне инвалидность. У меня амбулаторное лечение. Принимаю лекарства Гидрея, Индрон, Аллопуринол.

Жауап: 

Для получения информации по Вашему вопросу Вам необходимо задать вопрос в разделе «Информация по гарантированному объему бесплатной медицинской помощи».

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 317059
19 қараша, 2014 - 19:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қызым 2008 жылы туылды.2009жылдың 14 қыркүйегінен бастап науқастығына байланысты бала жастан мүгедектік алды. Дерттемесі: Ганглионейробластома передне верхн.средостени. 2010жылы ақпан айында ота жасалды. 6ай сайын тексеруден өтіп тұрамық. Енді 3ай сайын өтесіңдер деп отыр. Қазіргі таңдағы дерттемесі: Ганглионейробластома,энурез,касаглазие,оң жақ шаб жарығы, сол жақ шаб жарығна 2013 жылы мамыр айында ота жасаттық.Сіздерден сұрарым, мүгедектік мерзімі бітті, 5жыл өтті деп ұзартпай отыр. Осы дұрыспа?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің (бұдан әрі – МӘС) сараптамалық қорытындысы медициналық айғақтар негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесінің кешенді бағасына орай шығарылады.

        Сонымен қатар, куәландырылған адам МӘС бөлімінің сараптамалық қортындысымен келіспеген жағдайда, куәландырылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне шағымдануға болады.

       Сіздің қызыңыздың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы туралы ақпараттар болмағандықтан, МӘС бөлімінің сараптамалық шешімінің дұрыстығын тексеру мүмкін болмай отыр.

       Осыған орай, Сізге толық жан-жақты ақпарат алу үшін  тұратын мекеніңіз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаментінің МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолығуыңыз қажет.

        

ЕӘҚКҚК сарапшысы: Кемерова А.

Сұрақтың нөмірі: 316836
24 қараша, 2014 - 18:41 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші