A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?

мен, Тұрысбекова Айнұр Бектұрсынқызы, төмендегі сұрақтарға жауап іздеймін.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Айнұр Бектұрсынқызы!

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы

1.                 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша  және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне бір уақытта мүгедектігі бойынша  немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарға негіздеме бойынша бір әлеуметтік төлем төленеді.

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 4 балаға төленетін жәрдемақы мөлшері 31 347 теңгені құрайды.

2.                    Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта және жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде, жиырма үш жасқа толғанға дейін, көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қарастырылған (Негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы).

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған жәрдемақы мөлшері 7 705 теңгені құрайды.

3. Сонымен қатар, бүгінгі күні балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасқан. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:

- бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

-  бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақы төлемдері қаралған.

Аталған жәрдемақылар тек баланың бір жасқа толғанына дейін төленетінің хабарлаймыз.

Сізге жәрдемақылырыңыздың тағайындау туралы толық танысып кеңес алу үшін Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңыз қажет.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын.: БӘҚК сарапшысы К. Суханова 

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?

мен, Тұрысбекова Айнұр Бектұрсынқызы, төмендегі сұрақтарға жауап іздеймін.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Айнұр Бектұрсынқызы!

Әлеуметтік қамсыздандыру туралы

1.                 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша  және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар төленеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне бір уақытта мүгедектігі бойынша  немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарға негіздеме бойынша бір әлеуметтік төлем төленеді.

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап 4 балаға төленетін жәрдемақы мөлшері 31 347 теңгені құрайды.

2.                    Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта және жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде, жиырма үш жасқа толғанға дейін, көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қарастырылған (Негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы).

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған жәрдемақы мөлшері 7 705 теңгені құрайды.

3. Сонымен қатар, бүгінгі күні балалы отбасыларды қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасқан. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:

- бала тууына байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

-  бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін жәрдемақы төлемдері қаралған.

Аталған жәрдемақылар тек баланың бір жасқа толғанына дейін төленетінің хабарлаймыз.

Сізге жәрдемақылырыңыздың тағайындау туралы толық танысып кеңес алу үшін Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңыз қажет.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын.: БӘҚК сарапшысы К. Суханова 

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе! Мен қояйын деген сұрағымды нақты қай сұрақ тақырыбына жатқызарымды білмедім. Мен  өмірлікке тағайындалған 1 топ мүгедегі, коляскада болғандықтан, маған өз ас үйімдегі асүйлік гарнитур мен ас үйдегі газ пешінде тағам дайындап, асүйдің тірліктерімен айналысу өте қиын. Асүйлік гарнитур мен газ пешіне коляскадағы бойым жетпейді. Арнайы коляскадағы мүгедектерге арналған асүйлік гарнитур мен газ пешінің болатындығын интернеттен көргенмін. Арнайы мүгедектерге арналған асүйлік гарнитур мен газ пешін Қазақстан ішінен сатып алуға болады ма?

Жауап: 

Сәламатсыз ба құрметті Өтініш иесі!

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған байланысты, Сіз өзіңіз туралы толық ақпаратты ұсынбағандықтан (Т.А.Ж., анық мекенжай), көтеріліп отырған сұрақ бойынша толық түсініктеме беру және ақпарат дайындау мүмкін емес.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын.: БӘҚК сарапшысы Ирахметов С.

Сұрақтың нөмірі: 310193
17 шілде, 2014 - 16:53 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн! Менің сұрағым, мен Семей ядролық сынақ полигоны зардабынан 3 топтағы мүгедекпін, өткен жылдары Семей қаласында тұрғанда маған зейнетақыға қосымша комуналдық төлемдер үшін ай сайын қаражат берілетін, қазір Астана қаласының тұрғынымын, Астана бойынша маған қандайда бір қосымша көмек немесе қаражат төленеме? Рахмет.

Жауап: 

«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 387/51-IV Шешімі сәйкес, тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтарға осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, коммуналдық және өзге де қызметтердің құнын төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (бұдан әрi – өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына хабарласады және белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң үлгісін алады.

Басқарма құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

Осыған орай, осы мәселермен Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімшілікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына хабарласуыңызға болады

 

Сина Ж. 

Сұрақтың нөмірі: 309209
20 маусым, 2014 - 19:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

менің 14 жасар қызымның диогнозы "Деформация верхней челюсти,деформация носа после хейлопластики слева,Остаточный дефект передного отдела альвеолярного отроска слева и твердого неба,Состояние после хейло-ураностафиллопластики".Таңдайындағы тесігі әлі бітпеген ,тағы да ота жасалу қажет.Сөйлеуі түсініксіз.Осы диогнозбен туғаннан бастап ІІІ топтағы мүгедектік жәрдемақы алып отырды.2014жылдың 1 сәуірден бастап жәрдемақы тоқтатылды.Осы қаншалықты заңды?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысы, медициналық айғақтар негізінде ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін бағалай отырып шығарылады.

       Сонымен қатар, куәландырылған адам МӘС бөлімінің сараптамалық қортындысымен келіспеген жағдайда, куәландырылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне шағымдануға болады.

       Сіздің қызыңыздың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы туралы ақпараттар болмағандықтан, МӘС бөлімінің сараптамалық шешімінің дұрыстығын тексеру мүмкін болмай отыр.

       Осыған орай, Сізге толық объективті ақпарат алу үшін  тұратын мекеніңіз бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолығуыңыз қажет.

 

БӘҚК сарапшысы: Кемерова А.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыздар ма! мен 4 баламды 2013 жылдың 8 қазанында босанғам. осы сәуір айынан бастап 3 жасқа дейін төленетін жәрдем ақы шығыпты. менің балам осы 3 жасқа дейін төленетін жәрдем ақыға ілінеді ма жоқ 1 жасқа дейінг ғана алады ма?

екінші сұрақ 4 балалы аналарға қандай көмектер бар соларға жауап берсеніздер рахмет

Жауап: 

Бірінші сұрағыңызға қатысты

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі (әрі қарай - Заң).

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері

1. 1 сәуір 2014 жылдан бастап бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы – 31,40 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 52,35 АЕК.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

2014 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші балаға – 5,76 АЕК, екінші балаға - 6,81 АЕК, үшінші балаға – 7,85 АЕК,  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК.

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақының төлеу мерзімін 3 жасқа дейін төлеу қарастырылмаған.

          Екінші сұрағыңызға қатысты

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көп балалы отбасыларға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшері 1 сәуір 2014 жылдан бастап 4,16 айлық есептік көрсеткіш немесе 7 705 теңге мөлшерін құрап отыр.

Сонымен қатар, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1,05 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 945 теңгені құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстар, қалалар мен аудандардың әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті бюджеттердің қаражатынан азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын белгілеуге құқылы.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр алуан түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүружәне тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

БӘҚК Сарапшысы Е.Ергеш

Сұрақтың нөмірі: 305718
18 сәуір, 2014 - 09:52 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме, ауылды жерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға берілетін несиеге(кредит) қалай қол жеткізуге болады?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында шағын несие берілуде. Аталмыш іс-шараның  басты мақсаты шағын несие беру арқылы елдің экономикалық белсенділігін арттыру және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, шағын несие аумақтық уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті ұйым талабына сәйкес құжаттар тапсырылғанда 5 жылға 3000000 теңгеге дейін ұсынылады.

Шағын несие жылжымайтын мүлік алуға, тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.

 Аталмыш шағын несиеге қатысты қосымша ақпараттарды алу үшін тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына жолығуыңызға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

       Орын.: БӘҚК сарапшысы Елдесов А.

Сұрақтың нөмірі: 305567
16 сәуір, 2014 - 17:20 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?  Мен  Қарағанды облысы , Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінің тұрғынымын. 02.07.2013ж  үшінші баламды  босандым. Бала тууға байланысты  1 рет төленетін жәрдемақыны алдым.  Өзім мектепте  оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек еттім. Қазіргі уақытта  декреттік демалыстамын. Басында  құжаттардың  дұрыс рәсімделмеуі себебінен  балам қазір 8 айдан асса да  бала күтіміне байланысты          1 жасқа дейін төленетін  жәрдемақыны әлі күнге ала алмай отырмын. Енді 3,5 айдан кейін балам 1 жасқа толады.

Жауап: 

Қазіргі кезде, әлеуметтік қорғау жүесінде, Республиқалық бюджетінен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі – Қор) каржыландырылатын, баланың 1 жасқа толғанша төленетін әлеуметтік кепілдер қарастырылған.

Балаларға арналған, Республиқалық бюджеттен немесе Қордан әлеуметтік жәрдемақы балаңыздың туылған күнен бастап 1 жасқа толғанша төленеді.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны немесе әлеуметтік төлемді (әлеуметтік төлем – сақтандыру жүйесінің қатысушыларына қатысы) тағайындауға өтініш жасау мерзімдері бала туған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

Осыған орай, бала бір жасқа толмастан бұрын жәрдемақы тағайындауға керекті құжаттарыңызды жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне тапсыруыңыз қажет.

 

 

Орын.: Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 304522
1 сәуір, 2014 - 20:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жүкті әйелдерге қандай  тегін қызметтер және тегін дәрі-дәрмектер берілуі тиіс?

Жауап: 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында халыққа көрсетілетін (әлеуметтік төлемдерді тағайындау, төлеу т.б.) қызметтер түрі тегін көрсетіледі.

Ал, тегін медициналық қызмет көрсету немесе дәрі-дәрмектер тегін беру мәселесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына жатпайды.

Осыған байланысты, медициналық қызмет көрсету сауалыңыз бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Эксперт  БӘҚК Омирбекова А.Р.

Сұрақтың нөмірі: 304457
2 сәуір, 2014 - 16:02 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Мен Каракозов Улугбек Хамдамович. Түркістан қаласының тұрғынымын.

Жауап: 

 Құрметті Улугбек Хамдамович

 

Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді. Мүгедектікті белгілеу медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі бойынша жүргізіледі

        Сіздің  балаңыздын медициналық ұйымынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жолдамасы болмағандықтан, мүгедектік белгілеуі заңға сәйкес  қарастырылмайды.

       Сонымен қатар, көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және    әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде балаңыздын кұжаттарын апарып, кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.                         

 

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің       Бақылау     және     әлеуметтік     қорғау            Комитетінің  Бас сарапшысы Сәрсембаева Қ.Ж.

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 304158
18 наурыз, 2014 - 12:14 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші